«Сөз жарысы» сайысы.
2 топтан екі оқушы шығып тақтада берілген сөздердің аудармасын тауып жарысады. Қай топ бірінші болса, сол топ жеңімпаз атанады.
I -нұсқа
1 Родина –Отан
2 гимн – әнұран
3 знамя – ту
4 государственный – мемлекеттік
5 комплекс – кешен
6 краски – бояу
7 шить платье – көйлек тігу
8 предмет – пән
9 тема – тақырып
10 молодой – жас
II- нұсқа 1 Родина –Отан
2 столица – астана
3 герб – елтаңба
4 гостиница – қонақ үй
5 музей – мұражай
6 рассказ – әңгіме
7 интересный – қызықты
8 пластилин – ермексаз
9 художник -суретші
10 дружный – тату
Бастауыш сыныптарда қайталау сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер
Искакова Г. С. «№ 62 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Қайталау- сабақтың аса көп тараған түрі. Қайталаудың мақсаты - өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды, оқушыларды өздігінен қорытынды жасауға үйретуді көздейді, мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп, тыңғылықты әзірлігін қажет етеді.
Қайталау сабақтары не сабақ үстінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткізіледі. Ол оқу бағдарламасы бойынша көлемі жағынан ірі тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының және оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады.
Қайталау сабағында оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құралдарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек.
Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады.
Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытындылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады. Қайталау сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерге тоқтамас бұрын әдіс-тәсіл дегеніміз не деген сұраққа жауап алайық. Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдер. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Әр мұғалім жұмыс барысында әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап,тиімді пайдаланғанда ғана көзделген мақсатқа жете алады. Сондықтан осы мәселені ойдағыдай шешіп,екі жақты құбылысты тиянақты жүзеге асыру үшін сабақтарымда мынадай әдіс-тәсілдерді жиі пайдаланамын.
Аударма әдісі,тірек сызба әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, пікір-сайыс әдісі, жаттау, оқу, талдау, т.б
Тірек сызбалар оқушылардың сөйлесу тілін арттыру мақсатында пайдаланатын тәсілдің бірі. Тірек сызбаны пайдалану оқушыны сөйлеу үшін емес, олардың оқу-таным белсенділігін арттыру, ой-өрісін кеңейту үшін де қажет. Мұндай тірек схемалардың тиімділігі, біріншіден, сыныптағы оқушыларды түгел қамтиды, екіншіден, сөйлем құрастыруға, сұрақ қойып, оған жауап беруге көмекгеседі, үшіншіден, әңгіме құрастырып, оны әңгімелеп беруге үйренеді және есінде сақтауға ықпалын тигізеді, төртіншіден, оқушыны пәнге қызықтырады, ынтасын арттырады және мұғалімге сенімді көмекші. Осы арқылы оқушылар қиын тақырыпты жеңіл меңгереді, үлгерімі нашар оқушыларда белсенділік пайда болады.
Сұрақ – жауап әдісін қолдануда, оқушылардың көз алдындағы заттардың атын, оқу – құралдарының атын жатқа айтқызу көзделінеді.. Сұрақ – жауап әдісі тек қана жаңа материалды игеру мақсатында емес, өтілген грамматикалық формаларды бекіту, түйіндеу, еске сақтау, оқушының тілін, ойын дамыту мақсатында жүргізіледі. Жалғау түрлерінің ішінде тұлғалы зат есім тәуелді форманың септелуін қайталап жаттықтыру үшін әдіскер ғалым Ы. Мамановтың қолданған қарапайым тәсілін пайдалана отырып, оқушылардың қазақ тіліндегі 4 түрлі жалғаудың септік жалғауларын игеріп және тәжірибеде қолдану мүмкіндігін кеңейтуге болады. Ілік септік – Асан кімнің досы? – Асан – Үсеннің досы. – Үсеннің досының аты кім? Үсеннің досының аты – Асан. Барыс септік: Айжан, сен дәптерді кімге бердің? – Мен дәптерді досыма бердім. – Дәптерді досыңа қашан бердің? –Дәптерді досыма бүгін бердім. Табыс септік: Дәптерді кім алды? –Дәптерді Жомарт алды. – Жомарттың дәптерін кім алды? –Жомарттың дәптерін мен алдым. Жатыс септік: Қайрат қайда тұрады? Қайрат Алматыда тұрады. Шығыс септік: Қанат қайдан келді? – Қанат Жамбылдан келді. – Көмектес септік: Сен тапсырманы немен жазып отырсың? –,Мен тапсырманы қаламмен жазып отырмын.
Әңгімелеу әдісі балаларға қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға,ойлау қабілеттерін арттырып,сөйлемдер құрастыруды үйренуге мүмкіндік береді.
Әңгімелеу әдісі бойынша бастауыш сыныпта мәтінмен мынадай жұмыс жүргіземін:
Тақтаға бір сөйлем жазып 1)осы сөйлемді мәтіннің басы етіп,әрі қарай өзің жалғастыр 2)осы сөйлемді мәтіннің ортасы деп санап,басы мен аяғын құр 3)осы сөйлемді аяғы деп санап,мәтіннің басын құр.
Тіл үйрену, тіл ұстарту адамның ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдістерінің бірі жаттығу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Жаттығулар екі топқа бөлінеді:
1) тілдік жаттығулар; 2) сөйлеу жаттығулары.
Келесі мысал ретінде ұсынарым тілді жаттықтыруға арналған тілдік жаттығу:
-. Мұғалім бастайды, оқушылар қостап, аяқтайды.
Огурцы – қияр, Усы – мұрт, А граната - ... А груша- ... Мороз – аяз, Кобыла – бие, А лук – ... А вишня - ... Жираф – керік, Земля – топырақ, А абрикос - ... А капуста - ... Один – жалғыз, Фрукт – жеміс, А арбуз - ... А овощ - ... Ойын – бастауыш сыныптарда оқытудың ең тиімді әдісі.
Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Сайысты сабақта ойын әдісі арқылы жүзеге асыруға болады Мысалы: «Кім тез?» санауды қайталайды. Тақтада жемістер мен жидектердің суреттерінде сандар жазылып тұрады. Балалар сол сандарды рет- ретімен атап, дауыстап санайды. Бұл ойындар жемістердің атауларын, сандарды қайталауға, тез санауды үйренуге мүмкіндік береді, оқушыларды ынталандырады. Неміс педагогі Адольф Дистерверг: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»–деген.
Бұл ретте профессор Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының маңыздылығы зор.
Оқушының ойлау қабілетін, тілін дамытуға игі ықпал ететін, мен жұмысымда қолданатын оқытудың бір түрі сабақта деңгейлік тапсырмаларды қолдану. Деңгейлік тапсырмалар оқушының қазақ тілінен алатын білімін толықтыра отырып, қажетті дағдылар мен біліктердің қалыптасуын қамтамасыз етуіне ықпал етеді. Деңгейлік тапсырмаларды белгілі бір тақырып біткен кезде, қайталау сабақтарын өткізгенде пайдалану өте ұтымды. Бұл тәсілдің ең маңыздылығы – әр оқушы өз шамасына қарай тапсырманы орындай отырып өзінің нені білетін және білмейтінін толық сезінеді, жолдастарынан қалмау үшін келесі жолы білмегенін біліп алуға тырысады. Әңгімелесу әдісі білімді жинақтауға оқушылардың теориялық білімдерін қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға немесе барлық сынып оқушыларына қояды..
Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
2.Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
3. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
4. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996
5. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.