Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған


-тапсырма. Өлең жолдарынан сын есімдерді табыңдар



бет32/46
Дата08.09.2017
өлшемі11,41 Mb.
#30154
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
4-тапсырма. Өлең жолдарынан сын есімдерді табыңдар.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергің, жасқанба!


5- тапсырма. Ойды аяқтаңдар.

Жақында теледидардан жол жүру ережелерін білмегендіктен . . .



4 сабақ

Жолда жүру ережесі



Жол ережелерімен танысыңдар.

  1. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.

  2. Жолды жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.

  3. Егер жолдан өтуге үлгірмесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт.

  4. Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара.

  5. Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.

  6. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.

  7. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.


1- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер

Жол белгілері мен ережелерін тарихқа ең алғашқы болып енгізген – белгілі ел билеуші Юлий Цезарь. Ол Римде қандай да бір көлікті әйелдің жүргізуіне тыйым салатын заң қабылдаған еді. Кейіннен көлік көбейе бастаған тұста қала көшелерінде жол бағыттарын қол бұлғап көрсетіп тұратын бағдарлаушылар пайда болды. Тағы біраз уақыттан кейін олардың қолдарына белгі беретін қолшамдар берілді. Алайда мұндай бағдарлаушылардың уақыт өткен сайын көбейе түскен көліктердің қозғалысын реттеуге шамасы келмейтін еді.



2- тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.

-Балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?

-Көшеде жүру тәртібі

-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?

жаяу жүргінші тротуар

жол белгілер


машиналар бағдаршам инспектор қиылыстар




  1. тапсырма. Велосипед жолы деген белгісін көрсетіңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет