«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата15.12.2019
өлшемі0,58 Mb.
#53623
1   2   3   4
Байланысты:
1 ОШ СОЧ Казахский язык ЕМН 10 класс каз


Оқылым  

 

№ 

Жауап 

Балл 

В 





Ықтимал жауап 

А  мәтінінің  аудиториясы  –  жалпы  көпшілік,  себебі  тілі 

барлық адамға түсінікті, қарапайым. 

Ә  мәтінінің  аудиториясы  –  ғалымдар,  саясаткерлер, 

политологтер  болуы  мүмкін,  себебі  тілі  ғылыми  стильде, 

арнайы лексика қолданылған.  



Ықтимал жауап 

А  мәтінінде  мәтін  құрылымы  сақталмаған.  Тек  айтушының 

ойы берілген. Ә мәтіні құрылымы толық сақталмаған мәтін, 

себебі кіріспе, негізгі бөлімдерден ғана тұрады. 

А  мәтіні  көпшілік  ауызекі  стильде  жазылған.  Риторикалық 

сауалдар мен қыстырма сөздер, көзқарастар көп кездеседі. Ә 

мәтіні  ғылыми  стильде  жазылған.  Тіл  нормасы  қатаң 

сақталған,  ауыспалы  мағынадағы  сөздер  жоқ,  дәлелдеулер 

мен нақты зертеулер нәтижесі берілген.  



А мәтініндегі автордың мақсаты – ұлттық құндылықтар мен 

мәдениетті, тілді сақтау үшін халыққа үндеу, үгіт-насихат.  

Ә  мәтініндегі  автордың  мақсаты  –  «жаһандану»  ұғымына 

түсінік беру, дұрыс түсінік қалыптастыру.  



Жоғары деңгей дағдыларына сәйкес екі сұрақ құрастыруыж 



және оқушының жеке көзқарасы бағаланады. 



Барлығы  



10 

 

 



 

33 

Жазылым  

 

№ 

Балл 

Сипаттамасы 

9-10 



Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  көркем  тіл 

құралдары  орынды  қолданылған.  Ойын  еркін  әрі  толық 

жеткізеді,  күрделі  әсерлерді  жеткізе  алады,  техникалық 

қателерді жібермейді.  

7-8 

Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  тіл  құралдары 



үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі 

тиісті  әсерді  береді,  жіберілген  кейбір  техникалық  қателер 

түсінуді қиындатпайды.  

5-6 


Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  кейбір  сипаттау 

құралдары  қолданылған.  Ойын  анық  білдіреді,  бірақ  бір 

сарыннан  шықпайды,  техникалық  қателер  (мәтіндегі 

сөздердің  байланысу  түрлерінің  дұрыс  қолданылмауы, 

шақтардың,  бастауыш  пен  етістіктердің  ұйқаспауы, 

орфографиялық  қателер,  пунктуацияның  жоқтығы)  жалпы 

әсерді бұзады.  

3-4 


Құрылымы  жүйесіз  немесе  анық  емес,  нақты  суреттеу  мен 

қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.  

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі 

техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс 

қолданылмауы,  шақтардың,  бастауыш  пен  етістіктердің 

ұйқаспауы, 

орфографиялық 

қателер, 

пунктуацияның 

жоқтығы) жібереді.  

1-2 

Көркем  тіл  құралдары  аз  қолданылған  немесе  мүлдем 



қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және 

құрылымдық  қателер  (сөздердің  байланысу  түрлерінің 

дұрыс 

қолданылмауы, 



шақтардың, 

бастауыш 

пен 

етістіктердің 



ұйқаспауы, 

орфографиялық 

қателер, 

пунктуацияның  жоқтығы)  мағынаны  толық  түсінуге 

қиындық келтіреді.  

 


34 

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ  

Жиынтық бағалауға шолу 

Ұзақтығы: 40 минут  

Оқылым – 15 минут  

Жазылым – 25 минут  

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі 



Балл саны: 30 

 

Тапсырмалар түрлері 

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар 

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар 

 

Жиынтық бағалаудың құрылымы 

Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  нұсқасы  3  компоненттен  тұрады:  Біріншісі  – 

тыңдалым,  айтылым  және  әдеби  тіл  нормаларын,  екіншісі  –  оқылым  және  әдеби  тіл 

нормаларын, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.  



35 

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы 

 

*Тапсырма 

Қамтылатын мақсаттар 

Тапсырмал

ар түрлері 

*Тапсырмалар сипаттамасы 

 

*Орындау 



уақыты, мин 

Балл 

10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік 



алдында  тиісті  сөйлеу  әдебін  сақтай  отырып, 

дұрыс сөйлеу. 

Толық 

жауапты 


қажет  ететін 

сұрақтар 

Тапсырма 

жұппен 


орындалады. 

Оқушыларға  180-220  сөзден  тұратын 

тақырыпқа  қатысты  мәтіндер  беріледі, 

оқушы  жеке  отырып  оқиды  (немесе 

аудио арқылы тыңдатуға болады).  

Оқушылар 

айтылым 

барысында 

коммуникативтік 

жағдаятқа 

сай 

көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін 



сақтай 

отырып, 


дұрыс 

сөйлеуді 

назарда  ұстайды.  Тыңдаушы  жұбы 

мәтін  мазмұны  бойынша  сұрақтар 

қояды,  көтерілген  мәселені  талдайды. 

Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы 

қайталайды.  Бағалау  екі  оқушыға 

жеке-жеке 

қойылады. 

Коммуникативтік 

жағдаятқа 

сай 


көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін 

сақтай 


отырып, 

дұрыс 


сөйлеуі 

бағаланады. 

Тыңдалым мен 

айтылым 


сабақтан тыс, 

қосымша 


уақытта 

өткізіледі (әр 

білім алушыға 

3-5 минут 

беріледі) 

 

10 



2-4 

10.2.3.1 көпшілікке арналған очерктің құрылымы 

мен  рәсімделуін  білу,  жанрлық  ерекшеліктерін 

талдау. 


 

Көп 


таңдауы 

бар,  қысқа 

және  толық 

жауапты 


қажет  ететін 

сұрақтар 

180-220  сөзге  жуық  мәтін  беріледі. 

Мәтінді  оқып,  мазмұны  негізінде 

берілген сұрақтарға жауап береді және 

мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын 

білдіріп  жазады,  мәтіннің  құрылымы 

мен  рәсімделуін  біледі,  жанрлық 

ерекшеліктеріне талдау жасайды. 

15 


10 

 

 



36 

10.3.1.1  ғылыми-көпшілік  стильдің  жанрлық 



және  стильдік  ерекшеліктеріне  сай  тілдік 

құралдарды орынды қолданып, мақала жазу; 

 

10.4.5.1  сөйлем  және  мәтін  деңгейінде  тыныс 



белгілерін қолдана білу. 

Жазбаша 


толық 

жауапты 


қажет  ететін 

сұрақтар 

Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың 

бірін таңдап, мақала жазады. 

Жазылым 

жұмысында 

ғылыми-

көпшілік  стильдің  жанрлық  және 



стильдік  ерекшеліктеріне  сай  тілдік 

құралдарды дұрыс пайдалануы, сөйлем 

және 

мәтін 


деңгейінде 

тыныс 


белгілерін орынды қолдана білуі 

бағаланады.  

25 

10 


Барлығы 

40 минут 

30 

37 

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 

«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі 

 

Тыңдалым және айтылым 

Тапсырма 

1.  Мәтінді  оқып  шығыңыз.    Мәтіндегі  ақпараттарға  мұқият  мән  беру  арқылы  түртіп  алып, 

мазмұндауда  қолданыңыз,  коммуникативтік  жағдаятқа  сай  көпшілік  алдында  тиісті  сөйлеу 

әдебін  сақтай  отырып,  дұрыс  сөйлеңіз.  Өз  көзқарасыңызды  жан-жақты  тұжырымдап, 

мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. 

2.  Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 

2  сұрақ  қойыңыз.  Оның  мәтінінің  басты  идеясын  анықтауға  белсенді  қатысып,  пікіріңізді 

білдіріңіз. 

[10] 

 

1-мәтін 

Тамыры  тереңде  жатқан  сәулет  өнерінің  орта  ғасырларда  Орта  Азия  мен  Қазақстан 

жерінде  де  пайда  болуы  мәдениетіміздің  озық  үлгісі  болып  танылды.  Орта  ғасырда  сәулет 

өнері  дамыды.  Төрт  қабырғалы,  өзіне  тән  ою-өрнектерімен  безендірілді.  Мысалы,  Бабаджа 

хатун  кесенесі  («Айша  Бибі»  кесенесі  Тараз  қаласы  маңында).  Көшпенді  халық  өзіндік 

сәулет  ағымын  өмірге  әкелген.  ІХ–XІV  ғ.  ғажайып  қала  құрылысын  жаппай  өркендетті. 

Кезінде  шартарапқа  әйгілі  болған  Сауран,  Отырар,  Тараз,  Баласағұн  қалалары  Жібек 

жолының бойында бой көтеріп, талай ел саяхатшыларының таңдайын қақтырған. Ірі мәдени 

орталықтары болған қазақ жері сәулет өнерімен де әлемге белгілі болып отыр. 1994 жылы 6 

шілдеде  астананы  Алматыдан  Ақмолаға  көшіруге  шешім  қабылданды.  1997  жылдың  10 

желтоқсанынан  Ақмола  Қазақстанның  астанасы.  1998  жылы  6  мамырда  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаев  Ақмола  қаласын  Астана  деп  атауға  жарлық  шығарды.  1998  жылдың  10 

маусымында ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы өтті.  

2002 жылы Еуразияның кіндігі - Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

идеясымен  Елорданың  символына  айналған  “Астана-Бәйтерек”  монументі  салынды.  Бұл 

монумент  қазақ  елі  тамырын  мәуелі  бәйтеректей  тереңге  жіберген  ел  екенінің  дәлелі 

іспеттес.  Монументтің  биіктігі  –  105  метр.  Мұнда  көркем  галерея,  үлкен  аквариум, 

мейрамхана  және  97  метр  биіктікте  қаланы  жоғарыдан  тамашалауға  болатын  обсерватория 

алаңы бар.  

“Хан  Шатыры”  сауда  ойын-сауық  орталығы  2010  жылы  шілденің  5-жұлдызында 

ашылды.  Президент  сарайынан  бастау  алған  Бас  қаланың  ғажайып  ғимараты  Астана 

қаласының  жаңа  орталығының  кіндігінде  орналасқан.  “Хан  Шатыры”  бірегей  кешені 

жобасының  авторы  -  танымал,  ағылшын  сәулетшісі  Норман  Фостер.  Жобаның  ерекшелігі 

оның  ішкі  климаты  ғимараттағы  қазіргі  заманғы  автоматикалық  құралдар  арқылы 

қадағаланатынында болып отыр. 

 

2-мәтін 

Сәулет  өнерінің  дамуына  зор  үлес  қосқан,  елдің  бірі  –  Грекия.  Көне  грек 

архитектурасының  ең  күшті  дамыған  кезі  –  біздің  заманымыздан  бұрынғы  V  ғасырдағы 

Периклдың  билік  құрған  тұсы.  Алдымен  Афина  қаласының  ең  биік  жеріндегі  жартасқа   

Акрополь  салынды.  Римнің  таңқаларлық  құрылыстарының  бірі  –  80  мың  адам  сиятын 

Колизей  амфитеатры,  онда  ордерлер  жүйесі  қолданылды.  Еуропа  елдерінде  бес  түрлі 

архитектуралық  стиль  бірінен  соң  бірі  орын  алмастырды.  Олар:  роман  стилі,  готика, 

ренессанс,  барокко,  классицизм.  Роман  стилінің  дамуына  Франция  көп  ықпал  етті.  Мұның 

басты  ерекшелігі  –  қабырғалары  сом  соғылған  бітеу,  салмақты  болып  келеді.  Терезелері 

енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі  – құрылыс композициясы жоғары 

созылып,  салмақ  көтеретін  құрылыс  қаңқасы  күрделі  болып  келеді,  терезелері  сүйір  етіп 

ойылады,  күмбезі  қиық  болып  келеді  де  қырлары  бүріледі.  Қиық  күмбездің  арқасында 



38 

салмақ  құрылыс  қаңқасына  түседі.  Сырттағы  тіреулер  арқылы  қабырғаға  түсетін  салмақ 

азаяды. Готиканың алғашқы туындысы  – Париждегі  Нотр-Дам  соборы. Бір  келгенде 9 мың 

адам  сияды.  Әрбір  тетігінде  готикаға  тән  ерекшеліктер  сақталған.  Готиканың  гүлденген 

шағы  –  ХІІІ  ғасыр.  100  жыл  бойы  салынған  Реймс  соборы  (1212–1311)  соның  дәлелі. 

Собордың  бір  де  бір  бос  жері  жоқ,  бәріне  мүсіндер  қойылған.  Терезелердегі  түрлі-түсті 

витраждар  көздің  жауын  алады.  Ренессанс  стилі  XV  ғасырда  Италияда  пайда  болды,  оны 

ежелгі  дәуір  өнерінің  қайта  жаңғыруы  деп  қарауға  болады.  Ренессанс  дәуірінде 

архитектураның  алатын  орны  ерекше  болды.  Бұнда  құрылыс  тым  биіктетілмей,  айнала 

кеңістікке етек жайды.  

  

Оқылым  

Тапсырма 

Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.  

[10] 

 

Әлемнің  жеті  кереметі.  Ежелгі  заманда  даңқы  жер  жарған  ғажап  құрылыстар  мен 



мүсіндер  осылай  аталып  келді.  Адам  баласының  ақылы  мен қолынан  туған  осынау  тамаша 

ескерткіштердің,  өкінішке  қарай,  біздің  заманымызға  тек  біреуі  ғана  жеткен.  Ол  – 

пирамидалар,  яғни  ежелгі  Египет  патшалары  –  перғауындардың  (фараондардың)  тастан 

қаланған  сағаналары  (табытханалары).  Египеттің  астанасы  Каирден  оңтүстікке  қарай 

қатарласа  шөгіп  жатқан  ақшаңқан  және  сарғылт  таулар  көрінеді.  Бұл  төбесі  сүйірленіп 

келген жасанды таулар, яғни пирамидалар. Ең үлкені Хеопс перғауынның пирамидасы, оның 

биіктігі  147  м,  бұдан  5000  жылдай  бұрын  салынған.  Хефрен  пирамидасы  бұдан  2  метрдей 

аласа.  Бұл  перғауынға  таудай  мазар  жеткіліксіз  болып  көрінгенде,  ол  пирамиданы  үлкен 

жартастан  қашап  жасалған  тас  мүсінге  күзеттіріп  қойыңдар  деп  жарлық  еткен.  Оның  басы 

адам  бейнесінде,  денесі  арыстан  тұлғалы.  Ол  Сфинкс  деп  аталады.  Адамдай  данышпан, 

арыстандай  айбатты  Сфинкс  бейнесі  жоққа  сенгіш  ырымшыл  жандардың  зәресін  алған, 

сондықтан  жұрт  оны  «Үрей  атасы»  деп  кеткен.  Әлемнің  ендігі  бір  кереметі  – 

Семирамиданың  аспалы  бағы,  ол  ежелгі  Шығыстың  ең  үлкен  әрі  дәулетті  қаласы  – 

Вавилонда  болған.  Ел  аузындағы  аңызға  қарағанда  бұл  бақты  патшайым  Семирамида 

салдырса  керек.  Ал  шындығында  ол  біздің  заманымыздан  бұрынғы  VI  ғасырда  II 

Навуходоносор  патшаның  жарлығы  бойынша  салынған.  Ол  өз  сарайын  алты  қабат  үйдің 

биіктігіндей  етіп  қолдан  көтерілген  жасанды  алаң  үстіне  салдырады.  Сарай  алаңына 

көтерілетін алты тепкішек айнала кірпіштен өрілген аркалар тізбегімен (аркада) көркемделіп, 

топырақ  төселген  әр  тепкішекке  жайқалған  бақ  орнатылған.  Толып  жатқан  қауға  байлаған 

орасан зор шығырды күні-түні айналдырып, аспалы баққа Евфрат өзенінен су шығарған. 

 

1. Мәтіннің құрылымын қанша бөлікке бөлуге болады? 



A. 1 

B. 2 


C. 3 

D. 4 


[1] 

 

2. Мәтінде Египеттің көшбасшылары қалай аталады? 



А. египеттіктер 

В. патшайым 

С. перғауындар 

D. ырымшыл жандар 

 [1] 

 

 



39 

3. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін атаңыз. 

_______________________________________________________________________________ 

_______________________________________________________________________________ 

[2] 

 

4. Мәтіндегі 1 стильдік ерекшелігі мен 2 тілдік ерекшелігін анықтаңыз. 



 

Стильдік 1 ерекшелігі  

Тілдік ерекшелігіне 2 мысал 

1. 


 

 

1. 



2. 

 

[3] 



 

5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз. 

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________ 

[3] 

  

Жазылым  



Төменде  берілген  екі  тақырыптың  бірін  таңдап,  мақала  жазыңыз.  Жазылым  жұмысында 

ғылыми-көпшілік  стильдің  жанрлық  және  стильдік  ерекшеліктеріне  сай  тілдік  құралдарды 

орынды пайдаланып, тыныс белгілерді қатесіз қолдануды ескеріңіз.  

 

[10] 



 

1. Қазақстанда әлемнің түрлі архитектуралық стилінде  салынған ғимараттар мен 

үйлерді көруге болады. Осыған орай «Қазіргі уақытта еліміздің сәулет өнері қарқынды 

дамуда» тақырыбында мақала жазыңыз.   

2. «Көне сәулет өнері тарихымыздың жәдігері»  тақырыбында мақала жазыңыз. 


40 

Балл қою кестесі 

 

Тыңдалым және айтылым 

№ 

Балл 


Грамматика мен лексиканы 

дұрыс қолдануы 

Сұрақты түсіну мен толық жауап 

беру қабілеті 

9-10 


Грамматикалық 

және 


лексикалық 

құрылымдардың 

қолдану  аясын  өте  жақсы 

түсінеді.  Сөз  саптауы  дұрыс, 

анда-санда мардымсыз қателерді 

жібереді 

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.  

Күтпеген  сұрақтарға  жауабы  тез 

әрі  орынды.  Талқылау  кезінде  өз 

ойын толық жеткізе алады.  

7-8 


Грамматикалық 

және 


лексикалық 

құрылымдардың 

қолдану аясын жақсы түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  анда-санда 

қателер жібереді 

Тақырыпты жақсы түсінеді.  

Күтпеген  сұрақтарға  жауабын 

ойланып, әрі орынды жеткізеді.  

Талқылау 

кезінде 


өз 

ойын 


түсінікті  жеткізе  алады,  бірақ 

кейде  сырттан  қолдауды  қажет 

етеді.  

5-6 


Грамматикалық 

және 


лексикалық 

құрылымдарды 

қолдану аясын орташа түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  қателері 

байқалғанмен,  түсінуге  кедергі 

тудырмайды.  

