5-сабақ
Наурыз мерекесіндегі кейіпкерлер
1- тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесу.
Наурыз мерекесі қандай мереке?
Наурыз мерекесі қалай тойланады?
Адамдар бір- бірін қалай құттықтайды?
Наурыз мерекесінің басты кейіпкерін білесің бе?
2-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.
Қызыр ата
Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» санайды . Бұл күн –күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн» деп атаған.
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр түні» түні деп аталады.
Қыдыр мұсылман елінде ел аралап жүрген адам бейнелі «әулие», адамға «қамқоршы», «дәулет» беруші.
Қыдыр (Қызыр) ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді.
Қазақтың салт-дәстүріндегі Қыдыр атаға үңілер болсақ, ол - әулие, көріпкел, жақсылық беруші, бата беруші. Әйтеуір бар жақсылықты адамзатқа дарытушы.
1.Мына етістіктерді келер шақта жіктеңдер.
Алу, отыру, ішу, түсу, ойнау, сөйлеу.
2. Сөйлемдерден етістіктерді тауып, сөз құрамына талдаңдар.
Мен мектепке ертең барамын. Ата - анам ауылдан ертең келер. Ертең сағат жетіде тұрарсыңдар. Кешке дүкенге барамыз. Сағат онда жатармыз.
3. Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркестерін қойыңдар.
1. Біз ... концертінде болдық. A) танымал әншіні
2. Достар ... танысты. В) танымал әншінің
3. Олар ... туған күнімен құттықтады. С) танымал әншімен
D) танымал әншіге
6 сабақ
Шығыстың қос жұлдызы
1- тапсырма. Диалогты пайдала отырып, өзара сөйлеңдер.
ҰОС батырларын білесіңдер ме?
Шығыстың қос жұлдызы дегеніміз кімдер?
Әлия, Мәншүк туралы не білесіңдер?
2- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.
Шығыс қос жұлдызы
Әлия Молдағұлова бар атқыштар батальоны жау қоршауын бұзып, алға шықты. Фашистер жанталасып үсті-үстіне зеңбірек оғын жаудырды. Көп кешікпей екі жақ бетпе-бет келіп қалды. Әлия сол қолынан жараланғанына қарамай, жаумен қасық қаны қалғанша, батырларша соғысты. Бір кезде окопқа тасаланып жатқан неміс офицері он тоғыз жасар талдырмаш, ер жүрек қыз Әлияға тап берді. Әлия оны басынан асырып лақтырып жіберді де, сұм жауды шалқасынан түсірді. Автоматын кезеп, ата жауды құртуға айналғанда, фашист Әлияны пистолетпен атып қалды.
Қапылыста қазаға ұшыраған Әлияны майдандас жолдастары “Шығыс жұлдызы” деп атады.
Әлияның ерлігі жоғары бағаланып, 1944 жылы 4 шілде күні оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәншүк 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».
1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қорғады. Мәншүктің басына оқ тиді. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.
1944 жылдың 1-ші наурызында көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
3- тапсырма. Мәтіннен етістіктің шақтарына мысал келтіріңдер.
Мысалы: шықты /өткен шақ, 3 жақ/
4- тапсырма. Мына етістіктерден өткен шақта тұрған етістік жасаңдар. Сөйлем құраңдар.
Жаз, оқы, сөйле, істе, көр, шақыр, ойна, аш.
5- тапсырма. Мәтінді оқып, “Ер есімі, ел есінде” атты эссе жазыңдар.
7 сабақ
Бауыржан Момышұлы
1-тапсырма. Диалогты пайдаланып, өзара сөйлесіңдер.
Батыр деген сөзді естігенде естеріңе не түседі?
Батыр деп кімді айтады?
Бауыржан Момышұлы туралы не білесіңдер?
2- тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.
Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық Қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан Момышұлы даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі қызметтерін атқарады.
Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
Оның Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржан Момышұлының батырлығы жөнінде белгілі орыс жазушысы Александр Бек “Волоколамское шоссе” (қазақшасы “Арпалыс”) хикаясын жазды. Бұл шығарма кейіннен бірнеше тілге аударылды.
Соғыстан кейін Бауыржан атамыз әскери – педагогикалық жұмыспен айналысты. Демалысқа шыққаннан кейін біржола шығармашылық жұмыспен айналысты. Аты аңызға айналған батыр ұлын халқы ешқашан ұмытпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |