Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған


тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар



бет24/46
Дата08.09.2017
өлшемі11,41 Mb.
#30154
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46

тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.


Сағат

Уақытты санаудың ең алғашқы қарапайым құралы күн сағаты болған. Ол бұдан 3500 жыл бұрын пайда болды. Бірақ бұлтты күні сағат қолайсыз болды. Сондықтан адамдар су сағатын ойлап тапты.

Механикалық сағаттар жөніндегі деректер алтыншы ғасырдың аяғында белгілі болған.

Кварц сағаты 1929 жылы пайда бола бастады. 1404 жылы Мәскеуде тұңғыш мұнара сағаты орнатылды. Кварцты сағат отыз жылда бір секундқа ғана қателесуі мүмкін.

ХХ ғасырдың 70 жылдары электронды сағат кеңінен тарады.

Сағаттың адам өмірінде алатын орны ерекше.


3- тапсырма. Тыңдап, қайталаңдар.

Сағат екі.

Сағат бес

Сағат он


Сағат сегіз

Сағат алтыға он минут қалды (он минутсыз алты)

Сағат оннан бес минут кетті

Алтыдан он бес минут кетті

Бес жарым ( Алтыға жарты сағат қалды).


  1. тапсырма. Үлгідегідей сөйлем құраңдар.

Үлгі: Сағат 11:00- де би үйірмесіне барамын. Сосын сабаққа барамын.

Үйірме аяқталғаннан кейін сабаққа барамын.


  1. Сағат 10:10-де домбыра үйірмесі басталады, сабақ 1 сағатқа созылады.

  2. Кино сағат 16:00- де басталады. Сеанс 2 сағат болады. Сосын біз досымның үйіне барамыз.

  3. 15: 15- де әжем ауылдан келеді. Мен оны қарсы алуға барамын. Сосын екеуіміз қонаққа барамыз.

  4. Сабақ 18:20- да аяқталады. Сосын мен үйге қайтамын.



5- тапсырма. Үлгі бойынша сұраққа жауап беріңдер.

Үлгі: Сағат қанша болды? Сұраққа сөзбен жауап жазыңыз.

03:05 Сағат үштен бес минут кетті.

12:30 ________________________

08:16 ___________________________

16: 20 __________________________

08:00 __________________________



15: 50 ___________________________

14 сабақ

Сабақ қашан басталады?






  1. тапсырма. Диалогты толықтырыңдар.




  • Мен биыл алтыншы сыныпта оқимын. Сен ше?

  • Менің ағам универсиетте оқиды. Сені әпкең ше?

  • Былтыр ол бірінші курста оқыған. Сені әпкең ше?

  • Мен сабаққа сағат екіге бес минут қалғанда келдім. Сен ше?

  • Орыс тілі сабағы үшінші сабақ. Ол нешеде басталады?

  • ...



  1. тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұндаңдар



Сабақта

Мен биыл алтыншы сыныпта оқимын. Біз екінші ауысымда оқимыз. Сабақ сағат екіде басталады. Мен үйден бірден отыз бес минут кеткенде шығамын. Үй мен мектептің арасы он бес минуттық жер. Кешкі сағат сегізде мен үйге келемін. Менің інім төртінші сыныпта оқиды. Ол бірінші ауысымда оқиды.Олардың сабағы сағат сегізде басталып, бірден он минут кеткенге дейін болады. Ол таңертең сағат жетіде тұрады.Үйден сағат жеті жарымда шығады. Інім сағат бір жарымда мектептен үйге келеді. Біз сабаққа ешқашан кешікпейміз.


3- тапсырма. Диалогты толықтырыңдар.

Асқар: ... ауысымда оқисың?

Ардақ: Мен ... ауысымда оқимын

Асқар: Сабақтарың ... басталады?

Ардақ: ... басталады.

Асқар: ... қай сабақ?

Ардақ: Орыс тілі ...

Асқар: Ол нешеде ...?

Асқар: ... аяқталады.
4- тапсырма. Үлгідегідей жалғастырыңдар.

Үлгі: Неден? Неге? Нешеде?

Он-нан он-ға он-да


  1. бес

  2. жеті

  3. тоғыз

  4. он бір


5- тапсырма. Берілген етістіктерді өткен шақ формасына айналдырыңдар.

Бару, келу, оқу, айналысу, тыңдау.



15 сабақ

Менің туған күнім







    1. тапсырма.Сұрақтарға жауап беріп, өзара сұхбаттасыңдар.




  • Сенің жасың нешеде?

  • __________________

  • Сенің туған күнің қай айда?

  • ________________________

  • Сен туған күніңді қалай атап өтесің?

  • _________________________

  • Туған күніңе қандай сыйлық алғанды жақсы көресің?

  • _________________________

  • Туған күніңде анаң қандай ас дайындайды?

  • _________________________




  1. тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақ қойыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.

Мен туған күн мерексін жақсы көремін. Біздің отбасымызда туған күн мерекесіне ерекше көңіл бөлінеді. Менің туған күнім қазанның он бесінде. Биыл мен он екіге толдым. Туған күніме туыстарым, достарым жиналды. Мен қазыны қатты жақсы көремін. Анам менің туған күніме арнап бесбармақ пісірді. Достарым маған жануарлар әлемі деген үлкен кітап сыйлады. Анам мен әкем компьютер алып берді. Туған күн кешінде достарым ән айтып, өлең оқыды, жақсы тілектер айтты. Біз би билеп, ойын ойнадық. Мен өзімді ең бақытты бала санаймын. Себебі менің ата- анам, достарым, туыстарым бар. Мен оларды жақсы көремін.



3- тапсырма. Төмендегі сөйлесуді оқып, жалғастырыңдар.

  • Ертең менің туған күнім

  • Нешеге келесің?

  • Он екіге толамын.

  • Туған күніңде не істейсің?

  • Достарымды қонаққа шақырмақпын. Сен де кел.

  • Сағат нешеде?

  • Сағат бесте.

  • Жақсы, міндетті түрде келемін.

  • Саған не сыйлайын?

  • Өз қалауың білсін, өзің келсең болады.


4- тапсырма. Сөздерді тәуелдеңдер.

Туған күн, сыйлық, ақ тілек, уақыт.




16- сабақ

Туған күн кешінде




  1. тапсырма. Диалогты оқып, жалғастырыңдар.




  • Достар, Айнұрдың туған күніне қандай сыйлық сыйлаймыз?

- Ойланып келейік.

  • Ол нені жақсы көреді?

  • Айнұр кітапты жақсы көреді.

  • .....



2- тапсырма.Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтып беріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет