Есте сақтаңдар!
Мекен үстеулер қайда? қайдан? сұрақтарына жауап береді. Қимылдың мекенін, өткен, өтетін орнын білдіреді. Мысалы: ілгері, төмен, жоғары, артта, алда, алға және т.б.
|
3- тапсырма.Төмендегі сөздерді кестеге орналастырыңдар.
-
Сырт киім
|
Бас киім
|
Аяқ киім
|
|
|
|
Етік, көйлек, орамал, свитер, белдемше, сөмке, тымақ, күртке, пальто, шалбар, туфли, жейде, бәтеңке, бөрік, құлақшын, биалай, қалпақ, камзол, сәукеле, шапан, камзол, мәсі.
4 - тапсырма. Үлгі бойынша сатушымен сөйлесіңдер. Не сатып аласыңдар соны анықтаңдар.
І
-Кешіріңіз мынаның бағасы қанша?
-Бір мың теңге.
-Бұдан гөрі үлкені бар ма екен?
-Бар мінекей, бұл қымбатырақ.
ІІ
-Кешіріңіз, мыналардың қышқылдауы бар ма?
-Иә, бар.
-Маған үш килограмм өлшеп беріңізші.
ІІІ
-Мына заттың сапасы қандай?
-Өте жақсы, бұған сұраныс көп.
-Ендеше, маған екеуін беріңіз.
-Жақсы
5 сабақ
Кітап дүкенінде
1- тапсырма.Сұхбатты жалғастырып әңгімелесіңдер.
Сәлем, Айдар!
Сәлем, Ардақ! Халің қалай?
Рахмет, халім жақсы.
Сен география пәніне арналған атлас картасын алдың ба?
Жоқ, мен әлі сатып алған жоқпын.
Онда кітап дүкеніне бірге барып, сатып алайық.
Жақсы, жақын маңда кітап дүкені бар ма?
Иә, бар. Ермеков көшесінде.
Онда, кеттік!
...
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндаңдар.
Кітап дүкенінде
Біздің қаламызда кітап дүкендері көп. Оның бірі Сәттар Ерубаев көшесінде орналасқан. Дүкен көп қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Іші кең, тамаша. Дүкенде көркем әдеби шығармалар, оқулықтар, әлем әдебиеті, балалар әдебиеті сатылады. Жарас пен Әділ кітап дүкеніне келді. Жарас өзіне 6 сыныпқа математика, қазақ әдебиеті оқулығын, ал Әділ ағылшын тілі мен Қазақстан тарихы кітабын сатып алды.
Достарыңызбен бөлісу: |