Тақырыптың  негізгі  тараптарын 

түсінеді, 

бірақ 

күрделі 


сұрақтарды 

талдауда 

едәуір 

қиналады.  



Күтпеген 

сұрақтарға 

жауап 

беруде қиналады.  



Талқылау кезінде қолдауды қажет 

етеді,  жауаптарын  алдын  ала 

дайындап келгендей көрінеді.  

3-4 


Грамматикалық 

және 


лексикалық 

құрылымдардың 

қолдану аясын аздап түсінеді.  

Сөз 


саптауы 

нақты 


емес, 

түсініспеушілікті тудырады.  

Тақырыпты түсінуде қиналады.  

Күтпеген 

сұрақтарға 

жауап 


беруде  қиналады,  тақырыпты 

ашуды дамыта алмайды.  

Талқылау 

кезінде 


жақсы 

қолдаусыз өзін көрсете алмайды.  

1-2 

Грамматикалық 



және 

лексикалық 

құрылымдардың 

қолдану аясын өте аз түсінеді.  

Түсініспеушілікті 

тудыратын, 

қайталанып  келетін  қателер  жиі 

кездеседі.  

Тақырыпты 

түсінуде 

қатты 

қиналады.  Күтпеген  сұрақтарға 



жауап  беруде  қиналады,  тіпті 

жауап бере алмайды.  

Талқылауға өте аз қатысады.  

 

 



 

41 

Оқылым  

 

№ 

Жауап 

Балл 

В 



С 



Очерк, публицистикалық стильде жазылған 





Ықтмал жауап 

Көлемі шағын, суреттеу очеркі; 

Аспалы бақ, «үрей атасы» 



«Әр  заманның  өз  кереметі  болады.  Бір  кездері  әлемге 



танылған  бұл  сәулет  туындылары  бүгінде  жай  ғана 

туристердің  қызықтайтын  орны  болып  қалған.  Ештеңе 

мәңгілік  емес»  деген  сияқты  оқушының  өз  көзқарасын 

білдіретін жаупатар қабылданады 



Барлығы  

10 

 

 

Жазылым  

 

№ 

Балл 

Сипаттамасы 

9-10 


 

Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  көркем  тіл 

құралдары  орынды  қолданылған.  Ойын  еркін  әрі  толық 

жеткізеді,  күрделі  әсерлерді  жеткізе  алады,  техникалық 

қателерді жібермейді.  

7-8 


 

Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  тіл  құралдары 

үйлесімді  түрде  қолданылған.  Ойын  анық  әрі  еркін  білдіруі 

тиісті  әсерді  береді,  жіберілген  кейбір  техникалық  қателер 

түсінуді қиындатпайды.  

5-6 


Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  кейбір  сипаттау 

құралдары  қолданылған.  Ойын  анық  білдіреді,  бірақ  бір 

сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің 

байланысу  түрлерінің  дұрыс  қолданылмауы,  шақтардың, 

бастауыш  пен  етістіктердің  ұйқаспауы,  орфографиялық 

қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.  

3-4 

Құрылымы  жүйесіз  немесе  анық  емес,  нақты  суреттеу  мен 



қарама–қайшылықтарды  баяндау  қабілеті  жетіспейді.  Сөз 

саптауы  нақты  болғанымен,  жүйесіздік  байқалады,  жиі 

техникалық  қателер  (сөздердің  байланысу  түрлерінің  дұрыс 

қолданылмауы,  шақтардың,  бастауыш  пен  етістіктердің 

ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) 

жібереді.  

1-2 

Көркем  тіл  құралдары  аз  қолданылған  немесе  мүлдем 



қолданылмаған.  Сөздер  кейде  анық  емес,  техникалық  және 

құрылымдық  қателер  (сөздердің  байланысу  түрлерінің  дұрыс 

қолданылмауы,  шақтардың,  бастауыш  пен  етістіктердің 

ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) 



мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.  

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет