Білім берудің қазіргі əдістемелері мен технологиялары – Современные методики и технологии обучения - Қазақ газеттерінің тарихына тоқталу;
- Алғашқы қазақ газеттерінің қоғамдық-
əлеуметтік қызметін көрсету;
- Газеттегі қоғам мен саясатты танытатын
сөздердің қолданыс аясы мен өзіндік ерек-
шеліктерін анықтау;
- Алғашқы қазақ газеттеріндегі қоғамдық-
саяси лексиканы семантикалық топтарға
бөлу;
- Қоғам мен саясатты танытатын сөздердің
газет лексикасын қалыптастырудағы рөлін
айқындау.
5. Алдымен практикалық бөлігін жазып
алып, жұмыстың теориясын соңынан жаза-
мын деп ойлау.
Əдетте ғылыми теориялық əдебиеттермен
жұмыс істеуден гөрі жұмыстың практикалық
бөлігіне бірден кірісіп кету жеңіл көрінеді.
Əзірге кітапханаға баратын мүмкіндік жоқ,
теориялық бөлігін соңынан жаза саламын де-
ген ойлар болатыны рас. Алайда ол жұмыстың
сапасын төмендете түсетін басты қателік бо-
лып табылады. Кез келген ғылыми жұмыс ең
алдымен ғылыми теорияға негізделуі қажет.
Ғылыми логикасы айқын болмаған жұмыс
ешқашан дұрыс жазылмайды. Яғни теориялық
мəнін түсінбегеннен кейін, адам практикалық
бөлігінде қателесуі мүмкін. Мысалы, зерт-
теу жұмысының тақырыбы фразеологизмдер
туралы болса, жоба жазушы алдымен сол
фразеологизмдер жайында терең теориялық
біліммен қаруланып алмайынша, өз талдаула-
рын дұрыс жүргізе алмайды. В. Виноградов,
І. Кеңесбаев, С. Аманжолов, М. Балақаев, Г.
Смағұлова, т.б.
Айталық, алғашқы қазақ газеттері жайлы
ғылыми жобаны жазу үшін қазақ баспасөзінің
көне бастаушы басылымы болып санала-
тын «Түркістан уалаятының газеті», «Дала
уалаятының газеті» басылымдарының хал-
қы мыздың саяси-əлеуметтік, əдеби, мəдени
ой-пікірін оятып, қалыптастыруға септігін
тигіз уі жайындағы тарихи мəліметтермен
қару лану қажет.
Газет бетінде қазақ елінің экономикасын-
дағы прогрестік өзгерістер, егіншілік пен
отырықшылықтың бұрынғыдан гөрі дами
бас тауы жайындағы мағлұматтар, қазақ елі-
нің басқа елдермен қарым-қатынасы, эко-
номикасын өркендетудегі темір жолдың
рөлі, алғашқы телеграф сымын жүргізу, по-
чта қатынастарын қалыптастыру жөніндегі
мəліметтер, Қытайда болған ұйғыр мен
дұнғандар көтерілісі, олардың феодалдық
жəне ұлттық езгіге шыдамай отанына қоныс
аударып, Жетісу бойына көшіп келгені хабар-
лануы жайындағы т.б. жайлы көптеген саяси-
əлеуметтік, қоғамдық мəліметтер газет тілінде
қоғамдық-саяси лексиканың қалыптаса ба-
стауына əсер еткен. Осы мəліметтерді оқып,
меңгерген кезде, жоба жазушы ары қарай өз
практикалық талдауларын жүйелі жүргізе
алады.
6. Жұмыстың тек қана теориялық матери-
алдардан тұруы немесе практикалық бөлігінің
болмауы.
Бұл қателік жоба жазушылар арасында
жиі кездеседі. Əсіресе жеңіл жол іздеушілер
уақыт аз қалғанда кірісіп, жобаны тез ара-
да аяқтау керек деп, асыққан кезде, осын-
дай қателікке ұрынады. Бұл − ең алдымен
тақырыпты толық меңгермеген адамның ісі.
Əдетте, ондай жобалардың негізгі бөлімі
түгелдей тек қана теориялық материалдан
тұрады, жұмыстың өзіндік талдауы, яғни,
практикалық бөлігі болмайды. Ал тұтасымен
теориядан тұратын жұмыстың қайдан алы-
нып, жазылатыны өз-өзінен белгілі. Əрине,
кітаптан тұтасымен көшірілген дүние болып
шығады. Оқушының өзіндік еңбегі сіңбеген
ондай жұмысты тексеруші комиссия мүшелері
бірден байқайды.
7. Ғылыми əдебиеттермен жұмыс жасау-
дағы қателіктер.
- Таптаурын болған пікірлер, ескі көзқарас-
тағы еңбектерге сілтеме жасау;
- Тақырып бойынша ең басты деген əде-
биетті қалдырып кету;
- Əдебиеттерге талдау жасау кезінде өзіндік
тұжырымдардың болмауы;
- Цитаталарды дұрыс бере алмау;
- Жұмысты жаза бастаған алғашқы күннен
бастап əдебиеттер тізіміне мұқият қарамау.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі жобаның
құн дылығын танытатын басты көрсеткіш
бо лып табылады. Комиссия мүшелері əде-