Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту



Дата17.12.2016
өлшемі78,92 Kb.
#4043


Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қазақстан Республикасы, Арыс қаласы, Абай атындағы ЖОМ, Отарова Саулекуль Абдрахмановна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдары ұсынылады, сабақтардың мүмкіндіктері қарастырылады. Бұл істі нәтижелі етуде дамыта оқыту жүйесінің қағидалары тірек етіледі. Шығармашылық бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бастауыш сыныптарда қазақ тілінен оқу-жазуға үйрету, сөйлеу тілін дамыту, щағын әдеби шығармаларды ұғынумен қатар, оқушылар жоғары сыныптарда оқып үйренуге дайындалады. Саналы түрде мәнерлі оқу арқылы оқушының өз ана тілінде таза сөйлеуге деген сүйіспеншілігі мен көркемдік талғамы жетіледі. Ана тілі сабақтарында бала әдепкіде сөз сөйлеудағдыларын игереді. Өлең-тақпақтарды мәнерлеп жатқа айту, жаңылтпаш, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер сөздігін жасату жұмысы жүргізіледі.

Бастауыш сынып оқушыларын қазақ тілінен шығармашылық тапсырмалар шешуде түрлі ерекшеліктерді ескеру қажет.

а) баланың шығармашылық қабілеттерін ерте бастан қолға алу;

ә) шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігі жөнінен жоғары деңгейге жетуі;

б) шығармашылық жұмысты өз бетінше ұйымдастыра білу.

Бастауыш сыныпта қазақ тілінен жүргізіле бермейтін шығармашылыққа үйрету жұмыстарының бірі өлең жазуға баулу. Бұл жұмысты 1-сыныптан яғни баланың сауаты ашылып болған соң-ақ жүргізе беруге болады. Ол үшін оқушыларға тапсырмалар беріледі. Алдымен жеке дыбыстар айту, сосын буындар, сонан соң берілген жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі. Мысалы: «а» Мұғалым: -а-а-а (дыбыс арқалы айтады) –Осыған ұйқас сөз табыңдаршы? Балалар:-бала

Мұғалім: -қандай бала -Әдепті бала -Тағы қандай сөздер бар? -Қала , алма, ата т.б.

Мұғалым: -ме, -ме,-ме

-жүзді кеме

-Ойна,... (Ұйқас табу керек)

-Ойла, қойма, айна т.б


Осындай жұмыстардың нәтижесінде бастауыш сынып оқушылары өлең шығаруға төселеді.

Оқушыларды шығармашылыққа үйретудің тағы бір жолы- әңгіме, ертегілер ойлап, оларды жазу, соның бір көрінісінен сурет салу.

1.а) Мұғалім алдын- ала бірнеше сұрақтар дайындайды. Сұрақтарды тақтаға жазып қояды. Оқушылар сұрақтарға жауап жазып, шағын әңгіме құрайды;

ә) немесе суретті кіші тіректер таратып беріп, әр оқушысурет бойынша әңгіме жазады.

2.Ертегігер құрастырудың тиімді тәсілі ойыншықтар немесе суреттер арқылы ертегі кейіпкерлерінің бейнесін пайдалану. Мысалы: түлкі қасқыр, атай, әжей, қоян.

Мұғалім:-Атай мен әжей орман шетіндегі кішкене үйде ұзақ жылдар өмір сүріпті. Бір күні атай аң аулауға орманға келе жатса, жолда... (АРЫ ҚАРАЙ КЕЙІПКЕРЛЕРДІ ҚАТЫСТЫРЫП, ЕРТЕГІНІ ОҚУШЫЛАР ЖАЛҒАЙ ТҮСЕДІ) Бұл жерде, яғни, әңгіме құрастыру мен ертегі ойластыруда да оқушылардың көркем тілмен сөйлеуіне мән беріп отыру керек.

Келесі тоқталатын жұмыс түрі- сахналық көріністерді ұйымдастыру. Оқушылардың өздері оқып танысқан ертегілер, мысалдардан шағын көрініс қоя білуі. Шығармашылық кейіпкерлерін сахналау үшін оны түсіну, оның образына үлкен саналықты талап етеді.

Сахналау –тек кейіпкерлердің сөзін жаттап айтып беру емес, кейіпкерлердің бейнесін, айтар ойын жеткізе алу, сөзін сол тұлға ретінде сезіне білу болып табылады. Мысалы: «Нетәтті?», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Әке мен бала» тақырыптары сахналық көріністер ұйымдастырып отыру.

Оқу мен ана тілі сабақтарында басталған шығармашылық жұмыстар сыныптан тыс уақыттарда жалғасын тауып жатса нәтижелі болары анық. Осы орайда 1999-2000 оқу жылының II жарты – жылдығынан бастап, яғни 1-сынып оқушылары сауаттанып өз бетінше оқып, жаза білетін деңгейге жетісімен, оларды шығармашылық баули бастадым. Ондағы болашаққа қойған мақсатым: оқушылар қаламынан туындаған шығармалардан сынып жұрналын шығару. Жұрналға ең үздік шығармалар басылып шығады. Жұрнал бөлімдері төмендегінше боліп келмек:



  1. Мектеп және сынып жаңалықтары.

  2. Жыл мезгілдері.

  3. Өнер алды- қызыл тіл.

  4. Адам болам десеңіз.

  5. Әдемі суреттер әлемі.

Жоғарыда аталған бөлімдер бойынша оқушылар мектеп, оның ішінде сынып жаңалықтары, жыл мезгілдеріне байланыстысалған суреттері, өз бетінше шығарған өлеңдері, адамгершілік қасиетке жазған ой-пікір, әңгімелері және оқушылардың салған суреттері орын алмақ.

Бастауыш сыныптарда оқушыларды шығармашылыққа, тапқырлыққа зейінін аударатын тапсырмаларды ойын түрінде ұсыну.



« Ойлан тап!»

1. А) Бір жанұяда 6 адам тұрады. Олар: әкесі, анасы, екі қыз, екі ұлы. Ата- ананың төрт перзенті де мектепті бітірген. Олардың есімдері-?



Түсінік беру: Қыздарының екеуінің де аттарын бас әрпі «А», ал бес әріпті құрайды.

Ал ұлдарының есімдері «С» дыбысынан басталады, олар да бес әріпті құрайды. Ендеше олардың есімдері кім?

Ә) Келесі тапсырма:

- Қыздары Қазақстанның «А» ӘРПІНЕН БАСТАЛАТЫН 6 ӘРІПТЕН ТҰРАТЫН ҚАЛАЛАРДА ОҚИДЫ. ҚЫЗДАР сабаққа өте зейінді.

-ұлдары Қазақстанның «Қ» дыбысынан басталатын 9 әріптен тұратын қалаларда білім алуда. Ұлдар да ынталы.

Демек, олар Қазақстанның қандай қалаларындағы оқу орындарында оқыды?

Б) Келесі тапсырмада:

-Балалардың ата-аналары ұзақ жылдар білім беру саласында қызмет еткен. Ал, қазір, зейнеткер. Олар бұрын қандай жұмыс істеген?

В) Қорыта айтқанда , олардың мекен-жайы: Оңтүстік өңірдегі Мақталы алқап ауданының «7», «С», «Д» қаласында турады.

Мекен- жайы қалай аталады?

Г) Жоғарыдағы сұрақтардың жауабын шешсеңіздер, осы жанұя туралы шағын әңгіме жазыңдар. ( Тақырыбын әр оқушы өзі таңдайды.)

Сол сияқты ойын дамытып, шығармашылыққа жетелейтін өнердің бірі- мақал-мәтелдер. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасалып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бірі- қазақтың мақал –мәтелдері.

Жас ұрпақтарға берер тәлім-тәрбиесі өсиет,улағат,тәлім, парасат,ізгілік.Осы орайда алдын ара түрлі тақырыптарға байланысты мақал-мәтелдер жаттау (дайындық ретінде).

Шығамашылық деңгейін бақылау мақсатында мақал-мәтелдер сайысын эстафеталық жарыс түрінде ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқушыларды үш топқа бөлу қажет. Әр топқа ат беріледі.

I топ «Алғырлар»

II топ «Ойшылдар»

III топ «Тапқырлар»

Тақтаға плакатқа салынған суреттер ілінеді.Мысалы: «Жаман жолдас», «Аққу,шортан,шаян» т.б. Оқушылар шығармашылық дәптерлеріне суреттегі тақырыпқа байланысты мақал –мәтелдер жинап жазады.

Мұғалім: Дарындылар «Алғырла»

Дана,ғалым «Ойшылдар»

Бәрінен де озады

Шешен тілі «Тапқырлар» - деп демеушілік жасап,олардың екпінділігін шыңдай түседі.Белгіленген уақыттан соң,қай топтан әнгіме мазмунына сай мақал-мәтелдер көп дайындалғаны анықталып,орны хабарланады. Бул ойоқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,шапшаңдығы мен қызығушылығын арттыратыны даусыз.

1-жүргіжуші

1) Сәлеметсіздерме аяулыда, ардақты, құрметті де қадірлі ұстаздар. Бүгінгі 3-«Г» сынып оқушыларымен өткелі отырған мерекеге қош келдіңіздер!

Бүгінгі ән жырымыз сіздерге арналады аяулы аналар, аяулы ұстаздар!


2)Аяулы анашым, бізді аялап, еркелеп, ардақтап өсірген, өмір сыйлаған, қанат берген, Ана! Ең ауыр күндерде маңдайымызды сипап күш берген, Ана! Өмірге махабатты, жастарға ,үлкендерге құрмет-іззетті, адамгершілікті, жалпы әдептілік қасиеттерін бойымызға, жанымызға ақ сүті мен сіңдіре алған, бірғана күлкіміз, жымыюмызға, өз өмірін қиюға дайын тұрған, ақкөңіл, мейрімді сіз- Аналарсыз біз өмір сүре алармекенбіз?.
3)Ана тұралы жырламайтын ақын, ана тұралы ән салмайтын адам жоқ шығар сірә. Солардың бірі класстасымыз Нурматваева Нафиса өзі жазған өлеңін, әндетіп салады қабыл алыңыздар!.

-Кезекті өлеңдерге береміз:
4) Ана деген қудіретті жан екен,

Ана деген асыл арман бақ екен.

Түн ұйқысын төрт бөліп өсірген,

Салмақты да, аяулы жан екен.



Сөздің көркі- мән, тойдың көркі ән, демекші кезекті әнге берейік.
5) Анам менің қартаймашы мәнгі жаса

Жүзге толып күлімдеші жадыра

Жыламашы мұңаймашы еш қашан

Шашыңа ақ түспесін жарайма.



---Кезекті өлеңдерге береміз:

---би:

6) Пайғамбарымыздың 386-хадисінде Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер деген екен. Халқымызда сондай нақыл сөз бар: «Әке-анаңа алақаныңда нан пісіріп берсең де олардың қарзын өтей алмайсың, деген.


1)Ана! Ана! Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді, осынау үш әріптен құралғанған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші. Осы жерде отырған барлық барлық ұстаз аналардың отбасына береке, бірлік тілейміз. 3-«В» СЫНЫП оқушылары орындайтын тақпақтарды тыңдайық.
2)Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.


Аққуларды аяулы деп мақтайды, бұлбұлдар болса гүл құштары дейіледі. Дүниедегі барлық жанзат шапағатты, аяулықты сізден үйренсін. Бұлбұлдар әсем күйді сіздің әлдиңізден үйренсін, ардақты аналар.

Ақыры, таңға дейін көз жұмбастан әлди айтқан сіз емеспе? Бесік- беленшігіміз құшақтап әлди айтқан сіз емес пе?

-Әлди әни орындалады:

Барлығы

3) Күнсіз жарықтық жоқ, махабатсыз бақыт-жылулық жоқ, әйелсіз махабат жоқ. Анасыз адам да, анасыз қахарман да жоқ. Ана махабаты адамға қанат бітіреді, күш береді. Ерлікке рухлантырады. Сол сияқты Әлия, Мәншүк сияқты қахарман апаларымыз болған.

Мақтаныңдар аналар,

Қыздардан батыр дана бар.

Әлем сүйген батырлар,

Әлия, Маншүк апалар.



Сахна көрініс тамашалаңыздар:
4)Ағайынмен қауышып,

Аман сәлемдесеміз.

Әннен күйге ауысып

Би билеуге көшеміз. Би:


5)Анам менің қартаймашы мәңгі жаса,

Жүзге толып күлімдеші жадыра,

Жыламашы, мұңаймашы еш қашан,

Шашыңа ақ түспесін жарай ма!


6) Өмірдің иесі сен Ғазиз Ана,

Келтірген дүниеге небір дана

Анасыз батыр да жоқ, ақында жоқ

Өмірдің алтын кілті сенде ғана.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Т. Әбдікәрімова, С. Рахметова, Б. Қабатаева Ана тілі Алматы «Атамұра»1999


2. Г. И. Уәйісова, Ә.Е. Жұмабаева Алматы «Атамұра» 2010

3. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы 1990

4. Қ.Аймағанбетова. Қ.Бозжанова «Ана тілін оқыту жөнінде 1-класс мұғалімдеріне арналған құрал».

Алматы 1970

5.Р.Әміров «Бірінші класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар»

Алматы 1957







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет