Қазақ тіліндегі діни лексиканың танымдық мәні Тақырыптың өзектілігі


2.3Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы араб-парсы және орыс тілінен енген кірме сөздер



бет3/4
Дата13.01.2022
өлшемі24,8 Kb.
#111476
1   2   3   4
Байланысты:
Зерттеу жұмысы

2.2

2.3Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы араб-парсы және орыс тілінен енген кірме сөздер 
М-Ж. Көпеев дінге сенбеген адам деп әсте айта алмаймыз деген еді. Өмірін діни тазалыққа, ғылыми адамияттыққа арнаған кiсі болған. Орта ғасырлық әдебиеттер де діни тақырыптар орын алғаны рас еді. Қожа Ахмет Яссауи салған сопылық философияның бip тамыры М-Ж. Көпеев шығармаларынан да табылып қалады. Діни әдебиет ол да әдебиет. Бipaқ бұл діни әдебиет астарлы, қалтарыс тұсы көп болады. Ислам діні мәдениет (қала) деген сөз өзінің жемісін беріп үлгерді. Құран діни әдебиеттің басы болды Жазба тілде жеткен бұл кітап күллі мұсылман халқының бұлжытпай орындайтын ережесіне, заңына айналды. Ислам діні қазақтарға біртіндеп енді. Қазақ ұғымы бұл дінді бірден қабылдамады. Ислам дінімен қатар шаман дінінің қалдықтары қатар жүрді. «Қазақтар өз шығармаларында «сөздік дінін» кеңінен әңгіме қылды. Ислам діні қазақтарға әлі де жетіп болған жоқ. Көшпенді ауылдарға ислам діні жетіп үлгермей жатты. Солтүстіктегі түркі тілді Саха елі шаман дінінде осылай қалып қойды. Қазақ ақын-жырауларында, жазушылардың шығармаларында екі ұдай пікір әлі де кездеседі. Мысалы: Абай, Сұлтанмахмұт шығармаларында осы бағыт еркін аңғарылады. Бұл сонау Бұхар, Үмбетей заманынан жеткен құбылыс болса керек. Әйтпесе олар «Дін пұсырман» демес еді. 

М-Ж. Көпеевтің тіліндегі діни лексика: Шақырса бip партия жаназаға; Ұнайды дін исламға мүфти қазы; Пайғамбар шариғаты тұрса артады; Мұсылман баласына тиді тізгін; Мешітті ас үй қыпды «молда сасып»; Құранды қор, моланы бордай қылып; Есіл «Аят хадисті» саулаған кеңесінде; Имандар мен қажылар; Қожа, молда өзгеден оңды айтады; Баспасы бес құранның 6ip бойдақ қой; Бес намаз жанның бәрі иман, азап т.б.

Ендігі мәселе, М-Ж. Көпеевтің шығармаларының лексикалық тіл байлығы туралы сөз болады. Қарастырылып отырған М-Ж. Көпеевтің тілі таңдамалы 2 томдық шығармалар жинағы бойынша терілді. Бұл кітаптар Алматы қаласында «Ғылым» баспасында 1-том 1990 жылы, 2-том 1992 жылы жарық көрді. Мұсылманша оқығандардың қай-қайсысы да араб тілін кеңінен пайдаланған. Араб тілінің көптеген сөздері қазақ ішіне сіңісіп, қазақтың төл сөзіне айналып кетті. Кейбірі негізгі сөздік қорымыздан орын теуіп, күні бүгінге дейін кәдеге асып жүр. Арабша жазып, араб сөздерін тіліне арқау еткен. Арабтардан-оқу, ағарту, мәдениет, ғылым, өнер саласына байланысты деректі дерексіз сөздер енгені рас-ты, оны жоққа шығара алмаспыз. Табиғатымыздың жуықтығы араб тілін молынан қабылдауымызға мұрындық болды. Бір сөздер арабтардан тікелей келсе, екінші сөздер үшінші, төртінші мемлекеттер арқылы ағылып келіп, қазақ еліне етене жақын болып жатты. М-Ж. Көпеев те араб тілін оқып, хат танып жалпы өзі тұрғыластар сияқты пайдалана білді. Шығармаларында орынды қолданып, айтар ойына эмоционалды, экспрессивті рең жамады. Керек жерінде ғана арабша сөздерді пайдаланып, шеберлік танытты. 

Мысалы: Әшһәрәт апат деп айтқан Хәдис; Ғаламға абрахмет нұрын шашар; Пайдасын милләтінің түгел ойлап; Ғибадап қанша қылған құлшылықтан; Айтады әмір мәғруф насихатын; Әлхари мақтап болмай болсын ақпап; Әл-сафар бip қатпа боп шәйна лашқар; Ғафурым нәхтли әр кез бермедікер; Ширабап Тәсһурадай көрінетін; Ғаріплік бұл жалғанда біздің баста; Хумаюн жаләл жұпты өткен екен; Ғелаз шәдадінің уысында; Азажад әл-қаста ғуми әлджар; Фарағат рақат жазған жоқ ты бізге, Лағынға жол үстіне ұшыратып кез; Бас-басына 6ip мәсуәк омырауында; Тамиғтың тырнауышы болсын деп сол; Парахзат патша болып орнын алды. т.б..





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет