Абайдың табиғат лирикасы
Сайлаубаева Гулжан Жеңісқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Астана қаласы Энергетика және байланыс колледжі
Тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы
Мақсаты:
1.Білімділік: Абайдың табиғат лирикасы туралы өлеңдерін терең меңгерту, өлеңді әдеби теориялық талдау, этнографиялық, танымдылықты тереңдете түсуге баулу;
2.Дамытушылық: оқушылардың байқампаздығын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашлықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, тіл байлығына үлес қосуға жол ашу;
3.Тәрбиелік: Табиғат пен адам, жалпы тіршілік атаулының тұтастығын түсіндіре отыра, оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, Отанды, туған жерді сүюге, табиғатты қорғауға, қолдауға баулу.
4.Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
5.Сабақтың әдіс- тәсілдері: топтық жұмыс, ой қозғау, әдеби талдау, топтастыру, проблемалық сұрақтар, ВЕНН диагараммасы, пікірлесу, эссе жазу, автор креслосы.
6.Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, экология, қазақ тілі
7.Көрнекіліктер: Слайдтар, видео- аудео аппараттар , Абай өмірі мен шығармашылығына арналған көрме.
Нақыл сөздер:
«Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» М. Әуезов
«Абай не нәрсе жайын жазса да, түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Әрі жазушы, әрі жазға-нына сыншы, әрі көркем, шынайы ойдың шебері»
А. Байтұрсынов.
«Абайды тану арқылы біз Қазақстанды танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс» Н. Назарбаев
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу;
Түгендеу
Оқушыларды топқа бөлу;
Назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау.
II Ой қозғау. (Қазақ әдебиетіндегі дарынды тұлғалардың Абайға арналған піікірлерін слайдтан оқи отырып, оқушылар Абай ата туралы не білетіндіктерін ортаға салып, төмендегідей топтастырады)
«Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» М. Әуезов
«Абай не нәрсе жайын жазса да, түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Әрі жазушы, әрі жазға-нына сыншы, әрі көркем, шынайы ойдың шебері»
А. Байтұрсынов.
Абай
Халықтың жыршысы
Дана ақын
сазгер
Ғажайып суреткер
аудармашы
Қазақ поэзиясының асқар биігі
Ұлт мақтанышы
Лирик ақын
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын «Кім жылдам» ойыны барысында зымыран сұрақтар арқылы бекіту.
Абай қай жерде, қашан туылған?
Абайдың руы, қандай ортадан шыққан?
Ақынның шын есімі кім?
Ең алғашқы сауат ашқан молдасы.
Одан кейін білім алған ордалары.
Оның халық әдебиетін сүйіп оқуына кімдер себепкер болды?
Ақынның Шығыс, Батыс әдебиеттерімен таныстығы қалай басталды?
Абайдың Телғара аталуы себебі.
Поэмалары .
Абай кімдерді аударған?
Соңғы туындылары қалай аталады?
Ұлы ақын туралы жазылған үлкен шығарманың атауы және жанры қандай?
Абайдың лирикаларын қалай топтастырамыз?
II Мағынаны тану. (Кіріспе сөз)
-Қазақ халқының тарихында Абайдың алар орны ерекше. Абай- жаны нәзік, сүйкімді жан. Ол жан нәзіктігін, табиғат сұлулығын ұштастыра білген.
Абай қай өлеңінде болмасын табиғат пен қазақ халқының өмірін байланыстыра жырлаған. Кемеңгер ақын мәңгі қайталанбас бейнелі сөз өрнегін жасады.
(Слайд арқылы Абайдың туған жеріне саяхат жасау. Шыңғыстау, Абай жері)
-Абайдың табиғат лирикасы түр жағынан да, мазмұн жағынан да өзгеше. Ол өлеңдерінде ақын еліне, жеріне шексіз сүйсіне отырып өмір шындығын кеңінен қамтып көрсетеді.
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты мекені, алтын ұя, тал бесігі. Ақын өзін қоршаған осы бір күйін , жанды бояуын, іңкәр сәтін күшті ақындық шеберлікпен тереңнен қозғап, түрлі- түрлі көрінісін көз алдына әкеледі.
Енді ақынның табиғат галереясын аралайық.
Біздің галереямыз «Адам- табиғат- сезім» деп аталады.
( Проектор арқылы көрсетіліп тұрады)
2 Әдеби талдау жасау. (Екі топқа Абайдың екі өлеңі беріледі . «Табиғат» тобына «Жаз» өлеңі, «Ақын» тобына «Күз» өлеңі)
Тапсырмалар:
Өлеңді мәнерлеп оқу;
Өлеңнің тақырыбын, идеясын анықтау, бөлімдерге бөлу.
«Жаз» өлеңі
|
1 бөлім
|
2 бөлім
|
3 бөлім
|
|
Шілдедегі табиғаттың жалпы көрінісі
|
Сол шілдедегі мал, аң- құс-тардың көрінісі
|
Жаздыгүні қазақ аулының тіршілігі, әре-кеті
|
«Күз» өлеңі
|
|
|
|
Дәптермен жұмыс. Сөздік қоржын.
«Жаз» өлеңі
|
«Күз» өлеңі
|
Аяңшылы- Абайдың Күреңтөбел аты
Бозбалалар- Абайдың Ақылбай, Ақылбай деген балалары
|
Шомшы- астық екпеген ауылдың басқа жерге түйемен барып астық алып қайтуы.
Күзеу- күздік ауыл қонатын жер
|
Өлеңнің мазмұнын әңгімелеу. (Өлеңді сөзбен жеткізіп, әңгіме құрау)
Өлең құрылысына талдау жасау.
Өлең тақырыбы
|
Идеясы
|
Лирикасы
|
Шумақ
|
Тармақ
|
Ұйқас
|
Көркем сөздер
|
«Жаз» -
|
|
|
|
|
|
|
Балалар, «Жаз» өлеңдегі ұйқасып тұрған етістік тұлғаларына назар аударыңдар. (Проектор арқылы сызба көрсетіледі). Ал, «Күз» өлеңіндегі оқушылар өздері талдайды.
«Жаз» өлеңінде
|
«Күз» өлеңінде
|
Шілде болғанда
Өсіп тұрғанда
Ауыл қонғанда
Қылтылдап
Бұлтылдап
сымпылдап
|
|
Ақын, не себепті табиғат көрінісін қимыл- қозғалыс үстінде суреттеген? Бұл жерде автор қандай мақсат қойған?
Баяндауыштарды қолдану себебі- қимыл әрекеттің шексіздігі, жаздағы тіршіліктің шексіздігін көрсету.
Автор эмоциясы қандай сөздерден білінеді? (екі топқа да)
(«Жаз» өлеңінде аңқылдап, мақұлдап, қаңқылдап, жарқылдап, қарқылдап. «Күз» өлеңінде ...)
ВЕНН диаграмасы бойынша екі өлеңнің ұқсастығы мен ерекшелігін салыстыру. (Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Алдыларына ақ қағаз беріледі)
«Жаз» өлеңі ұқсастығы «Күз» өлеңі
Көңіл күй көтеріңкі,
Табиғат көрінісі сұлу
Тақырыбы бір Көңіл күй жабыраңқы
Суық күз
Сергіту сәті. Ән тыңдау. «Желсіз түнде жарық ай».
«Ой толғаныс».
Балалар, енді Абай өлеңдеріндегі суреттелген табиғат көрінісі мен қазіргі заманның табиғат көрінісі қандай екен?
(Сорға айналған дала. Ауа ластанған. Жан- жануарлар азайған. Су көздері таза емес. Түрлі аурулар таралуда).
Бұған не себеп болды?
Экологияның бұзылуы. Арал теңізінің тартылуы. Атом сынағының жүргізілуі. Табиғат байлықтарын тиімсіз пайдалану.
Мұғалім сөзі: - Міне балалар, ақын галереясы осындай. Адам мен табиғат егіз екеніне көзіміз жетті. Абай табиғатты адамнан бөлек суреттемеген. Жылдың төрт мезгілі адамзаттың ғұмырына ұқсас. Жазғытұры- балалық шақ, бозбала, жаз- жігіттік шағы, күз- кмеліне келген кезі; қыс- суықтық, кәрілік деп салыстыруға болады.
Ендеше, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді қағаз бетіне түсіріп, тілектерін, ұсыныстарын болса жазып берсек. Шағын эссе жазайық.
Музыканың әуенімен жазылады.
Сабақты қорытындылау.
Үй тапсырмасы: «Абай-лирик ақын» тақырыбында шығарма жазу.
Оқушыларды бағалау.
Сайлаубаева Гүлжан Жеңісқызы
Астана қаласы әкімдігінің Энергетика және байланыс колледжі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
«Сөзмерген» интеллектуалды сайыс
Сайыстың мақсаты: оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, ой -өрістерін дамыту, дұрыс сөйлеу әдебін қалыптастыру,тапқырлыққа,сөз мағынасын түсіне білуге, ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Іс- шараның түрі: сайыс
Көрнекіліктер:
слайдтар, тіл туралы қанатты сөздер, үнтаспа. Шарлар, плакат және бояулар. «Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
өзге тілдің бәрін біл
өз тіліңді құрметте».
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» Ғ. Мүсірепов
Сүйемін туған тілді- анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім,
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
(С. Торайғыров)
Сайысқа қатысушылар: 5 оқушы
Сайыстың жүру барысы:
Жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті сайысқа қатысушылар, қонақтар! Білім -байлық, тіл-тірек дегендей, бүгінгі сайысымыз сөздік қоры өте бай қазақ тіліне, мемлекеттік тілге құрмет көрсету мақсатында өткізіп отырмыз. мемлекеттік тілдің өсіп, өніп, өз тұғырына анық отыруына өз үлесімізді қосып, мәртебесінің үстем болуы үшін атсалысатынызды көрсеткіміз келеді.
- Алдымен қатысушыларды бағалайтын сарапшылармен таныстырайық.
Сайыс 5 турдан тұрады.
1. «Таныстыру» . Қатысушылар өздерін таныстырады. Өзінің тегі, сүйікті пәні, өмірдегі негізгі мақсаты.
2 –тур «Ойлы болсаң, ойлап көр». Көнерген сөздердің мағынасын түсіндіреді. Ұяшықтан сан таңдап, сол бойынша сұрақтарға жауап береді.
3 тур «Шешен болсаң, шешіп көр». Фразалық тіркестерін мағынасын ашу.
4 тур «Сөз атасы- мақал» Кез- келген карточканы таңдап, ондағы сөзге байланысты мақал- мәтел айтады.
5 тур «Білімді мыңды жығады... ». Сұрақтарға жауап береді. Ендеше бүгінгі қатысушыларға сәттілік тілейміз.
Жүргізуші: - Сонымен сайысымызды бастайық, әр топ өзінің командасын таныстырады, аты, эмблемасы. Жоғары ұпай саны-5. Ал сайысымызды бағалаушы әділ қазыларды таныстырып өтсек. (Әділқазыларды таныстыру). Жүргізуші: Рахмет, қошемет көрсетейік. Алғашқы сынағымыз – сөз астарын ақтару сынағы болмақ. 1 тур- «Ойлы болсаң, ойлап көр» деп аталатын бұл турымызда қатысушылар ата- бабамыздан қалған көнерген сөздердің мағынасын түсіндіруі керек. Қазақ халқының сөз байлығы өте мол. Әр сөздің сан түрлы мағынасы бар. (Әр қатысушыға екі сөзден беріледі )
Балауыз – араның балауыз безінен бөлінетін қатты зат.
Жадаулық- арығандық, жүдегендік.
Жаушы- екі елдің арасын келістіруші, елші
Жөргек- жас нәрестенібөлеп орайтын жаялық.
Итбегі –әр түрлі саят иттерін үйретуші, таптаушы.
Кіреуке-оқтан, найзадан қорғану үшін, жарыққа киетін темір сауыт.
Қарабайыр-жай, қарағайым, қарадүрсін.
Қарақты-қырағы, көреген, көзі көргіш.
Қауыс- қараша айының арабша атауы.
Оғаш-ерсі,дөрекі,өрескел.
Пақыр-халі мүшкіл, байғұс,сорлы
Пенде-тірі, жан, адам, адамзат
Тәжіке-айтыс, тартыс, ұрыс.
Уағыз-үгіт-насихат.
Жүргізуші:-Рахмет. Міне, қаншама сөздерге түсінік бердік. Осы турда балл аз қатысушының бірі ойыннан өкінішке орай шығады.
2 тур шарты: Әр команда мүшелері кезекпен ұяшықтағы сандарды таңдайды. Сұрақтар санға байланысты күрделене береді.
1.Ағаштан түйін түю (шебер, өнерлі)
2.Ажары сыну (мұнаю,)
3.Ат кекілін кесу (арыздасу)
4.Екі шоқып, бір қарау (сақтау)
5.Жалғанды жалпағынан басу (дүниені шайқап өту, масайрау)
6.Жанын шүберекке түю (қауіп-қатерге бару, тәукелге бел байлау)
7.Жүрегі шайлығу (беті қайту, сескену)
8.Жүрегінің түгі бар (ер, батыр)
9.Қалтасы жұқару (қаражаты азаю)
10.Қанат қағу (талпыну, алға ұмтылу)
11.Қанттыға қақтырмау, тұмсықтыға шоқытпау (қорғаштау)
12. Құдайдың құлағын ұстау (масайрау, көку)
13.Сөзге май құю (әңгімені қыздыру,өршіту)
14.Суқаны сүймеу (жек көру)
Музыкалық үзіліс. Күй «Сарыарқа»
Жүргізуші: Көп рахмет. «Білімді мыңды жығады» демекші, білімімізді ұштай білді. Тағы бір қатысушымызбен қоштасамыз. Ары қарай сайысымызды жалғастырсақ.
Жүргізуші: - Өте тамаша. Қошемет көрсетіп отырайық. Бұл сайысымыздың жоғары ұпай саны: 5.
Жүргізуші: - Қазақ халқы мақалсыз сөз сөйлемеген. «Мақал- сөздің мәйегі» дейді. Әр мақалдың астарында даналық сөздер болады. Ендеше сайысымызды мақал – мәтелдермен жалғастырсақ.
4. тур «Сөз атасы- мақал ». Шарты: Тиісті сөз айтады соған байланысты мақал айтады. Қай топ тоқтап қалса, жеңілген болып есептеледі. (еңбек, Отан, туған жер, кітап, білім, өнер, тіл, ана, бала, әке, жаман, жақсы, адам)
Жүргізуші: - Қатысушыларға көп рахмет. «Өнерлі өрге жүзеді» демекші, соңғы турымызда әр команда өз өнерлерін ортаға салмақ. (Екі оқушы қалады).
5 тур «Білімді мыңды жығар» Бұл ойын шарты бойынша командалар берілген сұрақтарға 1 минут арасында жауап беру керек.
1.Елтаңба авторы.
2. Морфология нені зерттейді ?
3. Шәкәрімнің әкесі кім?
4.Ту авторлары
5. Бала мектепке барғанда қандай той жасалады?
6. М. Әуезовтың ең алғашқы драмалық шығармасы?
7.Бала туғанда ата-ана қандай той жасайды?
8. Шашу дегеніміз не?
9. Жамбыл Жабаевтың туған жері?
10. Абайдың анасы кім?
11. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кім?
12. Қазақ музыкалық аспаптары.
13. «Еңлік- Кебек» поэмасының авторы кім?
14. Мақалды жалғастыр. «Әке көрген оқ жонар
....... »
15. саны 1000 теңгеде не бейнеленген?
....... »
1.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы шықты?
2. М. Жұмабаевтың поэмаларын ата?
3. Синтакси нені зерттейді?
4. Жамбылдың ұстазы кім?
5.Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романы?
6. Жәндік атымен аталатын А. Байтурсыновтың жинағы?
7.М. Әуезовтың алғашқы әңгімесі қалай аталады?
8.Синоним дегеніміз не?
9.Ш.Уалихановтың алғаш зерттеген жыры?
10.Бала мектепке барғанда қандай той тойланады?
11. Мақалды жалғастыр «Ауырмай сөйлеген.....»
12.Жұмбакты шешіңіз «Асқар тауда қара орман» (шаш)
13.Ж. Аймауытовтың романы?
14. Қазақтың ағаштан жасалған бұйымдары?
15.Бес жүз теңгеде не бейнеленген?
Сайысты қорытындылау.
Жүргізуші: -Сонымен бүгінгі ойынға қатысқан оқушылардың ұпай санын білу үшін сарапшыларымызға сөз береміз. Сонысен «Сөзмерген» сайысының жеңімпазын айқындайық. (Сарапшылар әр топтың ұпай санын айтып, жеңімпаз топты марапаттайды).
- Қымбатты ойыншылар, көрермендер! Қазақтың белгілі ақыны Қадыр Мырзалиев «Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетті. өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» деген болатын. Бүгінгі «Сөзмерген» атты сайысымызға қатысып отырған оқушыларымзға қазақ тілін құрметтеп, сыйлай білгендеріңе рахмет дей отыра, қазақ тілінің мәртебесін өсіруге өз үлестеріңізді қосады деген сенімдіміз.
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»
Ғ Мүсірепов
Сүйемін туған тілді- анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім,
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
С. Торайғыров
«Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
өзге тілдің бәрін біл
өз тіліңді құрметте».
Қ. Мырзалиев
Жігер
«ж»
«б»
«а»
Еңбек
Тіл
Отан, туған жер
Әке,ана, бала туралы
Жақсы мен жаман
Адам туралы
Абылкасымов Ж.К.
Абылкасымов Ж.К.
Достарыңызбен бөлісу: |