Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы


Жиырма екі жыл ішіндегі бейбітшілік, келісім және жасампаздық



бет14/35
Дата29.11.2022
өлшемі127,45 Kb.
#160290
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
1545711824 4

Жиырма екі жыл ішіндегі бейбітшілік, келісім және жасампаздық
Жоспар:
І Кіріспе
Тәуелсіздік – таң нұры
ІІ Негізгі бөлім
1. Мүдде – қоғамның қозғаушы күші
2. Азаттықтың ақ жолы
ІІІ Қорытынды
Менің Отаным – беделді мемлекет
Иә, шынында да осы 22 жылда біз көп нәтижеге қол жеткіздік. Ең бастысы- еліміздің ішкі саясаттағы тұрақтылығы мен сыртқы саясаттағы табыстарымызға өзгелер қызыға қарайтын дәрежеге жеттік. Бірнеше ұлт пен ұлыстың тату-тәтті мекеніне айналған еліміз дінаралық татулық, өзара түсінушілік, өзгенің қадір-қасиетіне сыйластықпен қараудың ерекше үлгісін көрсетуде. Қазірдің өзінде Қазақстан аумақтық тұтастық пен тиіспеушілік кепілдігіне ие болған, сыртқы саяси-экономикалық саясатта «ТМД», «Азия-Тынық мұхит аймағы», «Азия», «Еуропа», «Америка» бағыттары даму үстінде, қалыптасқан шекаралардың бұзылмауы жөнінде іргелес мемлекеттермен ресми келісім-шартқа қол жетті, беделді халықаралық ұйымдар мен бизнес алпауыттары елімізбен санасып отыр. Осының бәрі- Елбасымыздың сындарлы саясаты. 1993 жылыН.Ә. Назарбаев Ордабасы жерінде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би тәрізді дана билерімізді еске алу кезінде: «Біз мына дүниенің ең қуатты қозғаушы күші- мүдде екенін, негізгі тарихи қадамдарымыздың сол мүдде ортақтастығы қағидасына сай жасалу керектігін де ерте ұғынып, ерте жүзеге асыра алдық. Бұл ақиқат қағиданы да санамызға сіңірген осы билеріміз еді» деп атап өтті. Даналықтың мәйегінен, тарихтың тереңінен тағылым алған Елбасы Қазақстанның басты мүддесі сыртқа саясаттағы әріптестік пен ішкі саясаттағы тұрақтылық екеніне тоқталды. Сондықтан да мен осы биігімізден мәңгі таймайық дегім келеді. Өйткені «Қазақстан»дегеннің өзі, меніңше, конфессияаралық келісім, ұлтаралық татулық, халықтың бірлігі, экономикалық тұрақтылық, азаматтардың құқығы мен бостандықтары, халықаралық әріптестік секілді кең ауқымды қамтитындай. Осы жылдар ішінде Қазақстан бұл талаптарға толық жауап беретін алатын демократиялық мемлекетке айналды. Мұның барлығы Қазақстанның тарихи таңдауы болатын.
Сонымен бірге жиырма жылдық тарихында Қазақстан халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру да әлемдік талаптарға сай өзгертіліп келеді. Себебі осыдан жиырма екі жыл бұрынғы Қазақстанды бүгінгі жаңарған жаңа әлемдегі Қазақстанмен салыстыруға келмейді. Небір қиын кезеңдерді бастан өткере отырып, еліміз өткен күндердің барлығын өзіне сабақ етіп, болашаққа жарқын қадамдарын жасады. Атап айтар болсам, экономикалық дамудың көрсеткіші бойынша Орта Азия мемлекеттері ішінен көш бастап, ТМД-дағы алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылды. Ендігі меже - елу елдің арасына ену. Дүниенің дамыған елу елінің қатарына қосылып, бай қуатты Қазақстан атану - біз үшін үлкен мақсат. Егемендігіміздің 22 жылы ішінде жан басына шаққандағы жиынтық өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе ұлғайса, Малайзияда 2 есе, Сингапурде 4 есе өскен екен, ал бізде ол 16 есе көбейген. Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай, «Дүние жүзі тарихында ешбір мемлекет азаттығының алғашқы 20 жылында осыншама қарқынды өрлеу үлгісін көрсете алған емес». Расында да, аз уақыттың ішінде осындай толағай табысқа қол жеткізу әлем экономикасының тарихында болған емес. Елбасының көреген саясаты қазақстандықтардың көңілінен шықты. Елмен ақылдаса отырып, халқына арқа тіреген Президентке елі әрқашан қолдау білдіре бермек.
Екі жыл бұрын тойланған Тәуелсіздігіміздің 20 жылы тарих үшін қас-қағым сәт қана. Білгенімізден білмегеніміз көп егемендіктің алғашқы жылдары-ақ алдағы кезеңді бейбітшілік пен жасампаздық үдерісіне айналдыруға болатынын кемелділікпен болжаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер саясатына таңғалмасқа шара жоқ. Ең бастысы Елбасымыз мүмкіндіктерді уыстан шығарып алмай, елдің көшін өркениеттің көшіне ілестіріп берді.
Қазақстан бүгінде әлемге өндірісі жедел дамып келе жатқан, ішкі саясатында тұрақтылыққа қол жеткізген, бейбіт идеялардың елі болып танылуда. Еуразия жүрегінде орналасқан әсем елордамыз Астана қаласы әлемнің саяси картасында бейбітшілік пен келісімнің, рухани дамудың орталығына айналуда. 1997 жылы 10 желтоқсанда еліміздің астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Президент Жарлығы ұлтты біріктіруге, экономикалық және саяси тұрғыдан дамуға ұмтылған маңызды қадам екенін төреші уақыт өзі дәлелдеп берді. Астана қаласы бүгінде көркеюі мен халқының жедел өсіп келе жатқаны жағынан ерекше көзге түсіп келеді. Осы жиырма екі жыл ішіндегі нағыз көзге көрініп тұрған бейбітшіліктің де, келісімнің де, жасампаздықтың да нақты көрінісі ретінде Астананы атай аламын.Себебі қаламыз халқымыздың берекесі мен ұлтымыздың бірлігінің символына айналды. Қазіргі уақытта еліміздің азаматтары Астана қаласына ерекше сүйіспеншілікпен, патриоттық сезіммен, асқан ынтызарлықпен қарайды. Астана қаласы еліміздің басқару элитасының орталығына ғана емес, рухани бірлігінің ордасына да айналды. Қалада жыл сайын емес, тіпті ай сайын емес, күн сайын бой көтеріп жатырған бизнес орталықтары, мәдени кешендер, қол жетімді бағадағы тұрғын үйлер мен саясына келешек ұрпақ тыныстайтын саябақтар, басқа да маңызды құрылыстар - осының айғағы. Әлем көзімен қарайтын болсақ, «Астана – Азиядағы саяси-іскерлік орталығы, бейбітшілік бесігі, жасампаз халқы бар, бірлігі жарасқан мемлекеттің астанасы». Мұсылман әлемі де Астана қаласын Ислам елдері ішіндегі саяси тұрақтылық орын алған мемлекеттің астанасы деп қарайды. Елімізге сеніп тапсырылған халықаралық деңгейдегі Ислам конференциясына төрағалық құқығы - осының айғағы. Кәрі құрлық елдері Астананы Азия мен Еуропа арасындағы алтын көпір деп санайды. 2011 жылы ЕҚҰЫ-ға Төрағалық құқығын берер алдында Елбасымен ол басқарып отырған елдің саяси-экономикалық жетістіктерімен қатар, гуманистік тұрғыдан да дамуы зерделенді. Бір ауыздан Қазақстан Республикасына Төрағалық ету тапсырылды. Мұның бәрін Елбасының әлемдік қауымдастық алдындағы жеңісі деп білемін. Осындай бейбітшілікті сүйетін, ұлтаралық келісімді қолдайтын, халқы да, елі де жасампаз мемлекетте тұратынымды мақтан етемін. Себебі менің елім - Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет. Менің елім - халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді мемлекет. Сол сияқты ол - аз уақыт ішінде
ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет;
Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекетім – Қазақстан, 22 жылда жеткен табыстарыңа толағай табыс қосыла берсін, жайнай бер, өркендеп өсе бер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет