Социомәдениеттік құзіреттілік – тілді тасымалдаушы, қолданушы – халық мәдениетін
білулерін білу және қолдану. Қазақ тілі оқулықтарына халық педагогикасы бойынша
тақырыптар енгізілген. Олар: қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындар, үлттық
тағамдар, ұлттық киімдер және мейрамдар, отбасы тәрбиесінің дәстүрлері және қазақ
халқының қонақжайлылығы. Осы тақырыптар бойынша оқушыларды қазақ халқының әдет-
ғұрып, салт-дәстүрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың қазақ тіліне деген
қызығушылықтарын арттыру және қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы, салт-дәстүрлері
туралы білімдерін тереңдету.
Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады,
адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.
Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын
жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды
өмір жолына аттандыра білуі керек.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс
түрлері төмендегідей:
• Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)
• Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)
Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алғашқы баспалдағы болып
есептеледі. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім мүмкіндігінше қолдана
алады. Өз іс-тәжірибемде осы бағыттарды басшылыққа ала отырып жұмыс істеп жүрмін:
Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың:
-қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға;
-сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге;
-жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады.
Өйткені, осыған байланысты әдіскер - ғалым Ф.Ш. Оразбаева қатысымдық әдістің өзіндік белгілерін көрсете отырып, оған мынадай анықтама береді: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым – қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі».
Осылайша мұғалімнің оқудағы құзіреттілікке бағыт – бағдар беруі оқушылардың ой-қорытынды жасауына, өз ойын айта білуіне, оны күнделікті өмірде пайдалана білуіне көмегін тигізеді.
Кәсіби құзыреттілікті
коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интеллектуалды- педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырады.
Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі – кәсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылық; жалпы қабілеті жатады.
Коммуникативтік құзыреттілік қазақ тілі мен әдебиеті пәніне етене жақын. Себебі, тілдің басты қызметі-коммуникативтік қызмет. Коммуникативтік құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда
жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауда, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдан алу білігін қарастырады. Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда СТО технологиясының стратегияларын жүйелі пайдалану өз сабақтарымда қолданыс табуда.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушының білім, білік дағдыларын меңгертумен қатар, көбіне оқушыны шығармашылық жұмыстарға баулу, ойын еркін жеткізе білу, тіл байлығын дамытуға басты назар аудару қажет. Қызықты сабақ болса, оқушының сол пәнге қызығуы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен жол табады.
Мұғалім оқушыларды келесі тіл дамыту жұмыстары арқылы шығармашылыққа баулиды:
сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме, ойтолғау жазу;
берілген суреттерді көркем тілмен суреттеу;
шешендік, нақыл сөздердің мәнін ашу;
мақал-мәтелдер, әңгімелер негізінде әңгіме жазу;
жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру;
өз сыныптастарының, достарыңның портретін суреттеу, мінездеме беру;
автордың ойын өз идеясымен өрбітіп жазу;
бес жолды өлең құрастыру;
жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу;
еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;
топпен ертегі құрастыру;
ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар қою, пікір айту;
ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу;
оқыған кітаптары бойынша ой толғау, эссе жазу;
қоғамдағы болып жатқан әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту;
баспасөз материалдары бойынша пікір айту;
өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;
ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу;
іс қағаздары үлгілерін жаздыру;
тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;
оқиғаға қатысты өз ойларын айту;
автордыңкөзқарасытуралыайтабілу;
Коммуникативтік құзыреттілік – қажеттітілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, сауалнама толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікірталастыра т.б. білуі тиіс. Бұл құзыреттілікті оқу үрдісінде игеру үшін
коммуникациялардың нақты нысаналарының қажетті және жеткілікті саны және олармен жұмыс тәсілі белгіленуі тиіс.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағдарланған тапсырмалар топтамасын дайындадым: «Тілдескіш» (сөйлесу үлгілерінен құрастырылған сөздікше), «Баяндамашы», «Жазбаша қатынас». Аталмыш топтамалар мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастырады, өмірлік жағдайларда қазақ тілінде қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызады, оқушы бойынан табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін іске асыруына ықпал етеді. Осы әдіс-тәсілдерді қолдану барысында, өз сабақтарымда сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағдылары меңгеріліп, оқушылардың жеке тұлға
ретінде өздеріне деген сенімділігі артып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасуда.
«Жазбаша қатынас» әдісі «Менің отбасым», «Менің досым» т.б.
тақырыптарын өткен кезде тиімді. «Жазбаша қатынас» үлгісін қолдану арқылы, оқушылар ата-анасына, достарына хат жазуды үйренеді.
«Баяндамашы» әдісі жоғары сынып оқушыларына тиімді. Сабақтың бір кезеңінде белгілі бір тақырыпта баяндама жаза отырып, мәдениетті сөйлеуге, қазақша ойлауға дағдыланады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 2019 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 2.
Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007
3.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2007.
4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты, 2012.
Достарыңызбен бөлісу: |