Қазақ тілі тест (наурыз) №4 Тіл дыбыстары ненің қатысына қарай еріндік, езулік деп бөлінеді?



Дата15.09.2017
өлшемі154,23 Kb.
#32278
Қазақ тілі тест (наурыз) №4

1. Тіл дыбыстары ненің қатысына қарай еріндік, езулік деп бөлінеді?
A. Еріннің; B. Тістің; C. Жақтың; D. Тілдің.
2. Қай дыбыстар жуан дауыстыға жатады?
A. ә, е, і, ы; B. қ, п, т, с; C. ы, ұ, ө, е; D. а, о, ұ, ы.

3.Тұйық буынды сөзді анықтаңыз.
А) Даңғыл. В) Ер.. С) Дәстүр. D) Танысу

4.Қазақ тіліндегі буын түрлерін белгілеңіз.
А) Ашық, қатаң, ұяң. В) Қатаң, ұяң, үнді. С) Ашық, тұйық, бітеу. D) Үнді, бітеу, тұйық.

5.Буын түрін анықтаңыз. Мектеп, сызғыш, .
А) Ашық буын. В) Бітеу буын. С) Бітеу және тұйық буын. D) Тұйық буын.

6.Буынға дұрыс бөлінбеген сөзді анықтаңыз.
А) Те-ре-зе. В)Ал-ма. С) Ес-ке-рткіш. D) Мұ-ға-лім
7.Тек дауыссыз дыбыстан құралған буын түрін белгілеңіз.
А) Тұйық буын. В) Бітеу буын. С) Ашық буын. D) Ашық және тұйық буын
8.Синонимдерді анықтаңыз.
А) Жаман – нашар. В) Биік – аласа. С) Қайрат – мұрат. D) Үлкен – кіші

9.Қымбат-арзан» антоним сөздерінің орысша аудармасын көрсетіңіз.
А) Длинный - короткий. В) Толстый - худой. С) Белый - черный. D) Дешевый - дорогой

10. Етістіктің неше шақтары бар? 

А) 3 В) 4 С) 5 Д) 2 

11.Антонимді табыңыз. Жоғары – төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап.
А) Ұшып тұрса. В) Үйрек - қаз. С) Жоғары – төмен. D) Ұшып тұрса сымпылдап.

12. Сын есімді белгілеңіз.

А) Қар,аспан В) Жақсы, қара С)Тұман,бұлт D) Бес,алты



13. Жіктелген зат есімді табыңыз.

А) Ақынмын В)Ойлайды С)Оқыдым D) Ұсталар



14. Қандай алма? Сұрағына дұрыс жауап беріңіз

А)Қызыл В) Бес С)Бұл D)Кеше



15. Көптік жалғауы жоқ зат есімді көрсетіңіз

А) Қоралар В)Төсектер С)Мамықты D)Жастықтар



16.Жазушы деген сөзге жатыс септіктің қай жалғауы сәйкес келеді, белгілеңіз.

А) –де В)-да С)-на D)-не



17.Ақырын, тез, бірден үстеулері қандай үстеу түріне жатады?

А) қимыл-сын В) мекен С) мақсат, Д)мезгіл



18 Біріккен сөзді белгілеңіз.

А) Өнерлі В) Жүз шақты С) Анда-санда D) Талдықорған Е) Отыздай



19.Жедел өткен шақ етістіктер қатарын белгілеңіз.

А)Бардым, айтасың, келесің В) Барамын, айтасың, келді

С) Барады, айтады, келесің D) Барды, айтты, келді

20. Күрделі сан есімді табыңыз.

А)Жеті В) Алпыс С)Мың D) Сексен тоғыз



21. Мына жалғаулардың түрін белгілеңіз. -ым, -ім, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, -ы, -і

А) тәуелдік В) жіктік С) көптік D)септік



22.Тәуелденген сын есімді табыңыз.
А) Айтарың бар ма? В) Сенің балаң. С) Ешкімің жоқ. D) Жақсың қайсы? Е) Біреуің кел.
23.Сын есімнің салыстырмалы шырай түрі
А) жеп-жеңіл В) ауыр С) ашық Д) қара Е) кішілеу

24. Шартты райы тіркесті ажыратыңыз.

А) Сана.  В) Санаса.  С) Санады.  Д) Санағысы келеді. 


25. Қалау райлы етістікті табыңыз.

А) Келіңдер, келсінВ) Келгісі келді С) Келсе, келсең Д) Келді, келдім




Қазақ тілі тест (наурыз) №5

1. Жуан дауыстыларды тап.
A. ә, о, ү, ы, і; B. ә, ө, ү, і, е; C. а, ө, ұ, і, е; D. а, о, ұ, ы,
2. Құрамында езулік, еріндік дауысты бар сөзді көрсетіңіз.
A. Сызғыш, күнделік; B. Айсәуле, жіп; C. Алма,асқабақ; D. Әйгерім, әже.

3.Ашық буын сөздерді көрсетіңіз
A) Аспан, жайлау, жер. B) Терезе, көше, мереке. C) Ай, ас, мал. D) Үлкен, ұзын, қызық.

4.Буын түрін анықтаңыз. Ұн, үн, аң, оң,ат, ет.
А) Ашық буын. В) Бітеу буын. С) Бітеу және тұйық буын. D) Тұйық буын.

5.Ашық-тұйық-бітеу буынды сөзді табыңыз.
A) Елім. B) Туысқан. C) Бәріміз. D) Әріптес.
6.Тек жіңішке буынды сөзді көрсетіңіз.
A) Інімізге. B) Сыныпта. C) Оқимын. D) Балабақша.

7.«Сұлу», «көркем», «әдемі» сөздер екенін анықтаңыз.
А) Антоним сөздер. В) Омоним сөздер. С) Синоним сөздер. D) Қыстырма сөздер.

8.«Ақылды», «дарынды» синонимдерінің орысша аудармасын анықтаңыз.
А).Здоровый В) Одаренный. С) Красивый. D). Советник

9.Антоним бола алатын сөздер қатарын белгілеңіз.
А) Қайратты - жігерлі. В) Ұстаз - оқытушы. С) Жаман - нашар. D) Биік-аласа

10. Тасымалдауға болмайтын сөздердің қатарын атаңдар.

А) үлкен, кіші В) өрт,көп,шөп С) аңдарға,құсқа D) Ақтөбе,Атырау,Алматы



11. Мекен үстеуді табыңдар.

А)жоғары В)жазда С)кеше D)бүгін



12. Күрделі сан есімді табыңыз.

А)Жеті В) Тоқсан бес С)Мың D) Алпыс


13. Мына жалғаулардың түрін белгілеңіз. -ым, -ім, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, -ы, -і

А)көптік В) жіктік С)тәуелдік D)септік



14 . Ненің? деген сұраққа жауап бертін сөздер:

А) ағамның, әкемнің В)баланың, ұстаның

С)балықтаның , атамның D) түйенің, жылқының

15 . Білімді, еңбекқор қандай сын есімдер?

А) салыстырмалы В) сапалық С)негізгі D) қатыстық



16. Етістіктердің ішінен туынды етістікті табыңыз
A) Оқы, көр.  B) Жасар, бірік.  C) Кір, шық.  D) Жүрді, тұрады.  E) Тұрды, отыр. 

17. Етістіктің нақ осы шақтың түрін анықтаңыз. 
А) естіген болатын В) бара жатыр С) келмекші Д) ұғыпты 

18. Ақырын, тез, бірден үстеулері қандай үстеу түрлеріне жатады?

А)мақсат В)мекен С)қимыл-сын Д)мезгіл Е)күшейткіш

19.Шартты райлы етістікті табыңыз. А)Жазайын В) Жазса. С)Жазғым келеді Д) Жазып отыр

 20. Қалау райлы етістікті табыңыз. А) Барайын  В) Барғым келеді. С) Барса. Д) Барады. 



21.Біріккен сөз А) жасампаз В) өндіріс С) жолсерік Д) алынған Е) тапсырды
22. Бұйыра, талап, тілек етіле айтылу мағынасын білдіретін рай түрін табыңыз.
А) Қалау В) Бұйрық.  С) Шартты Д) Ашық

23.Қалау райдың жұрнақтарын табыңыз.

А)-ды,-ді,-ты,-ті. В)- ған,-ген,-қан,-кен С)-ып,-іп,-п. Д)- қы,ғы,-кі-гі.



24.Шартты рай тұрған сөзді табыңыз.

А)Ойнайын В)Ойнағысы келеді С)Ойнаса Д)Ойнап отыр



25.Бұйрық райдың ІІІ жағын табыңыз.

А)тап В)тапсын С)табайын Д)табыңыз


Қазақ тілі тест (наурыз) №6

1. Қысаң дауыстыларды тап. A. а, ә, ы, и, і, у; B. а, ә, о, і, и, е; C. а, ә, о, ө, е, э; D. ы, і, и, ұ, ү, у.
2. Дауыссыз дыбыстарды тап. A. б, в, д, ж, и; B. н, ң, о, ө, п; C. д, ж, з, й, к; D. л, м, н, ң, ы.

3.Ашық буынды сөзді анықтаңыз. А) Даңғыл. В) Танысу. С) Дәстүр. D) Ермек.

4.Бітеу буынды сөзді анықтаңыз. А) Даңғыл. В) Танысу. С) Отбасы. D) Ерекше.

5.Тұйық буын қалай жасалатынын анықтаңыз.
А) Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбыспен аяқталады.
В) Тек дауысты дыбыстан құралады.
С) Дауыссыздан басталып, дауыссызбен аяқталады.
D) Тек дауыссыз дыбыстан құралады.
Е) Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбыспен аяқталады

6.Жуан буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Сабақ, домбыра. В) Кеме, кесе. С) Терезе, көз. D) Есеп, әтеш.

7.«Мұғалім» сөзінің синонимін анықтаңыз.
А) Сұлу. В) Тамаша. С) Көркем. D) Ұстаз.
8.Синоним бола алатын сөзі бар қатарды анықтаңыз.
А) Жаман, жақсы. В) Үлкен, кіші. С) Шәкірт, оқушы. D) Ерте, кеш.

9. Реттік сан есімнің жұрнақтары:

А) –ншы, -нші В)-шы, -ші С)-ды, -ді D)-ақ, -ек



10.-лар жалғауы жалғанатын сөздер:

А)мал, құс, ет В) төсек, жастық, мамық С) қора, бұзау, сиыр D) аудан, адам, өзен



11 . Барыс септіктің жалғауы бар зат есімді табыңыз.

А) Атаның В)әжемізге С) Сіңлімнің D)Ағаны



12. Көптік жалғауды табыңыз.А) -дар, -дер В)-сын, -сін С) –айық, -ейік D)-са, -се

13.Антонимді белгілеңіз. Алдымен істің ақ-қарасын ажыратып алу қажет.
А) Алдымен. В) Ақ-қарасын. С) Алу қажет. D) Ажыратып алу.

14 «Белый - черный» антоним сөздерінің қазақша аудармасын белгілеңіз.
А) Ұзын - қысқа. В) Биік - аласа. С) Жақсы - жаман. D) Ақ - қара.
15. Келер шақта тұрған етістікті белгілеңіз. 
А) Дәрігер адамдарды емдейді. В) Мұғалім балаларды оқып жатыр. 
С) Кітапханашы кітап берді. Д) Жүргізуші автобус жүргізіп жатыр.

16. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз.

А)Қыруар жұмыс істедік. В) Ілгері жүрді. С) Қаннен-қаперсіз ұйықтады. Д) Таңертең келеді


17. Мақсатты келер шақты табыңыз.

А)Үйренді В)Үйреніп отыр С)Үйренер Д) Үйренбек



18.Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз. 
A) Маңайда.  B) Клубтан.  C) Көркемөнер.  D) Мектептің. 

19. Шығыс септігінде тұрған сөйлемді тап.
A. Мен әкемнің сағатын ала алмадым. B. Мен әкеммен бірге сағат алдым.

C. Мен әкемді жақсы көремін. D. Мен әкемнен көп нәрсе үйрендім.

20 Етістік дегеніміз не? 
А) заттың атын білдіретін сөз табы В) заттың санын білдіретін сөз табы 
С) заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы С) заттың дәмін білдіретін сөз табы 
21.Етістіктің ауыспалы келер шақ шағын көрсетіңіз. 
А) жеткізер В) жеткізген С) жеткізеді Д) жеткізді 

22. Сабақты Қанат айтсын. Етістік қай райда тұр?

А) Қалау В) Бұйрық.  С) Шартты Д) Ашық

23.Сын есімнің салыстырмалы шырай түрі

А) жеп-жеңіл В) ауыр С) ірірек Д) қара Е) ашық
24.Жіктеу есімдігі А) Біз В) кімдер С) өзім Д) бәрі

25.Қалау райдың жұрнақтарын табыңыз.

А)-ды,-ді,-ты,-ті. В)- ған,-ген,-қан,-кен С)-ып,-іп,-п. Д)- қы,ғы,-кі-гі.



Қазақ тілі тест (наурыз) №7

1. Тіл дыбыстары ненің қатысына қарай жуан, жіңішке деп бөлінеді?
A. Еріннің; B. Тістің; C. Жақтың; D. Тілдің.
2. Ашық дауыстыларды тап.
A. а, ә, ы, и, і, у. B. а, ә, о, і, и, е. C. а, ә, о, ө, е, э. D. ы, і, и, ұ, ү, у.

3.Ашық буыннан құралған сөздерді анықтаңыз.
А) Доп, дәптер. В) Ана, терезе. С) Ас, астық. D) Ұшқыш, кемеңгер.
4.Тұйық буыннан құралған сөздерді белгілеңіз.
А) Ақын, аға. В) Кеме, теңіз. С) Ақ, ар. D) Жас, мұғалім.
5.Бітеу буыннан құралған сөздерді белгілеңіз.
А) Аға, ана. В) Ас, ақ. С) Кеме, киік. D) Мектеп, дәптер.

6.Үш буынды сөзді анықтаңыз. A) Бөлме. B) Даңғыл. C) Пәтер. D) Танысу.
7.Тек ашық буынды сөзді көрсетіңіз.

A) Дәптерлерім. B) Қалада. C) Бөлмеде. D) Орындық



8.Буынға дұрыс бөлінбеген сөзді белгілеңіз.

A) Нем-ере. B) Ме-ре-ке. C) Жол-дас-тық. D) Бар-дық



9.Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Жарық - қараңғы. В) Биік – аласа. С) Ерте - кеш. D) Мұғалім – ұстаз.

10. «Ұзын - қысқа» қандай сөздер екенін белгілеңіз.
А) Синоним сөздер. В) Омоним сөздер. С) Антоним сөздер. D) Қаратпа сөздер

11.Антоним сөздер бар сөйлемді анықтаңыз.
А) Күзде күн салқын, ауа райы дымқыл. В) Жиі-жиі жаңбыр жауады.

С) Шөптер, жапырақтар сарғаяды, солады. D) Күн қысқарады, түн ұзарады



12. Заттың санын,ретін білдіретін сөз табын не дейді?

А)сын есім В)сан есім С)зат есім Д)етістік Е)есімдік



13. Тәуелдік жалғауда тұрған сөзді табыңдар.

А)анам,әкең В)әкемін, әжемін С)оқушы,ұшқыш Д)әкеге, балаға



14.Сын есімнің салыстырмалы шырай түрі
А) жеп-жеңіл В) ауыр С) суықтау Д) қызыл Е) жап-жақсы

15. Біріккен сөзді белгілеңіз. А) Ақтөбе В) кітап С) оқушы D) Өнерпаз Е) Отыздай

16. Тоғыспалы ықпалды табыңдар. A) Көрікбай B) Тарақ C) Досжан D) Аспазшылар.
17. «Бәйтерек» - әлем ағашы» сөйлемінде сызықша не себептен қойылған?

А)Бастауыш пен баяндауыш етістіктен В)Бастауыш пен баяндауыш сын есімнен

С)Бастауыш пен баяндауыш за есімнен Д)Бастауыш пен баяндауыш үстеуден

18.Мекен үстеуді көрсетіңіз.
А) Алға қадам басты. В) Әрең-әрең бара жатты. С) Қасақана істеген.
Д) Амалсыздан үйіне жүрді. Е) Қолма-қол тапсырды.

19.Сабақты етістікті тап.

А)мектепке бар В)мектептен кел С)мектепте отыр Д)мектепті көр Е)мектептің іші



20. Мақсатты келер шақ жұрнақтарын табыңыз.

А) -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек.  В) –а,е,й,  С)-ар, ер, р Д)-ған, ген, қан, кен, Е)-ды,-ді,-ты,-ті



21. Етістіктің жедел өткен шақ түрінде тұрған сөз, көрсетіңіз.

А) Жаздым В)Жазған С)Жазып отыр Д)Жазбақ Е)Жазар



22. Етістіктің мағынасына қарай түрін табыңыз.

А)дара, күрделі В)салт,сабақты С)болымды,болымсыз D)негізгі,туынды



23. Райдың қанша түрі бар екенін табыңыз. А) 2. В) 3. С) 4. Д) 5.  

24. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.

А)Барғым келеді В) Бар С)Барды Д)Барса



25.Шартты райлы етістікті табыңыз.

А)Айтқысы келеді. В) Айтып тұр С)Айтса Д)Айтайын



Қазақ тілі тест (наурыз) №8

1. Құрамында тек езулік дауысты бар сөзді көрсетіңіз.
A. Ақмарал, тұман; B. Айман, ірімшік; C. Айнұр, айна; D. Жұлдыз, Сандуғаш.
2. Дауыссыз дыбыстарды тап.
A). б, в, д, ж, и; B). н, ң, о, ө, п; C) д, ж, з, й, к; D) л, м, н, ң, ы.

3.Тұйық буын сөздерді көрсетіңіз
A) Ашық, жабық, қысаң B) Аң, аш, ар. C) Мереке, той, думан. D) Дәптер, мектеп, сынып.
4.Тек бітеу буын сөздерді көрсетіңіз
A) Сұлу, жұқа, кіші. B) Ән, аң, жаңаша. C) Мереке, үлгі, аула. D) Дәптер, мектеп, бұлбұл.

5.Буын түрін анықтаңыз. Терезе, кеме, ана, аға.
А) Ашық буын. В) Тұйық буын. С) Бітеу және тұйық буын. D) Бітеу буын
6.Жіңішке буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Сабақ, домбыра. В) Кеме, кесе. С) Тақта, оқы. D) Қалам, бор.
7.Жуан және жіңішке буындар аралас келген сөздерді көрсетіңіз.
А) Сабақ, домбыра. В) Кеме, кесе. С) Мұғалім, шеберхана. D) Есеп, әтеш.
8.Екі ашық буыны бар сөзді анықтаңыз.
A) Отбасына. B) Құм. C) Демалыс. D) Жексенбі.
9.«Әдемі» сөзінің синонимін анықтаңыз.
А) Жаман. В) Үлкен. С) Сұлу. D) Ерте. Е) Кеш.
10.«Красивый» сөзінің қазақша аудармасын анықтаңыз.
А) Кіші, аласа. В) Ерте, кеш. С) Жаман, нашар. D) Сұлу, әдемі.

11.Антонимдерді анықтаңыз.
А) Биік - аласа. В) Әдемі - сұлу. С) Жаман - нашар. D) Ұстаз – оқытушы

12.Көптік жалғауы бар сөздер:

А)астық, егін. В)жемістер, көкөністер. С)саяхат,мейрам D)мереке,жыл



13 .Ілік септіктің жалғауы бар сөзді табыңыз.

А) балабақшаға В)тәрбиешінің С)ойыншықты D)ойыннан



14.Жұрнағы бар сөзді табыңыз.

А)Қой В) Төсек С)Көлшік D)Құс



15.Етістіктің мағынасына қарай түрін табыңыз.

А)дара, күрделі В)салт,сабақты С)болымды,болымсыз D)негізгі,туынды



16.Салт етістікті табыңыз. А)тазала В)қорға С)жу D)бар

17.Бұрынғы өткен шақта тұрған сөзді көрсетіңіз.

А)танысқан екен В)танысты С)танып тұрмын D)таниды


18. Қалау райлы етістікті табыңыз. А)Келейін В)Келдің С)Келсе Д) Келгім келеді. 
19
. Шартты райлы етістікті табыңыз. А) Мен келсем В) Сіз келіңіз С) Ол келсін Д)Сен келгің келеді.
20.Қалау райы етістікті табыңыз. А) Оқып отырмын. В) Оқығым келеді. С) Оқыса. Д) Оқы. 

21. Бұйыра, талап, тілек етіле айтылу мағынасын білдіретін рай түрін табыңыз.
А) Қалау В) Бұйрық.  С) Шартты Д) Ашық
22. Баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болып тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Мен оларға көмектескім келеді. В) Ол оларға көмектессе.

 С) Мен оларға көмектестімД) Сен оларға көмектес. 

23.Бұйрық райлы етістікті табыңыз.

А)айт В)айтты С)айтса Д)айтқым келеді



24 Қалау райлы етістікті табыңыз.

А)айт В)айтты С)айтса Д)айтқым келеді



25.Шартты райлы етістікті табыңыз.

А)айт В)айтты С)айтса Д)айтқым келеді




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет