Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Әдістемелік кеңесі ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген құрал
-
дармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нысанды қоса алғанда, авторлық құқық
берушінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға
тыйым салынған.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..............................................................................................................................................4
ОҚУ ЖОСПАРЫ .................................................................................................................................7
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН РЕФОРМАЛАУДЫҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ .........................................................................................................................10
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖАҢАРТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ.............................12
БАСТАУЫШ СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ӘЗІРЛЕУ............ 15
БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІ БОЙЫНША КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ....................21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТ.................................................................22
| 4 |
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту
шеңберінде
қазақ тілінде
оқытатын мектептерд
егі
бастауыш сынып
пəндері бойынша педагогика кадрларының
біліктілігін арттыру
курсының білім беру
бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бойынша
біліктілікті арттыру курсы жаңартылған білім беру бағдарламасының Қазақстанның білім
беру жүйесін реформалауға айтарлықтай үлес қосуына мүмкіндік береді.
Бұл біліктілікті арттыру курсының мақсаты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы
Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарла
-
масымен таныстыру болып табылады. Бағдарламада білім беру саласындағы өзгерістердің
шарттары мен алғышарттары қарастырылады және төменде келтірілген мәселелер туралы сөз
қозғалады:
- Білім беру саласындағы халықаралық үрдістер;
- Білім беру бағдарламасын құру теориясы;
- Оқыту тәсілдерін енгізуге негіз болатын теориялық алғышарттар.
Қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін артты
-
ру курсының ұзақтығы 15 күн, әр күн ұзақтығы 2 академиялық сағаттық төрт сабақтан тұрады.
Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені «Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы»,
«Мұғалімге арналған нұсқаулық», «Тренерге арналған нұсқаулық», «Бағдарламадан күтілетін
нәтижеге қол жеткізу деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар» құралдарын және әр күнге
арналған үлестірме материал мен таныстырылымдарды қамтиды. Курста оқуды бастаған әрбір
мұғалімге аталған материалдар баспада басылған түрінде ұсынылады, сонымен қатар, білік
-
тілікті арттыру курсының толық оқу-әдістемелік кешені білім беру порталында (www.cpm.kz)
орналастырылады. Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру барысында
жүгінетін негізгі құжат оқу бағдарламасы болып табылады. Ал біліктілікті арттыру курсы ба
-
рысында таратылатын оқу жоспарлары ұсынымдық сипатта.