Тапсырма 1. Мәтінді тыңдап, онда көтерілген басты мәселені өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
2. Мәтіннен автордың көзқарасын білдіретін ақапаратты табыңыз және себебін түсіндіріңіз.
[10]
1-мәтін
Қазақ ғылыми фантастикасы әуелі жұртшылықты ғылым негіздерімен танысуға шақыруы
тиіс. Ондай ғылым насихаткер табылды. Ол - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Алғашқы жолы:
«Мен адамның таппаймын өнерлісін…» деген өлеңінде «…Іш жарып, ішек жалғап, сүйек
қиып, Жамайды ерін, мұрын, түскен тісін. Аэроплан, телефон, громофон, электр, радий мен
магнит ісін…» – дейді. Осы жерде ақын Шәкәрім ғылым мен техниканың өткен
ғасырымыздың жаңа жетістіктерінің, өзіне салса, танымгері. Оқырманға салса – өлең тілімен
жырлаған тәлімгер міндетін атқарып тұрған секілді. Иә, «секілді» емес, шынында солай.
Жоғарыдағы төрт жолда ғылыми фантастика элементтері ұшырасады. Мысалы: ол жылдары
медицинаның ортопедия саласында «ішек жалғау», «ерін, мұрын жамау» секілді
пластикалық операциялар жасала қоймаған-ды. Оны автордың қайдан ойлап тауып жүргені?
Демек, бұл өлең жолдары – ғылыми-фантастиканың еншісіндегі атрибуттар.
Тағы бір жағынан алып қарасақ:
Осыншама өнер тауып, асқан адам,
Әлемнің қиын сырын ашқан адам.
Ол үшін өмірге де айла табар,
Өлмей, жетер бірталай жасқа да адам!.. Бұл – кәдімгі кісі ағзасының белсенділігін мейлінше
ұзарта түсу амалын қарастыратын медицина саласы – геронтология.
Шәкәрім болса, «кісі мәңгілік жасауы тиіс» демейді. Тек қана «өлмей, жетер бірталай жасқа
да» дейді. Автордың өз заманынан едәуір озушылығы бар.
2-мәтін
– Қазақ халқының ауыз әдебиетіне зер салар болсақ, фантастикалық шығармалардың ертеден
қалыптасқанын байқаймыз. Халық ауыз әдебиетінің негізгі бір саласы болған қиял-ғажайып
ертегілер біздің ертедегі төл фантастикалық әдебиетіміз болып есептеледі. «Ағаш ат»,
«Ұшқыш кілем», «Ұр тоқпақ», «Алтын сақа» секілді ертегілер мен батырлар жырлары -
фантастикалық әдебиетіміздің мол табысы. «Ұшқыш кілем», «Айыртөс батыр» ертегілері
бірнеше ғасыр бұрын туса да, халықтың ұшуды аңсаған, әртүрлі амал-тәсіл арқылы
табиғатты өзгертсек деген қиялынан туған. «Ысты тас» деген ертегіде ханның қойшысы,
кедейдің баласы кәсіп іздеп алыс сапарға жол алады, айдаһарға кездеседі, оны өлімнен
құтқарады. Айдаһар жігітке сыйлық деп кішкене тас береді. Атын «Ысты тас» дейді. Осы
кішкене киелі тастың қойшы жігітке көп көмегі тиеді, оқиғалардың бәрінде «Ұшқыш кілем»
тәрізді фантастикалық оқиғалар араласып отырады.
Қытайдың ертедегі әдеби шығармаларының ішінен «Үш патшалық қиссасы», «Су бойында»,
«Батысқа сапар», «Қызыл сарай түсі» сынды төрт романның атағы әлемге тараған. Әйгілі
жазушы У Шыңынды жазған «Батысқа саяхат» атты романы әдеттегі романдарға ұқсамайды,
ол фантастикалық қызықты оқиғалар арқылы оқырмандарын қазірге дейін баурап келеді.
Романда Сун Укүңның будда кітаптарын алып келу үшін 81 бөгетті бұзып, қатерден өткен
оқиғасы фантастикалық суреттеу тәсілімен жазылады.
Кез келген ұлттың ауыз әдебиетінен халық парасатының ұлы кемеңгерлігін байқауға
болады.