Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған қосымша оқу-әдістемелік құрал «Эссе жазып үйренейік»


Мазмұны: 1 Эссенің түрлері 2 Эссе құрылымы 3 Эссенің құрылымдық бөліктері 4 Дереккөздер Эссенің түрлері



бет31/46
Дата14.12.2021
өлшемі112,33 Kb.
#126673
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
Байланысты:
2 5235607190143766216

Мазмұны: 1 Эссенің түрлері 2 Эссе құрылымы 3 Эссенің құрылымдық бөліктері 4 Дереккөздер Эссенің түрлері Салыстырмалы эссе Пайымдық эссе Көркем-әдеби эссе Эссе құрылымы Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін. Эссенің құрылымдық бөліктері Эссе тақырыбы эссенің мақсатын,эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын,қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді. Кіріспе-берілген тақырыптың мәні ашатын бөлім. Бұл бөлімде қандай сұрақтарғажауап істейтіндігімізді анықталады. Неізігі бөлім-негізгі ой мен мәселеге байланысьты аргументтер жинақталған бөлім.Негізгі бөлімде дәлелдер,дәйектемелерді,түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып,тақырыпты ашады,көтерілген мәселені айқындап,оның туу себептерін көрсетеді. Қорытынды тақырып бойынша түйін.  Қорытындыда жаңа ой енгізілмей,дәлелдемелер бойынша түйін  шығарады,шешу жолдарын көрсетеді. Эссе жазудың шарттары Көңілдегі көркем ойды қағаз бетіне сол қалпында түсіру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол шығармашылықты талап ететін қиын жұмыс. Оқытушы ретінде алдыма қойған мақсатым: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында студенттердің шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жазу мәдениетін қалыптастыру» болатын. Сол мақсатыма жетудің бірден бір жолын СТО бағдарламасымен танысқаннан кейін белсенді жүрді деп айтуға болады. Қазіргі уақытта Эссе публицистикалық жанр ретінде қоғамдық және әдеби өмірде кең тараған құбылыс сипатында нығайып келеді. Сондай-ақ, мұғалімдердің әртүрлі шығармашылық байқауларында да эссе жазу тапсырылады. Ойыңды қағаз бетінде жазбаша жеткізу шығармашылықты қажет ететін қиын жұмыс. Мұнда әрбір сөзің айқын түсінікпен сәйкес келіп, ойыңды, сезіміңді, идеяңды дәл бейнелеп беруі тиіс. Автордың өзіне тән ерекшелігіне сай тілі жатық, бейнелі әрі бай, стилі жеңіл болу керек. Яғни, бұл ерте ме, кеш пе әрбір шығармашыл болмыс назар аударатын философиялық, әдеби, тарихи – библиографиялық проза жанры. Классикалық эссе – бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты – әр түрлі тезистер,дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп,мысал келтіріледі.

Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке позицияның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль маңызды роль ойнайды. Әр түрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда, сондай-ақ өзіндік шығармашы-лық байқауларда) мәселен, 500 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады. Қолыңа не үшін қалам алғаныңды ең алдымен өзің түсініп ал. Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар. Ең алдымен өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой тол-ғайтын, талқылайтын нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакция-сын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет