30.«Кітабыңызды оқығым келеді» тіркесіндегі басыңқыны қай қатарға жатқызамыз?
А. ырықсыз етіс В. қалау райлы етістік С. тұйық етістік Д. көсемше
ІІІ нұсқа
Синтаксис нені қарастырады?
А. тіл дыбыстарын В. сөз мағыналарын С. сөздердің жалғаулар арқылы түрленуін Д. сөз тіркесі мен сөйлем түрлерін
2. Жіктеу есімдігі мен жіктік жалғау арқылы байланысқан сөз тіркесі қайсы?
А. Сіз көмектестіңіз В. менің күнделігім С. балалар ойыны
3. Сөйлемдегі сөздер бір – бірімен неше тәсілмен байланысады?
А. бір В. екі С. үш Д. төрт
4. Септік жалғаулары арқылы байланысқан сөз тіркесін тап.
А. Ахметтің сұрағы В. тас қамал С. тез сөйледі Д. Амангелді Айталы- депутат
5.Байланысу түріне қарай сөз тіркесі нешеге бөлінеді?
А. екі В. үш С. төрт Д. бес
6.Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысатын сөз тіркесінің байланысы қандай байланысқа жатады?
А. қиысу В. матасу С. меңгеру Д. қабысу
Достарыңызбен бөлісу: |