«Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
11.2.7.1
11.3.4.1
11.4.5.1
БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми
еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау,
дәйексөз келтіру жолдарын білу
қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген
мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу
(дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс
белгілерін қолдана білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Дереккөзден алған деректер мен дәйексөздерге сілтеме жасап
қолданады
Қажетті ақпаратты қолданып, көтерілген мәселе бойынша
аргументативті эссе жазады
Мәтін деңгейінде тыныс белгілерін дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары ойлау деңгейлері
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді оқыңыз.
«Еңбек нарығына сай мамандық таңдау маңызды» тақырыбында өз
ойыңызды білдіру үшін мәтіннен қажетті дәйексөздер мен деректерді іріктеңіз.
Мамандықтар мазмұны өзгеруде
Елімізде сұранысқа ие мамандықтар тізімі өзгерді. Жастар жұмыссыз қалмаудың
қамына кірісті! Елімізде сұранысқа ие мамандықтар тізімі түбегейлі өзгерді. Абитуриенттер
бұрын көштің басын бермей келген заңгер, есепші қызметтерінен бас тартып, көлік
жөндеуші, дәнекерлеуші, электрик мамандықтарын таңдауға кіріскен. Бұл біз үшін
қуантарлық жағдай. Өйткені елімізде дәл осы салалардағы кәсіби кадрлар тапшы. Ал
таңдауы кеңседе отыратын «таза» қызметке түскендердің жұмыс таппай тентіреп
жүргендерін абитуриенттер түсінсе керек.
Таңнан кешке дейін кеңседе отыру енді сәнде емес. Биылғы сұранысқа ие мамандықтар
тізімі соның дәлелі. Бұрын көштің басын құқықтану, есеп және аудит мамандықтары бермей
келсе, қазір «тазадан» гөрі «қара» жұмысқа қызығушылық артқан.
Бірінші орында емдеу ісі мен бастауыш сыныптарға білім беру қызметтері тұр.
Құқықтану үздік үштікке кіргенімен, оны таңдаған жастар 5 жыл бұрынғы көрсеткішке
қарағанда 2 есеге азайған. Есеп және аудит саласы бойынша да жағдай осындай. Ал
автокөліктерге қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы сұранысқа ие бестікке
еніп, аналитиктердің өзін таң қалдырып отыр. Оның оқуына 10 мың талапкер түскен.
Машина жөндеуші болуды жөн көргендердің бірі – алматылық Еламан Әбінәлі. Жаны
қалаған істің қыр-сырын меңгеріп алған соң, ол өзінің көлік жөндеу орталығын ашпақ. 2-
курс студенті мамандық таңдауда қателеспегеніне сенімді.
Достарыңызбен бөлісу: |