7. Үндестік заңы
Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен-бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады. Мысалы: балалар (балалер емес), үйлер (үйлар емес), ауылға (ауылге емес), көшеде (көшеда емес), т.б.
Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда (жазта емес), т.б.
Сөйтіп, сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.
Үндестік заңы екі түрлі: а) буын үндестігі; ә) дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі
Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз.
Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, ана, бақыт, баға, сана, намыс, егіз, өріс, төсек, кереге, кілем, т.б.
Дыбыс үндестігі
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы: қаздар (қазтар емес), есептер (есепдер емес), әкеге (әкеке емес), мектебі (мектепі емес), қасығы (қасықы емес).
9. Бақылау жұмыстары:
Когнитивті – білім компетенциясы бойынша
В) Үндестік заңына бағынатын сөздерді бір бағанға, бағынбайтын сөздерді екінші бағанға бөліп жазыңыз.
ұшқыш, көше, бүгін, бөлшек, дәріхана, елорда, өнерпаз, елші, пайдакүнем, сәнқой, баланікі, рольдер, депутат, қазметші.
Г) Жоғарыдағы үндестік зағына бағынбайтын сөздердің бағынбау заңдылығын түсіндіріңіз.Үлгі: депутат – үндестік заңына бағынбайды, кірме сөз.
Коммуникативті компетенциябойынша
Ғ)Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап ала алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.
Д) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.
Операционалды – дағды компетенциясыбойынша
Ж) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.
Аурулар режімін, зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып,
|
есіткенімді құпия есептеп, жан баласына айтпаймын.
|
Емдеу езінде, сондай-ақ емдемеген кезде де, адам өмірінің ішіндегі мүлдем жариялауға болмайтын жайларды көргенімді немесе
|
әдейі қиянат пен қастандық жасаудан, әсіресе әйелдер мен еркектер азат адамдар мен құлдар арасындағы махаббаттан аулақпын.
|
Қайсы үйге кірсем де аурудың қамын ойлаймын,
|
ең алдымен аурудың қамын ойлаймын.
|
Кез-келген адамға дәрігерлік көмегім қажет болғанда бас тартпай орындаймын,
|
адамгершілік атты ардан өзімді жоғары ұстаймын деп ант етемін.
|
Медицина жетістіктерімен үнемі танысып, дәрігерлік шеберлігімді үздіксіз дамытып,
|
шама-шарқымның барынша оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын.
|
Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша
И) Төменде Мұқағали Мақатаевтың «Болашақ дәрігерге» өлеңі көзқарасыңызды білдіріңіз.
Тоқта-тоқта, ей, жігіт, аялдағын,
Қане, қалай жағдайын, баяндағын.
... Тәжирибе мектебін өтіп жүрсең,
Дәрігерлік кәсіпке таянғаның.
Енді алдыңда тұрады тірі жандар
Бірі сүйіп, кім білсін, бірі қарғар ...
Қимылдамай кірпігі жатса-дағы,
Байқағайсың, шықпаған тірі жан бар.
Кәсібіңнен кетпегей жеріп мүлде,
(Ақыл айтып кеттім-ау, желіктім бе)
Өлгендерді тірілтем деп ойлағай
Денесінен жан ізде өліктің де.
Жолың болсын, бара ғой, айналайын,
Айналайын, қорғаушым, қарағадайым!
Кәсібіңе мен сенің басымды ием,
Басымды ием, несіне арланайын...
9. Буын, бунақ, екпін
Буынның жасалуы. Буынға тән белгілер. Буынның түрлері. Буын жігі және тасымал. Буынның дыбыстық құрамы, сөздің буын құрамы. Қазақ тілінде буынның маңызы. Дыбыс жылысуы. Дыбыс жылысуы туралы түсінік. Дыбыс жылысуының себебі. Жылысатын дыбыс. Дыбыс жылысуынан пайда болатын заңға қайшы буындар. Дыбыс жылысуының орфоэпияға қатысы. Бунақ туралы түсінік. Бунақтың маңызы. Бунақтың құрамы. Қара сөз бен өлең бунақтарының ерекшеліктері. Бунақтың сөйлеудегі (орфоэпия) маңызы. Бунақтар жапсарын жаба, аша сөйлеудің туындайтын ерекшеліктер. Екпін туралы түсінік, екпінге көзқарас. Бунақ екпіні. Екпін және ырғақ. Ырғақтың маңызы. Екпін, ырғақтың сөз, бунақ мағынасын саралау қызметі.
Дыбыстардың үндестігі
Үндестік заңы. Дыбыстар мен буындардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік – тілдің болмысынан туатын заң. Негізгі үндестік заңдардың түрлері, оның сыры. Сөздің құрамындағы буындардың бірыңғай жуан немесе жіңішке, еріндік болып үндесуінің себебі. Қатаң мен ұяң дауыссыздардың үйлесімсіздігі. Көрші дыбыстардың тіл табысуына әсер ететін факторлар. Үндестік заңның түрлері. Буын (тіл, ерін) үндесімі. Дыбыс (үйлестік, бейімдестік, бейүндестік) үндесімі. Дыбыстардың алмасуы – үндестіктің табиғатынан туатыны. Алмасу – дыбыс, буынның бірін-бірі игеруінің нәтижесі. Дыбыстық сәйкестік тіл заңынан тыс болатыны. Ықпал туралы түсінік. Ықпалдың түрі. Ықпалдың бағыты. Көрші буындар мен дыбыстардың үнемі ықпалдасып, бірін-бірі игеріп тұратыны. Игеру – ықпалдың нәтижесі. Толық және жартылай игеру. Артикуляциялық және акустикалық игеру. Акустикалық игерудің күшті болатыны. Игеру нәтижесінде акустика-артикуляциялық жақтан әр басқа дыбыстар алмасуға ұшырап барып тіл табысатыны.
Буын үндестігі
Тіл үндестігі –тілдің үнемді жұмысына негізделетіні. Буындардың бірыңғай жуан, жіңішке болып қиындасып тұратыны. Бұл көнеден келе жатқан заң, қазіргі қазақ тілінде әсіресе байырғы сөздерде жақсы сақталған. Бунақ ішіндегі аралас буынды сөздердің қайсыбірі бірыңғайланып кету себебі. Тілдегі аралас буынды сөздің негізінен кірме сөздер болып келетіні, олардың игерілмей қалуына «оқығандардың» (Халел), жазудың ықпалы. Орыс сөздерінің тіл үндестігіне қатысы. Қазіргі қазақтың аты-жөнінің айтылуы, жазылуындағы заңсыздықтар. Орыстың «-ов», «-ова», «-ич», «-овна» — тіл үндестігіне қастандық екендігі. Осы заңға илікпейтін қосымшалар, оның себебі, кері ықпал. Ерін үндестігі – еріннің үнемді жұмысының нәтижесі. Ерін үнедстігі туралы түсінік. Ерін үндестігіне көзқарас. Еріндіктерді бас буында ғана жазу ережесінің авторы. Оның себебі, салдары. Қазақ тілінде де ерін үндестігінің күшті болғанына дәлелдер. Н.Ильминский, В.Радлов, П.Мелииоранский т.б. зерттеушілер еңбегіндегі ерін үндестігінің жайы. Ерін үндестігінің тілдік табиғатына қатысы. Еріндік, езуліктердің тіркесу ерекшіліктері – ерін үндестігінің көрсеткіші. Үнді у дауыссызының өзінен кейінгі қысаң дауыстылардың еріндік болуына ықпал жасауының себебі. Ерін үндестігінің дауыссыздарға етер әсері. Еріндіктердің езулікке айналуы.
Дыбыс үндестігі
Бейімдестік (аккомодация) –дауысты дыбыстардың өзара тіл табысуы, үндесуі. Дауыстылардың әркез дауыссыздардың игеріп тұратыны. Дауыссыздардың да ықпалы болатыны. Сөз соңында, сөз басында келетін (қ, к, п) қатаңдарының алмасуға бейімділігі. Бұл қасиеттің т,с,ш ерме қатаңдарында жоқтығы, оның себебі. Бейімдестік кезінде қысаңдардың түсіп қалу құбылысы. Кейбір етістіктердің соңындағы езулік ы, і қысаңдарының у жұрнағының еріндікке айналуы. Кейбір п-ға аяқталатын етістіктерге көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанғанда у-ға айналу себебі. Сөз соңындағы қатаң қ,к,п-ның дауысты ықпалына илікпейтін тұстары, себебі. Үйлестік (ассимиляция) –дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан үндесіп, тіл табысуы. Ілгерінді ықпал кезіндегі алмасулар, олардың сыры. Қатаңнан соң қатаң, ұяңнан соң ұяңның келу себебі. Қатаңдардың өзара үйлесімі кезінде болатын дыбыстық өзгерістер: кқ, сш, шс, тш, тс тіркестерінің фонологиялық табиғаты. Айтуда ұшырайтын өзгерістердің акустика-артикуляциялық сыры. Қатаңдар мен үнділердің, қатаңдар мен ұяңдардың және керісінше тіркесіп айтылуына ұшырайтын алмасулар, олардың сыры. Кейінді ықпал кезінде пайда болатын алмасулар. Кейінді ықпалда жасалымның, ілгері ықпалда айтылымның алға шығатыны, оның себептері. Бейүндестік (диссимляция), оның себебі. Оған көзқарас, түрлері.
Орфоэпия
Орфоэпия туралы түсінік Офоэпияның әдеби тілдегі орны, маңызы. Орфоэпияның зерттелуі. Орфоэпиялық норманың негізгі критерийлері. Оған көзқарас. Орфоэпияның халықтың ғасырлар бойғы сөйлеу практикасына негізділетіні. Қазақ орфоэпиясының қазіргі жай-күйі. Дауысты-дауыссыз дыбыстардың және кейбір сөздер мен қосымшалардың айтылуындағы ауытқулар. Дыбыстар үндесімі және орфоэпия. Дыбыстар тіркесі және орфоэпия. Орфоэпия пен орфографияның арақатысы. Орфографиялық норма және орфоэпиялық норма критерийлері. Тіліміздегі кірме сөздердің орфограммасы мен орфоэпиясы. Орфоэпиялық сөздіктер, олардың ұстанған принциптері. Дыбыстық үнедестіктердің, дыбыстық заңдардың сөздіктерде басшылыққа алыну дәрежесі. Сөздіктердің арасындағы алшақтықтар.
Графика
Графика туралы түсінік. Әріп – дыбыстың шартты таңбасы. Графика мен орфографияның арақатысы. Графика мен алфавит. Графиканың мақсаты – дыбыстарды дәл беру. Графема, фонема. Қазақ жазуының тарихы. Қазақ әріптерінің тарихы. Қазақ жазуы – фонемалық жазу. Әріптердің негізгі және қосалқы мәні. Бір мәнді, көп мәнді әріптер. Әріптердің аттары – әріп аттарының буын түрінде келу себебі. Әріптердің дыбыстық мәні. Жеке дыбысқа сай келетін әріптер, қосынды дыбыстарды таңбалайтын әріптер. Жеке дыбысқа сай келетін әріптер, қосынды дыбыстарды таңбалайтын әріптер. И, у, ю, я әріптерінің дыбыстық мәні.
Орфография
Орфография туралы түсінік. Қазақ орфографиясының тарихы. Қазақ орфографиясын қалыптастырудағы А.Байтұрсынұлының қызметі. Орфографияның негізгі принциптері. Морфологиялық принциптің артықшылықтары мен кемшіліктері. Фонетикалық принциптердің артықшылғы мен қиындықтары. Дәстүрлі принцип, оның қайшылықтары. Дифференциялаушы принцип. Қазақ тіліндегі дифференциялаушы принциптердің көріністері (үкімет-өкімет, ауа-әуе, уақиға-оқиға, ғылым-ілім, қазір-әзір т.б). қазақ орфографиясының негізгі принципі. Орфографиялық сөздіктер. Олардағы азын-аулақ ауытқудың түрлері, себептері. «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері». Оның құрылымы, мәні. Фонетикалық қиыншылықтар. Орфографияны жетілдіру жолдары. Фонетикалық талдау, оның мақсаты, мәні, мазмұны.
11. ЛЕКСИКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН САЛАЛАРЫ
Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы — тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалык единицалардың (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөздік кұрамы /лексикасы) кұралады. Әрбір тілдің сөздік кұрамындағы сөз-қаншама көп және алуан түрлі болғанмен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөз-құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады.
Қатынас құралы ретіндегі тілдің сөздік құрамына және лексикалық единица ретіндегі сөздің табиғатына қатысты жалпы лингвистикалық проблемалар бар. Олардың қатарына тілдің лексика-семантикалық жүйесі туралы мәселе, тілдік единицалардың, ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басты белгілер, сөз бен ұғымының ара қатысы, сөздің лексикалық мағыналарының түрлері, сөздің лексикалық және грамматикалық мағына-ларының ара қатысы мен байланысы және т. б. мәселелер өнеді. Бұлар лексикология теориясының жалпы проблемалары ретінде лексикологияда (общая лексикология) қарастырылады. Ал нақты бір тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда (частная лексикология) қарастырылады. Жалпы лексикология мен жалқы (жеке) лексикология бір-бірімен байланыста болады. Бұлай болатындығы мынадан: коғамдық құбылыс ретіндегі жалпы адам баласының тілін сипаттайтын жалпы заңдылықтар жеке, нақтылы тілге де тән болады. Мысалы қоғам дамуының барысында жаңа сөздердің жасалып, тілдің толығуы, дамуы, кейбір ескірген сөздердің одан шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы — тіл атаулыға тән жалпы заңдылық. Сондай-ак, тілдің сөз мағынасының өзгеруі, көп мағыналы сөздердің жасалуы және синонимдік қатарлардын. пайда болуы — осылардың бәрі тілдердің барлығында да бар. Қатынас құралы, қоғамдық кұбылыс ретіндегі тіл атаулыға тән жалпы кұбылыстар мен заңдылықтар дүние жүзіндегі тілдердің арқайсысында (нақты, жеке тілдерде) түрліше (өзіндік ерекшелігімен) көрінуі мүмкін. Мысалы, дүние жүзіндегі тілдердін бәрі де туынды сөздер сөз тудырудың белгілі бір тәсілдері бойынша жасалады. Сөз тудырудың бір тәсілі — сөздерді біріктіру тәсілі. Сөз тудырудың біріктіру тәсілі әр түрлі тәсілдерде түрліше дәрежеде көрінуі және әрекет етуі мүмкін. Бұл тәсіл, мысалы, басқа тілдерге қарағанда, көбінесе неміс тіліне тән және неміс тілі үшін ең өнімді тәсіл болып саналады. Осыған орай, неміс тілінде біріккен сөздер өте жиі ұшырасады. Сөздердің қосарлану тәсілі түрлі тілдерде бар, әсіресе ол түркі тілдеріне өте-мөте тән. Осыған орай, басқа тілдерге қарағанда, қос сөздер түркі тілдерінің лексикасында анағұрлым мол. Омонимдер және олардың фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде, түбірге омонимдес аффикстердің жалғануы немесе сөздің семантикалық дамуы нәтижесінде жасалуы түрлі тілдерде кездесе береді. Аталған тәсілдердің ішінде аффикстердің жалғануы арқылы туынды омонимдердін жасалуы әсіресе орыс тіліне өте-мөте тән болып саналады. Орыс тілінде, осыған орай, түбір омонимдерге қарағанда, туынды омонимдер анағұрлым жиі ұшырасады. Бұл айтылғандар тілдің лексикасын сипаттайтын құбылыстар мен жалпы зандылықтар түрлі тілдерге тән екендігін және ол құбылыстар мен заңдылықтар нақтылы, жеке тілдерде олардың (тілдердің) өзіндік ерекшеліктеріне орайласып, түрліше көрініс табатындығын аңғартады.
