Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілдік және коммуникативтік құзырлылықтарын қалыптастыру



Дата08.07.2018
өлшемі40 Kb.
#48426
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілдік және коммуникативтік құзырлылықтарын қалыптастыру .
Қазақ тілі әдістемесі-тарихи жағынан дамыған, жетілген теориялық

негізі қалыптасқан, белгілі бір жүйеге келген ғылым.

Қазақ тілін орыс сыныптарында нәтижелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіру, түсіну- бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі- оқушы тілін дамыту процесі.

Орыс тілді оқушыларға қазақ тілін оқытудағы басты мақсат- сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге үйрету, сондықтан да коммуникативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрады. Қазақ тілін орыс тілді балаларға игертуге коммуникативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрғандықтан, тіл материалдары болсын, оны игертуге негізделген жаттығулар болсын, сондай-ақ тіл дамыту жұмыстары болсын түгелдей қазақша сөйлей білуге, өз ойын айта білуге бағытталуы қажет.

Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты- оқушылар белгілі бір дәрежеде қазақша сөйлеп, өз ойын басқа біреуге жеткізе алатындай, сондай-ақ өзгенің сөзін ұға, түсіне алатындай деңгейге жету.Оқушыларды осындай деңгейге жеткізу үшін тілді жеке сөз түрінде емес, сөйлем түрінде үйреткен тиімді.

Әрине, қазақ сыныптарында тіл дамыту жұмыстарына барлық пәндері жан- жақты жүргізіледі. Ал орыс сыныптарында тек қазақ тілі сабағында қазақша сөйлеуге талпынтамыз. Ол үшін көп жұмыс жүргізілуі қажет. Тіл дамыту үшін сөздік жұмыстарына да көп көңіл қоя білу керек. Кез келген сөзді бір-бірімен байланыстыра, тіркестіре салуға болмайтындығын жете түсіндірген жөн.

Тіл дамытуға арналған жұмыстардың барлығы оқушылардың тіл байлығын, білім деңгейін, сана сезімін, сауаттылығын дамытуға көмегі зор. Сонымен қатар оқушыларды ауызша және жазбаша түрде, ойларын дұрыс мазмұнды жеткіз білуге талпындырады.

Мен өз сабақтарымда оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастыру мақсатында диолог, монолог құрастырып, мақал-мәтелдермен сөйлемдерді дұрыс құрастыру жұмыстарын өткіземін. Осы жұмыстарымның тиімділігіне көз жеткізу үшін 6 сыныпта «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында өткізілген ашық сабағымды ұсынамын.



Тақырып: Менің Отаным-Қазақстан.

Мақсат: «Менің Отаным -Қазақстан» модуліндегі тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

Сөздік қорын молайту, ой-өрісін, танымдылық қабілетін қазақша ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.

Өз Отанын, елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, сүйіспеншілік сезімін ояту.

Көрнекіліктер: интер. тақта, асық, тест, үнтаспа.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, әңгімелеу, диалог, өздік жұмыс, топпен жұмыс т.б.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

2. Әнұранды орындау.

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Білуіміз керек: рәміздерді, тіл туралы, салт-дәстүрлерді, Қазақстанның тарихын ...

Игеруіміз керек: қойылған сұрақтарға толық жауап беру, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, өз ойайқаларынды еркін жеткізе білу т.б.

Бүгін өздерін байқап отырған боларсыздар екі топқа бөлініп, сайыс сабағын өткіземіз. І-топ «Бүркіт» тобы, ІІ- топ «Тұлпар» тобы. Алдарымызда көріп отырған жеті сандық. Осы құпия сандықтарымыздың ішінде тапсырмалар бар, сандықтарды ашып, тапсырмаларды орындаймыз. 7 сандық алған себебім, өйткені 7 қазақ халқының қасиетті саны болып есептеледі және біз 7 мектепте оқимыз. Ал сайысымызды бастайық. Бәрін белсенді қатысып отырыныздар.

Сандықты ашпас бұрын проблемалық сұрақ қойылады. Отаншыл болу үшін әр азаматтың бойында қандай асыл қасиеттер болу керек? Осы сұраққа сабақтың соңында жауап бересіздер.



ІІ. Қайталау кезеңі:

1 сандық. (Тіл)

«Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» дейді Н.Назарбаев. Бәріміз елбасымызбен келісеміз.

1 тапсырма. Сұрақтарға жауап беру:


  • Сенің ана тілің қай тіл?

  • Сен қандай шетел тілдерін білесің?

  • Шетел тілінде көркем әдебиеттер оқисың ба?

  • Қанатты тілдер, афоризімдер білесің бе?

2 тапсырма. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» деген сөз бар.Бұл өте құнды кеңес. Сыныптастарына полиглот болу үшін не істеу керек жайында қандай кеңес бере аласыңдар?

1 кеңес ...


2 кеңес...

3 тапсырма. «Тілді білсең мақалдап айт, мақал- сөздің, тілдің көркі». Келесі тапсырма мақалдарды аяқтаңдар.

Шешеннің тілі- ... (ортақ)

Ырыс алды -... (ынтымақ)

Бірлік бар жерде - ...(тірлік бар)

Бірлік еткен озар-... (бірлеспеген тозар)

Өнер алды-... (қызыл тіл)

Шешен сөз бастар- ... (батыр қол бастар)

4 тапсырма. Мақалды қалай түсінесіңдер? Өз сөздерімен түсіндіру.

«Уәде алтыннан да қымбат» 1топ.

«Тиыннан теңге құралады» 2 топ.

5 тапсырма. Сөзжұмбақты шешіп, келесі сандыққа түсеміз.

Сөзжұмбақты шешсеңіздер келесі тапсырманың тақырыбын білесіздер.

Сұрақтар:



  1. Халық ауыз әдебиеті (мақал)

  2. Тудың көгілдір түсі ненің белгісі? (аспан)

  3. Высотный деген аудармасы қалай? (зәулім)

  4. Өте сирек кездесетін ерекше алғыр аң (барыс)

  5. Қазақ халқы қандай халық? (қайырымды)

  6. Қазақстанның қаласы (Семей)

  7. Қазақстан Республикасының Бірдей бір заңды төлем құралы (теңге)

  8. Ел ертеңі кім? (жастар)

9. Қазіргі кезде әрбір жас адам нені игеруге ұмтылу керек? (мамандық)
2 сандық. (Қазақстан)

Қазақстан картасы бойынша монолог құрастыу.



3 сандық. (Президенттің жолдауы).

Біздің президент Қазақстан халқына 2030 жылға арналған жолдау жасады. Сол жолдауда не деген? Сызба бойынша әңгімелеу.



Президенттің жолдауы

4 сандық (Астана).

1) Қазақстан туралы білесіңдер. Ал астана туралы не айта аласыңдар? Сұхбаттасу.

2)Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.

5 сандық. Ту- ол ҚР мемлекет белгілерінің бірі. Тудан басқа қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?

1 тап. Оқушылар ҚР елтаңбасын бөліктерін жинап, әңгімелеу.

2 тап. Синоним сөз. табу. Антонимдер:

Сыйлау –құрметтеу биік -аласа

Татуласу-достасу кең -тар

Намысқор-намысшыл бай -кедей

Болашақ –келешек пайда-зияң

Байлық –қазына



ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

6 сандық (Салт дәстүр). Үй тапсырмасы.

«Әр елдің салты басқа. Қазақ халқы өз салт-дәстүрлерімен бай халық. – Қандай қазақ халқының салт- дәстүрлерін білесіңдер?» (Оқушылар, әр топ өз дайындап әкелген салт-дәстүрлерін көрсетеді). 1 топ- «Қырқынан шығару», 2 топ «Шашу».



7 сандық (Отаншыл).

Проблемалық сұрақтарға жауап беру.



Отаншыл болу үшін әр азаматтың бойында қандай асыл қасиеттер болу керек?

мемлекеттік тіл Ана тілін білу, құрметтеу



Отаншыл

Салт-дәстүрлер Рәміздер

Туған жердің тарихын


IV. Өздік жұмыс. Тест.
V. Сабақты қорытындылау. Бағалау.

VІ. Үй тапсырмасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет