Достық
Жоспар
Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара, сырласым. Сым пернені басып қара, Басып қара, жырласын!
С.Сейфуллин
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық –өзара жауапкершілік пен қамқор лықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге көмектеседі. Дос-жарандардың мінездері әртүрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екіжүзділік, өтірік айту, өзімшілдік достықпен сыйыспайды.
Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсының өзі де жақсы», «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны – өлгені, қайғының бәрі соның басында». Достыққа қарама- қарсы ұғым – қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көре алмайды, достық дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу – өмірлік мақсаттардың бірі.
Саясаттанудағы достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек, өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты