Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары



бет9/15
Дата30.09.2023
өлшемі139,5 Kb.
#183118
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
p 4

ХАБАРЛАНДЫРУ
2003 жылдың 8 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10-да университеттің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізіледі.
Бағдарламада: 1. ҚазҰТУ ректорының кұттықтау сөзі.
2. ¥лы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-әңгімелері.
3. Көркемөнерпаздардың концерті.
Ректорат


Жарнама
Ең алғаш жарнама жұмысын 1841 жылы ағылшын азаматы Волни Пальмер ашты. Ең үлкен жарнамалық агенттіктің бірін XIX ғасырда Джордж Роуел басқарды. Әлемнің әр түкпірінде жарнама жасаумен айналысатын арнайы компаниялар құрыла бастады. Бұл жарнама бизнесінің дамуына үлкен әсер етті. Мысалы: «Хайнс», «Американ тобакко», «Проктер энд Гэмбл» т.б.осының үлкен дәлелі. Қашан да тұтынушылар жарнамасы сәтті сауда маркаларын қолдайды.
Жарнамалардың жылдам дамуына байланысты ХІХ ғасырда тек қана жарнамалық сипаттағы көлемді журналдар шыға бастады. 1885 жылы жарнамалық журналдардың таралымы 100000 данаға дейін жетті, ал 20 жылдан кейін жарнамалық журналдың бұл көрсеткіші бес миллионға жетті.
Джон Ласкер - жарнамамен қамтамасыз ету агенттігінің атасы деп аталады. Д. Ласкер басқаратын «ЛОРД ЭНД ТОИАС» ең үлкен жарнамалық агенттік болып саналады.
ХХ ғасырдан бастап жарнама жаңа бағытта дами бастады. 1986 жылы газет бетіндегі жарнамаға 27миллиард доллар жұмсалса, қазіргі таңда ол бес есеге ұлғайды.


Жарнама тарату тәсілдері мен түрлері:

  • қала көшелерінде ілінетін суретті жарнамалар;

  • қала көшелеріндегі ауыспалы-аудармалы көп нұсқалы жарнамалар;

  • қала көшелеріндегі арнайы экран арқылы ұлғайтылған ролик жарнамалар;

  • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ролик жарнамалар;

  • мерзімді басылым беттерінде жарияланатын фото жарнамалар;

  • киімге салынатын сурет жарнамалар;

  • шаруашылық тұтыну заттарына (сіріңке қорабы, сумка-пакеттер) салынатын сурет жарнамалар;

  • кітап, дәптер, альбомдардың сыртқы мұқабасына салынатын сурет жарнамалар;

  • күнтізбеде салынатын сурет жарнамалар;

  • плакаттарға салынатын сурет жарнамалар;

  • визит карточкаларына салынатын жарнамалар;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет