Критерийлердің келесі ережелерге сай болғандығы дұрыс: -
Критерийлер үшеуден кем болмауы керек.
-
Критерийлер оқушыларға алдын-ала белгілі болуы керек, яғни критерийлер
шәкірттермен бірлесіп құрастырылуы керек.
-
Мұғалім ұсынған критерийлер оқушылар тарапынан толық қабылдануы
керек.
-
Бағалаудың әрбір түрі мен әрекеті үшін бөлек критерийлер қажет.
- Критерийлер жазбаша түрде келтірілуі керек.
Критерийлерді алдын-ала жариялап, сонымен бірге сынып қабырғасына іліп
қойған орынды.
Төменде қандай да болмасын тақырыпқа жазылған эссенің бағалау критерийлері
келтіріледі.