Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы


«Проблема шешу жолдары» тәсілі



Pdf көрінісі
бет55/57
Дата14.04.2022
өлшемі1,13 Mb.
#139280
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
эссе жазуға көмекКІТАП

«Проблема шешу жолдары» тәсілі 
Студенттер сабақ тақырыбы бойынша айқындалған проблеманы шешу жолдарын 
бірлесе отырып талқылағаннан кейін, оларға өзіндік ұстанымдарын жазбаша 
келтіруді тапсыруға болады. Бұл жұмысты орындағанда студенттер келесідей 
мәселелерді жазудың құрамдас бөліктері ретінде қарастыруы керек: 
- Проблеманы айқындау (сипаттау) – тұлға аралық немесе өндірістік 
қатынастарда туындайтын қиыншылықтар, жанжалдар; 
- Проблеманың себептерін анықтау; 
- Проблеманы шешу жолдарын көрсету; 
- Дәлелдер келтіру (негіздеу) – проблеманы мұндай жолмен шешудің пайдасы 
мен артықшылықтарын сипаттау. 
Бұл жұмысты келесідей кесте көмегімен орындауға да болады: 
Шығу парағы.
Сабақ аяғында студенттер бірнеше сұраққа (2-3 сұрақ) жазбаша жауап береді. Ол 
сұрақтар (немесе тапсырмалар) сабақты қорытындылап, студенттің алған білімін, 
сабақтың қалай өткендігін бағалайды:
 


51 
- Бүгін не үйрендіңіздер? 
- Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар? 
- Келесі сабақта қандай мәселелерге аса назар аудару керек? 
- Сабақ қызық өтті ме? 
- Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды? 
-
 
Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? 
- Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді? 
- Осы тақырып бойынша тағы да қандай ақпарат көздерін оқисыз? 
- Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз/ұсыныстарыңыз бар? 
- Келесі сабақта бүгінгі сабақпен салыстырғанда, азырақ ... (ұсыныстарыңыз). 
- Келесі сабақта бүгінгі сабақпен салыстырғанда, көбірек ... (ұсыныстарыңыз). 
Дөңгелек үстел.
Студенттер парақтарына өз ойлары мен идеяларын белгіленген уақыт аумағында 
(2 минут) жазып, уақыт аяқталған соң оң жағындағы көршілеріне парағын ысырады. 
Көршілері алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойларды ары қарай 
жалғастырады. Белгіленген уақыт өте (2 минут) парақтар тағы да оңға қарай 
жылжытылады да жазуды толықтыру әрі қарай жалғаса береді. Жазба жұмысы 
парақтың жазу иесіне қайтып оралғанша жалғаса береді. Бүкіл үстелді айналып 
өткен парақ қолына тигенде, парақ иесі жазғандардың бәрімен де танысып шығып, 
қорытынды тұжырым жазады. 
Дөңгелек үстелде барлық студенттер бір мезгілде жұмыс жасайды, олар бір-
бірінің жазғанына тәуелді болады, сондықтан да бір-бірінің алдындағы 
жауапкершілікті сезінеді: егерде ол еш нәрсе жазбайтын болса, өз көршісіне 
қиындық туғызатындығын біледі. Ал оқытушының әрбір топтың қалай жұмыс 
істегендігін бағалап, олардың ойлары мен идеялары қалай, қандай бағытта, қандай 
дәрежеде дамығандығын аңғаруына болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет