Қазақ тіліндегі вокализм туралы бірнеше зерттеу еңбектер жазылса да, дыбыстардың дауысты,
акустикалық табиғаты осы күнге дейін шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі деп қарайды
академик С.Кеңесбаев (С.К.Кенесбаев Казахский язык. Фонетика, А., 1962, 15-бет). Фонетиканың
зерттейтін дыбыстары – адамның дыбыстаушы мүшелері арқылы жасалса, бір-бірінен сапалық
жағынан ажыратылатын, сөз құрауға әсері бар тілі дыбыстары фонетиканың міндетіне дыбыстың
жасалу, екпін, интенрция т.б. жақтарын акустико-физиологиялық немесе акустико-
артикуляциялық тұрғыдан қарастыру жүктелген. (М.И.Матусевич)
Тіл дыбыстарының мәні лексикалық мағыналы сөз құрап, ойды жеткізуге, түсінуге қызмет
ететіндігінде деп білген жөн. Дыбыс қоры артикуляциялық акустикалық және фонологиялық
тұрғыдан зерттеледі. Акустика – естілу, физиканың дыбысты зерттейтін бөлімі, дыбыстардың
естілуі.
Артикуляция – тіл дыбыстарын аутудағы сөйлеу мүшелерінің қызметі. Артикуляциялық база –
белгілі бір тілге тән сөйлеу мүшелерінің қимылы мен бағыты.
Сөйлеу дыбюыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция
дейміз. Адамның дыбыстау мүшелері негізгі үш саладан тұрады:
1.тыныс мүшелері
2.тамақ мүшелері
3.қуыс мүшелері
Тыныс мүшелерінің ең бастысы — өкпе. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуына
байланысты. Сөйлеу кезінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығады да, өкпеге бірден тез енеді.
Тамақ пен дыбыс шымылдығы. Тамақ деп кеңірдектің кеңейген жоғарғы тұсы айтылады.
Тамақтың сыртқы жағында жұтқыншақ немесе өңеш – тамақ жүретін жол болады. Оның ішкі
жағында дауыс шымылдығы орналасады. Дауыс шымылдығы өкпеден келген ауны тосқауылдан,
бірде керіліп , екеуінің арасы (дауыс шымылдығы — тамақтың ішкі жағында бір- біріне қарсы
біткен жиырмалы қыртысты ет) жымдасып тұрады да , діріл пайда болып , одан үн шағанды.
3.Дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы
жасалады.Үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар ды шығаруда дауыс шымылдығы
сәл ғана керіледі де, діріл шамалы болды. Сондықтан бұл дыбыстарда үннің қатысы жоқ.Қатаң
дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да, ешқандай діріл пайда
болмайды, сол себепті ол дыбыстардың құрамында үннің қатысы жоқ.
Қуыс мүшелері. Өкпеден келген ауа керіліп тұрған дауыс шымылдығына соғылып, дірілдің
әсерінін пайда болған дауыс немесе үн тікелей қуыс мүшелеріне түседі де, белгілі резонанс
(жаңғырық) пайда болады. Қуыс мүшелері: ауыз қуысы, мұрын қуысы болып екіге бөлінеді. Ауыз
қуысындағы дыбыс шығаруға қатысы бар кедергі мүшелер: тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл,
иек, езу. Мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты.
Кішкене тіл ауыз жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны өткізеді. Содан кейін мұрын
жолы арқылы м, н, ң үнді (сонар) дауыссыздары жасалады.
Ауыз қуысындағы мүшелердің ең бастысы – тіл. Тіл өте жылжымалы мүше; тіл ауыз қуысындағы
өзге мүшелерге қақтығып, бірде ұшынан, бірде орта, бірде артқа шетінеп қимылдап құбылып
тұрады. Дыбыстарды тілдің өзге мүшелерге не тиюі, не жуықтауына қарай соның атымен
топтастырамыз. Дыбыстарды тілдің артқы, орта шені немесе ұшы қимылдауына қарай да
топтастырамыз.
Жылжымалы мүшелердің бірі – ерін. Дыбыстарды шығаруда үстіңгі еріннен гөрі астыңғы еріннің
қызметі (ролі) басым. Екі ерін бірде өзара жымдасып (б, п), бірде астыңғы ерін тіске қақтығысып
(ф, в), бірде дөңгеленіп, (ұ,о), бірде тартылу арқылы да түрлі дыбыстар жасалады. Таңдай арқылы
да едәуір дыбыстар жасалады. Дыбыстардың жасалу орнына қарай бұл мүше артқы, орта,
алдыңғы таңдай үшке бөлінеді.
Дыбыс – күрделенген вибрациялық (дауыс шымылдығының дірілі) қимылдың нәтижесінен өзінің
ырғағы, күші, әуеніне қарай дыбыстар да әр түрлі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |