Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін, жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30
Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым – айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы (1-тоқсан)