Жалпы қатынас құралы ретіндегі тіл атаулының лексикалық жағына тән құбылыстар мен жалпылама заңдылыктар мен ұғымдар жалпы лсксикологияда қарастырылса, лексикалық құбылыстар мен жалпы зандылықтардың жеке, нақтылы тілдердің лексикасына икемделіп көрініс табуы және әрбір тілдің сөздік құрамы мен оның дамуы, өзіндік ерекшеліктері жалқы лексикологияда (жеке, нақтылы тілдің лексикологиясында) қарастырылады. Әрбір тілдің лексикологиясы (жеке лексикология) жалпы лексикологияның жалпы теориялық кағидаларына негізделеді де, нақты бір тілдің лексикасын зерттейді.
Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан «немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі тұрғысынан қарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихы (диахрониялық) лексикология және сипаттама (синхрониялык) лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік құрамы шығуы, замандар бойында қалыптасуы және дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттелінеді. Ал сипаттама немесе синхрониялық лексикологияда, мысалы «Қазіргі орыс тілі», «Қазіргі ағылшын тілі», «Қазіргі қазак тілі» атты пәндердің лексикология білімдерінде, аталған тілдердің (орыс, ағылшын, қазақ тілдерінің) лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағыналық кұрылымы, лексиканы құрастырушы арналар мен қаткабаттар, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан дифференциалануы, сөздердің қолданылу аясы, мағыналардың қарым- қатынасына қарай сөздердің топтасуы (синонимдер, чомонимдер, антонимдер) және т. б. мәселелер қарастырылады.
Қазіргі тілдің сөздік кұрамы бір-бірімен байланысты өзара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және уақыт бойында толығу, даму күйінде болады. Демек, синхрониялық лексикологияда тілдің сөздік құрамы өзара байланысты элементтердін лексикалық жүйесі тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге дамуы тұрғысынан да қаралуы керек. Осыған орай, сипаттама (синхрониялық) лексикологияда, қажет болған жағдайда тарихи мәліметтер мен түсініктер де беріледі. Мұндай тарихи мәліметтер мен түсініктер қазіргі тілдегі лексикалық құбылыстардың табиғатын жете түсінуге көмектеседі. История' принципі диахрониялық лингвистика үшін ғана емес (бұл түсінікті аксиома), синхрониялық лингвистика және барлық салалары, сонын, ішінде сипаттама (синхрониялық лексикология үшін де өте-мөте қажет. Сипаттама лекситарихи лексикологияны, әрине, ауыстыра алмайды . Бұл жерде әңгіме сипаттама лексикологияда тілдік сөздік кұрамының қазіргі қалпын және даму сипатын ғылыми тұрғыдан ашып айқындауда кажетінше деректерге сүйенудің маңызы жайында болып отыр. Тарихи лексикологияның бір саласы — этимология. Этимологиялық сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашкы мағынасын қандай болғандығын айқындайды. Этимология зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте күшті.
Тілдің тарихы мен ондағы сөздердің тарихы халықтың тарихымен тығыз байланысты болады. Осыған орай, сөздердің шығудағы этимологиялық зерттеулер тарихи және этногенетикалық мәселелерді қарастырып шешуде айрықша маңызға ие болады. Сөздер бір тілден басқа бір тілге ауысып этимологиялық зерттеулер белгілі бір тілдің ерте замандарда енген кірме сөздердің ену жолдарын да қарастырады. Көне замандарда бір тілге еніп, әбден қалыптасып кеткен кірме сөздер.
12. Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру,
16. Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.
Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.
Ат — жұмыс көлігі;
Ат — есім, атау;
Ат — етістік (бұйрық рай).
Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.
Қас деген төрт сөз бар:
қас — адамның қабағындағы қас;
қас — дұшпан, жау;
қас — бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);
қас — ердің қасы
Бұлар да — бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.
Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.
Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.
1.Синоним- мағынасы жағынан бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: Қысқа-келте-шолақ; мықты - берік-күшті; сыйлау-қадірлеу-құрметтеу.
2.Антоним-тіліміздегі кейбір сөздердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. М: ұзын-қысқа, жеңіл-қиын, қара-ақ, ыстық-жылы.
3.Омоним-тіліміздегі кейбір сөздердің дыбысталуы бірдей болғанымен, мағыналары бөлек сөздер. М: Ай- түнде жарық сәуле беріп тұратын планета. Ай- жылдың 12-ден бір бөлігін қамтитын мезгіл. Ара-жәндік, ара-құрал.
18. Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |