ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА АРНАЛҒАН ЖИНАҒЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА АРНАЛҒАН ЖИНАҒЫ
(қазақ тіліне қосымша оқу құралы)
Қазақ тілі пәнінен оқушыларға эссе жазудың талаптары мен құрылымы
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша 7-11сыныптарда қалыптасқан жазылым дағдыларына сүйене отырып, эссе жазу қалыптастырылады.
Жазылым - тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Эссе құрылымына тоқтала кетейін.
Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Эссе – бұл ұсынылған тақырып бойынша өздік жазба жұмысы.
Эссенің мақсаты: Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту.
Оқушы өз мүмкіндігін басшылыққа алып, эссе тақырыбы мен атауын таңдайды. Эссе жазу оқушыны өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп – салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің ғылыми стилін үйренуге баулиды. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Эссе жазу бұл – дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген, сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу болып табылады. Ойды ашық және дәл білдіруге тырысыңыз, эсседе сөз тіркестері мен фразалар іріктелген және нақты болу қажет. Эсседе барлық жазба жұмыстардағыдай ішкі логика болуы тиіс. Эссе — бұл қандай да болмасын мәселе бойынша ойланып-толғану. Эссе — бұл өз тілімен және стилімен жазылған өздік жұмыс, сондықтан цитаттың аз болғаны да жақсы.
1. Эссенің жазылу жоспары:
- Кіріспе (эссенің 30 % көлемі)
- Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);
- Қорытынды (эссенің 10 % көлемі);
Кіріспе – тақырыпты таңдау себебі және мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар құрылымдардан тұрады. Бұл кезеңде өз зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс құрастыру өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдердің реттілігі қажет. Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?», «Тақырыпты бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлуге бола ма?» , т.б.
Негізгі бөлім – таңдаған мәселе және негізгі сұрақты қарау теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Осы бөлімде дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар, бұл сұрақ бойынша бар мәліметтерге қарағанда басқа дәлелдер мен ұстанымдардың негіздеу қажет.
Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан маңыздысы тақырыпшалар, олардың негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе ой толғаулар) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет. Қажет болған жерде талдаудың құралы ретінде кесте, сызба, диаграмма, сонымен қатар өз тәжірибеісін де пайдалануға болады.
Қорытынды – тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, цитата, әсерлі дәлелдеу. Қорытынды эссені толықтыратын өте маңызды элементті ұстауы мүмкін, басқа мәселелермен байланысын жоққа шығармай, зерттеудің (импликация) қолдануына сілтеме сияқты. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет. Эсседе зерттеген мәселе бойынша қатысы, оны дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады.
2. Эссе жазуда ұстанатын қадамдар:
· 1 қадам. Контексті анықтаңыз.
Егер сізге эссе берілді, онда кейбір өлшеуіштер анықталды: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, т.б. Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы - эссенің негізгі ойы.
· 2 қадам. Тақырыпты таңдаңыз.
Берілген тақарыптың сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Сонда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол тым күрделі болмау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің отаным – гүлденген Қазақстан». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседегі сіз айтатын ойды сиғызу қажет.
· 3 қадам. Ақпаратты жинаңыз.
Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет. Өзіңіз білетін, оқыған ақпарттарды еске түсіріңіз. Фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар салмаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады.
· 4 қадам. Эссені жоспарлаңыз.
Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз.
· 5 қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.
Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ой анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір
ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болғасын, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.
· 6 қадам. Қорытынды жазыңыз.
Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?
· 7 қадам. Кіріспені жазыңыз.
Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болғасын кіріспе туралы ойланыңыз. Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша шолумен бекітіңіз.
· 8 қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.
Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац пен екінші абзацтағы ой ажырап кетпеген бе? Әрбір дәлел алдынғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз.
· 9 қадам. Қателерді тексеріңіз.
Мәтіндегі қателерді тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, жаргонизмдерден қашқақтаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.
Қосымша:
1. Эссе авторы жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды іріктеп алады; әр түрлі байланыстарды қолданады.
2. Эссеге көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория символ және астарлы образдар.
3. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді.
4. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе – бұл ауыз екі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау, сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келуі.
Эссенің лингвистикалық және пайымдау атты екі түрі бар.Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілінен 7-сыныпқа арналған эссе тақырыптары мен критериийлерін ұсынбақпын.
7-сынып бойынша эссе жазу құрылымы:
Эссе - 150-170 сөзден тұрады.
Кіріспе – 30-40 сөз
Негізгі бөлім – 70-80 сөз
Қорытынды - 40-50 сөз
І тоқсанда өтілген тақырыптар бойынша эссе тақырыптары
1.«Қазақстанның көрікті жерлері»
2.«Қазақстандағы экологиялық ахуал»
3.«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» (еркін тақырып)
ІІ тоқсанда өтілген тақырыптар бойынша эссе тақырыптары:
1.«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл»
2.«Дені саудың - жаны сау »
3.«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!»
4. «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»
(еркін тақырып)
ІІІ тоқсанда өтілген тақырыптар бойынша эссе тақырыптары:
1. «Ғаламтор мен әлеуметтік желілер жастарға не береді?»
2. «Өз тағдырың - өз қолыңда!» (Үйсіз-күйсіздер әлемі)
3. «Ас – адамның арқауы» (Гендік модификацияланған өнімдер)
4. «Салт-дәстүр, әдет-ғұрып» (Салт-дәстүр, әдет-ғұрып)
Жылдық бойынша өтілген тақырыптар бойынша эссе тақырыптары
1. « Қазақстандағы экологиялық ахуал»
2. « Бір тіл білген - бір адам, екі тіл білген – екі адам....»
3. «Үйсіз-күйсіздерге айналмаудың тиімді жолдары мен амалдары»
7-сынып бойынша эссенің критерийлері мен дескрипторы
Критерийлер
|
Дескриптор
|
Ұпай
(мах 18)
|
А (мак 4)
Білім және түсіну
|
көтерілген мәселенің теориялық мәнін ашу
|
|
көтерілген мәселеден ауытқымау
|
|
|
суретті-бейнелі сөздер қолдану
|
|
|
қолданылған дәлелдердің тақырыпқа сәйкестiгі
|
|
|
В (мак 5 )
Қолдану
|
Қазақ әдеби тiлiнiң лексикалық, фразеологиялық,
грамматикалық және стилистикалық нормаларын орынды қолдану;
|
|
Қазақ тілінің емле және тыныс белгi ережелерiн сақтау
|
|
|
Жазба тіл сауаттылығы
|
|
|
Терминдерді, атауларды, есімдерді дұрыс жазу
|
|
|
Жұмыстың негізгі құрылымдық элементтерін қамту (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтау)
|
|
|
С ( мак 3 )
Сыни тұрғыдан ойлау және рефлесия
|
Көтерілген мәселені талдай, сараптай алады
|
|
Мәлiметтердi нақты аргументтер арқылы дәлелдi түсiндiрiп бередi
|
|
|
Дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасайды
|
|
|
Д (мак 6 )
Коммуникация
|
Мәселеге дербес баға бере білу;
|
|
Дәлелдердiң логикалық жүйелілігі;
|
|
|
Әртүрлi көзқарастар және олардың дербестігі;
|
|
|
Өз тұжырымдамаларындағы жаңалықты, сонылықты айқын ұғынуы.
|
|
|
Авторлық ой қорытуы анық және мазмұнының айқындылығы;
|
|
|
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша 11-сыныпқа арналған эссе тақырыптары құрастырылды. Лингвистикалық эссе:
«Топан су басты » дегеніміз дұрыс па ?
Ара-тұра «бәленше деген елді мекенді топан су басыпты» деген тіркесті
құлақтарың шалған болар. Мұндай табиғи апаттардан Құдай өзі сақтасын!
Осы «топан су» сөз тіркесін дұрыс қолданып жүрміз бе?
Лингвистикалық эссе:
Егер маған бір кісі тіптен ұнамаса, міндетті түрде онымен жақын танысуға тырысамын. Неліктен? Сіз қалай істер едіңіз?
11-сынып бойынша эссе жазу құрылымы:
Эссе - 180-200 сөзден тұрады
• Кіріспе – 40 сөз
• Негізгі бөлім – 90-100 сөз
• Қорытынды - 50-60сөз
Пайымдау эссесі:
Бұрын қыздың темекі шегіп тұрғанын көрсек, шошына қарап, «масқара!» дейтінбіз. Ал қазір қалыпты нәрседей қабылдайтын болдық. Неге? Түсіне алмай жүр-мін. Бұған кім кінәлі? Қоғам, мектеп, отбасындағы тәрбиенің жетіспеушілігі ме? Әлде, қайта-қайта айта беретін Еуропа «үлгісіне» көшкеніміз бе?
Эссе тақырыптары:
1.«Қазақстанның болашағын білімді ұрпақ айқындайды»
2.«Жастардың бүгінгі келбеті»
3.«Жалынды жастар –Қазақстанның жарқын болашағы»
4.«Қоғамдағы әйел мен ерлердің рөліндегі өзгерістерге не себеп болды? Адамдарға осы өзгерістердің пайдасы, не зияны бар ма?»
Пайымдау эссесі:Онлайнда өмір сүрем деп, шынайы өмірді ұмытпа
Соңғы кездері жастардың көпшілігі «агент» деген пәлеге душар болып, қалта телефондарына шұқшия береді. «Агент» деген емі жоқ аурумен ауыра бастадық. Жеңіл дүниенің жастарды өзіне тәуелді етіп алғаны қашан. Қазір өзі жаппай солай болып кетті, жастар түгіл, есейген ересектерге дейін агенттен күні-түні бас алмайтынын қайтерсің?
«Болашақ – жастардың қолында» дегенді жиі айтамыз. Расымен солай. Бірақ қазіргі жастардың көпшілігінде өз өміріне деген жауапкершілік азайып бара жатқандай. Тіпті кейде олардың тірліктеріне қарап отырып, отбасы деген киелі ұғымды жете түсінбей ме дейсің.
4.Ішіңде не бар.Қоғаммен бірге өмір сүріп, көпшілікпен гармонияда өмір сүруді қалайтын кез келген жан ішкі сезімдерін зерттеп, қызығып білуге тырысуы керек деп ойлаймыз.
1. Өз сезімдерінің қайдан шығып, қалай пайда болып жатқандығын анық сезіп және соларды басқара алатын адамды дана деп айтсақ әбден жарасады. Мишель де Монтень
2. Өміріміздің ретсіздігінің себебі - түсініксіз сезімімдеріміздің құлы болып жүргендігімізде. Станислав Лещинский
3. Іске шын қызығушылық пен оған деген махаббат пайда болмайынша, құр ерік сізді орныңыздан тұрғыза алмайды. К.С.Станиславский
4. Көп адамның табиғаты сол - өзіне пайдасы болмаса да тиым салынған нәрсеге жүгіруге бейім тұрады. Янина Ипохорская
5. Әрдайым өкпе айтып, көз жасын көл қылып жүретін адамдар да бар. Бірақ өкпе-наз адамды қиындықтан бір мысқалға болса да алыстатпайды.
П.Кальдерон
6. Әркім әлемге өзінің биігінен көз салып, талдау жасайды. Александр Дюма
7. Біздің бақытты болуымыз не болмауымыз ішкі жан-дүниеміз бен сезімдерімізге тікелей байланысты. Оноре де Бальзак
8. Әр адам бір іске кіріспес бұрын ол ой миында ұзақ уақыт бойы жүріп, бойына әбден сіңеді. Идеялар осылайша миымызда үлкен өңдеуден кейін ғана өз жемісін бере бастайды. Гюстав Лебон
9. Қиындықтар мен проблемалар адамның өркендеп, дамуына себепші.
А.Эйнштейн
10. Әйел адам жалғыздық пен достықтың ләззатын тек тұрмысқа шыққаннан кейін ғана толық сезіне алады. Хелен Роуленд
11.Әлемді, адам баласын тану таң қалудан басталады. Аристотель
12.Өзіңіздің денсаулығыңыздың қандай деңгейде екендігін білгіңіз келсе өз сезімдеріңізді зерттеп көріңіз. Әр таң сайын кеудеңіз қуанышқа толы болса, әлемде сізден асқан дені сау адам жоқ. Генри Дэвид Торо
13. Көп адам өзіне жасалған жақсылықтан гөрі, көрген жамандығын ұзағырақ есінде сақтайды. Мені сол қапаландырады... Пьер Буаст
14. Жалғыз қалғанда әр адам өз ішіне назар салып, ненің жетегінде жүргендігін анық байқап біле алады. Джордж Гордон Байрон
5.Арманға жетудің жолы не?
Тілекке жетудің сыры мынау. Әр адам сол тілегін жігерлілік, сенімділік, ұмтылыс, талап секілді қасиеттермен алмастыру арқылы тілегіне қол жеткізеді. Адамның табиғаты сол - ұлылыққа, әдемілікке, жақсылыққа ұмтылып тұрады. Осының себебінен әркімнің жүрегінде бір-бір арман, мақсат жататындығы рас.
Бірақ сол арманға жетудің жолы не? Яки армандаудың адамға пайдасы, не зияны бар ма?
Осы орайда адамзат ойшылдарының кейбір пікірлеріне құлақ түріп көрелік.
1.Шынайылықсыз тірлік қылу мүмкін емес. Идеалға ұмтылусыз өмір сүру мүмкін болмайды. ***
2.Адамзаттың қолы жеткен небір жетістіктер кезінде жай ғана арман болатын. К.Сендберг
3.Адам баласы идеалға ұмтылмаса, ешқашан жетіліп, рухани өспейді. Ф.М.Достоевский
4.Ғажайып оған сенгендердің ғана уысына түседі. Өз күшіне сене алмайтын адамның жетістікке жетуі мүмкін емес. Д.Дидро
5.Адам баласы ғажайыпқа өз қолы жетіп, өз көзімен көргенде ғана ғана сене алады.
6.Көп адамның өзі ғажайыпқа айналудың орнына сырттан келетін сиқырды күтіп жүретінін байқаймын. Бұл - дұрыс емес. У.Дайер
7.Белгілі нәрсені армандап, бірақ оған жақындауға жүрексініп отыра берсеңіз, мақсатыңыз сізден алыстай түседі. В.Зеланд
8. Басқа бақтың қонғанын қалау мен сол бақты көтеруге дайын болудың арасы аспан мен жердей. В.Зеланд
9. Болмасты армандама. Шындыққа тура қара. А.Дюма
10.Тілекке жетудің сыры мынау. Әр адам сол тілегін жігерлілік, сенімділік, ұмтылыс, талап секілді қасиеттермен алмастыру арқылы тілегіне қол жеткізеді. В.Зеланд
11.Арман - сол үшін барыңды құрбан қылуға тұрарлық ұлы мақсат.
12.Барлығымыз бір балшықта жүзіп жүрміз. Бірақ бір бірімізден айырмашылығымыз мынау - бірі жерге қарап тірлік қылса, бірі жұлдыздарға қол созып өмір сүреді. О.Уайлд
13. Тілегіңіз бен ойыңызға абай болыңыз. Жамандық ойламаңыз. Ешкімді қарғамаңыз. Ойдың, тілектің заттанатындығын естен шығармаңыз.
14. Ақылды адам - ойлай білетін, өз ойын басқара алатын жан. ***
15. Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей. Абай
16. Орынсызға ұмтылтпай тоқтатуға, Талаптың алты түрлі бар ноқтасы. Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық - Талапқа алты түрлі ноқта тақтық. Шәкәрім
6. Қорқыныштан айықсаң...
Әр адамның жүрегінде әр түрлі қорқыныш болуы мүмкін. Бірі басқа түсуі мүмкін қиыншылықтан қорықса, енді бір адам сүйгенінен, жақындарынан айырылып қалудан өлердей қорқады.
Қалай болғанда да, әркімнің жүрегінде ең болмағанда, бір қорқыныш бар шығар. Осы орайда назарыңызға осы тақырыптағы адамзат мақтаныштарының айтқан кейбір ой-пікірлерін ұсынғымыз келіп отыр:
1.Қорқыныш тұмау секілді бөтенге жұғатын нәрсе. И.В.Гёте
2. Қорқыныш - адамның дамып, өркендеуінің басты дұшпаны. Түрлі қорқыныштан құтылса ғана әркім еркін түрде алға ұмтылып, дамып, жоғарылай береді. Х.А.Ливрага
3.Қорқақтар өмір сүрмейді, - тірлік қылады. Олай қорқынышпен сүрілген өмірден өлік жақсырақ. Ошо
4. Қорқынышпен өмір сүретін адам - жарымжан жан. Ондай адам ұлы мақсаттар ойлап, үлкен жоспарлар жасай алмайды. К.Антарова
5. Қорқыныш жігерсіздіктен пайда болады. Б.Спиноза
6. Қорқыныштың көзі - бізді қорқытушыда емес, өзіміздің жүрегімізде. Д.Х.Джебран
7. Бізді қорқытуға тырысатын адамның шындығында өзі қорқақ болып келеді.
8. Қорқақ адам ғана бөтенді қорқытуға тырысады. Эмерсон
9. Қорқынышпен өмір сүретін адам қорқып, үркіп жүріп, дүниеден өтеді. Леонардо да Винчи
10. Зұлымдық қорқытушыда емес, қорқушыда көбірек болады. Цицерон
11. Қауіп-қатер одан қорыққанға адымдап жақындай береді. Б.Шоу
12 . Біздің қорқынышымыз қауіптенген нәрсемізді одан сайын жақындата түседі. Б.Рассел
13.Бақытсыздық келуінен қорқып, үркіп жүру бақытсыздықтан да жаман әрі қайғылы. Т.Тассо
14.Ештеңеден қорыққың келмесе, алдымен өмірдегі кез келген нәрседен қорқа беруге болатындығын түсін. Сенека
15. Адам жүрегінен қорқыныш пен ашу кеткен кезде адам өзінің табиғи қалпына түседі. Ол қалыптың аты - махаббат. Д.Мельхиседек
7.Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді...
"Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді" деп жатады білгіштер. Расында да солай... Бар әңгіме сол қателіктерден сабақ ала білуге келіп тірелетін шығар...
Осы орайда оқырмандарымыздың ойын толқытып, қозғау мақсатында осы туралы адамзат ойшылдарының кейбір пікірлерін ұсынамыз:
1. Қателеспейтін адам жоқ. Қателіктен әр адам сабақ ала білу керек. Басқа түскен ауыртпашылыққа шыдай алмай, езіле берген адамнан артық ақымақ жоқ. Цицерон
2. Ешкім өмір бойы ақымақ болмайды. Бірақ кей-кейде ойын сөндіріп, ақымаққа айналып жататындар көп. Д.Герберт
3. Шындықты іздеген адам қателікке дайын болғаны жөн. И.В.Гете
4. Ақылды адам ғана ыңғайсыз жағдайға қала алады. Ақымақ өмір бойы сол күйде жүреді.
5. Өз қателігін көріп, мойындай алған адам бір қадам даналыққа жақындайды.
6. Сыннан қорқып, пікірін айтпайтын адам, шындығында өз ойына сенімсіз жан. У.Филлипс
7. Бөтеннің қудалауынан соған шынымен лайық адам ғана қорқады. Ф.Ларошфуко
8. Сенің ешқандай кемшілігің жоқ болса, сол сенің басты кемшілігің. Белгісіз автор
9. Кемшілігімізді көрсетпей, құпия сақтағаннан абыройға ие бола алмаймыз. Біздің шынайы қалпымыз ғана бөтеннің құрмет, мейірімін тудырады. Г.К.Лихтенберг
10. Кемшілігімізді құпия сақтауға тырысу арқылы біз оны әлемге паш етеміз. В.Зеланд
11. Шеміршексіз балық болмайтыны секілді кемшіліксіз адам болмайды. Ф.Ницше
12. Біздің кемшілік, қатемізде, шындығына келгенде ешкімнің шаруасы жоқ. Әркім әрқашан өз басының қайғысымен жүрер. В.Зеланд
13. Адам баласы қателігінің көптігімен бағаланбайды. Қандай қиыншылыққа тап болса да, тұрып әрі қарай жүре алатын ерік-жігерімен құрметті бола алады. Д.Краузе
14. Жөндеп, өзгертуге болмайтын іс қана қателік болып есептеледі. Конфуций
8.Марк Твеннің насихаты
Ардақты оқырмандардың назарына 18 ғасырдың жазушысы, америкалық публицист, қоғам қайраткері Марк Твеннің қанатты сөздерін ұсынамыз.
Мейірімді болу - ұлы іс. Ал өз жақсылығын жұртшылыққа айтпай, құпия сақтаған адам одан да ұлы.
Ø Күнделікті тірлікте ар мен ұждан туралы ұмытып кетуіміз мүмкін. Сондықтан қолымыз қалт етіп, босай қалған жағдайда, өз-өзімізді жөндеумен айналысқанымыз жөн.
Ø Әрқашан шындықты айтсаң, өтірігіңнің ашылып қалуын уайымдап, қайғыға салынбайсың.
Ø Қайғыны адам баласы жалғыз өзі көтеруі мүмкін. Бірақ басқа келген бақ пен қуанышты елмен бөліскені жақсы. Сол жағдайда кеудедегі шаттық еселене түседі.
Ø Өлген кезімізде қабір қазып, жан бағып жүрген адамның өзі қайғыратындай қылып сүрелік өмірімізді.
Ø Жылы жүректі көзі жоқ соқыр да, құлағы естімейтін саңырау да көріп, ести алады.
Ø Өміріңіздің біржақтыланып кеткенін байқасаңыз, дереу өзгеруге тырысыңыз.
Ø Сізді кемсітіп, ақылсыз қылып көрсетуге тырысатын адамдардан сақтаныңыз. Шын дос сізге ерік-жігер беріп, демей түсер.
Менің бала кезімде өз әкем тым ақылсыз болып көрінетін еді. Бірақ есейіп, жиырмаға толып, жігіт атанғанда, оның даналығына таңқалудан шаршамайтын едім.
Ø Кей жерде сөзден гөрі үнсіздік пайдалырақ.
Ø Адамның кім екендігін жүрегіне назар салып біл.
Ø Халықтың көрмейтін нәрсесі болмайды. Сондықтан, елдің назарынан қорқыңыз.
Ø Өміріміздің жайнап, көңіліміздің қайнауы айналамызды қоршаған адамдарға тікелей байланысты.
Ø Не айтарыңды білмесең, шындықты айт.
9.Цицеронның қанатты сөздері
Аяулы оқырмандар! Назарларыңызға Рим империясының әйгілі шешені, қоғам қайраткері Марк Туллий Цицеронның қанатты сөздерін ұсынамыз.
Күмәндану арқылы шындыққа жет.
Адамның келбеті жүрегінің айнасы.
Көп өтірік айтатын адамдар шыншыл болып көрінуге тырысып бағады.
Қолыңнан келсе, істе!
Жұмыс істеген адам дұрыстап демала да білуі керек.
Кез келген ілімді айқын түсіну үшін ұқыптылық керек.
Барлық нәрсені біліп, анализ жасай білу аз. Сонымен қатар, соған байланысты сауатты қадам жасай білу керек.
Сананы тұрмыс билейді.
Планетадағы әр адам өз ақылымен ойланып, өзгенің пікірінен тәуелсіз шешім шығара білуі керек.
Жазу өнері шешендікке баулиды.
Білім дегеніміз заңдар мен ережелерді құрғақ жаттау емес, - олардың мағынасына жетіп, мәнін түсіну.
Өмір бойы сүйіп, махаббатыңды төккің келетін адамды да таңдай біл.
Шектен тыс көп тамақтану адамды қуаттандырудың орнына сылбыр қылады.
Ар-ұждан - Құдайдың сыйы.
Тура биде туған жоқ.
Көпшілік алдында сөйлегісі келген адам айтқалы отырған әңгімесінің мәніне жетіп алмаса, сөзінің құр былдырдан айырмашылығы қалмайды.
Биліктің ең зоры -өзіңді өзіңе бағындыра білу.
Адамзат баласының арасындағы бауырмалдық пен достықты сақтап тұруға тырысу әркімнің парызы. сурет: nnm.ru
10.Авраам Линкольннің қанатты сөздері
Халықтың сенімін бір жоғалтқан адам бар сый-құрметінен де айырылады.
Халыққа шындықты айту арқылы түрлі алапаттардан құтқара аламыз.
Мен жауларымды қырып-жойып жеңбеймін, оларды өз достарыма айналдырамын.
Мен жаманшылық қылсам, өзімді жайсыз сезінемін. Жақсылық қылсам, рахат күй кешемін.
Өмірдің ең тәтті қызығы - адал достарыңның көп болуы.
11.Жалғыздық туралы оймақтай ойлар
Өмірде түрлі жағдайлар болып жатады ғой. Кейде тағдырдың басқа салуымен жалғыз қалып жатамыз. Кейде жалғыздықты өзіміз іздеп кетеміз. Жалпы жалғыздық деген не? Оның қандай пайдасы, не зияны бар? Олай болса, осы туралы планетамыздың алдыңғы қатарындағы тұлғаларының ойларын білелік.
Кім болса, сонымен араласып, дос болғаннан гөрі, жалғыз қалған артық. Омар Хаям
Адам өзінің кім екендігін жалғыз қалғанда ғана айқын сезе алады. Артур Шопенгауэр
Жалғыздық тек Құдайға жарасқан. Фрэнсис Бэкон
Әр адам жалғыз қалған кезде ғана шынайы бейнесін ашады. Артур Шопенгауэр
Жалғыздықты сүймеген адам еркіндікті де сүймейді. Артур Шопенгауэр
Дана адам көпшіліктен гөрі жалғыздықты сүйеді, өз-өзімен болғанды ұнатады. Алайда шын данышпан жалғыздықты қанша сүйсе де, халықтан бетін бұрмайды. Апшерони
Өзіңді түсінбейтін адамдардың қасында болудан артық жалғыздық жоқ. Шэрон Стоун
Адам жалғыз қалған кезде ғана өзіне анық зер сала алады. Анжелика Миропольцева
Жалғыздықтың адамға пайдасы көп. Бірақ шектен тыс ұзақ жалғыз қалған адам зиян шегуі мүмкін. Люк де Клапье Вовенарг
Жалғыз адам әлсіз болады. Ұлы істер тек қоғаммен бірге істелсе ғана жүзеге асады. Артур Шопенгауэр
Ең жаман жалғыздық - жүректің жалғыздығы. Пьер Буаст
Жалғыздықтың ең жаманы - шынайы достарыңның жоқтығы. Фрэнсис Бэкон
Жалғыздық бізді көпшілікке тәуелсіз етеді. Сәйкесінше адам бөтеннің пікіріне деген тәуелділіктен құтылып, өз ойын қорыта алады. Артур Шопенгауэр
Жалғыздықтан үлес алып, өзіңе пайда келтіре алу - дарын. Бернард Шоу
Көпшіліктен бөлініп, жалғыз өмір сүруге бел буған адам - толық адам емес. Пьер Буаст
Кез келген жан өз-өзін белгілі бір деңгейде жалғыз сезінеді. Габриэль Гарсия Маркес
12.Лао-Цзыдың қанатты сөздері
Аяулы оқырмандардың назарына VI—V ғасырларда өмір сүрген Қытай халқының дана ойшылы, даос философиясының негізін салушы Лао-Цзыдың қанатты сөздерін ұсынамыз.
Адамзат баласына келетін кез келген ауыр қайғы болмашы нәрселерден басталады. Ұлы істер де осы секілді кішкентай жұмыстан бастау алады.
Өз ойларыңызға мұқият болыңыз. Кез келген іс ойдан басталады.
Сабырлылық - жақсылықтың қайнар көзі.
Ақылды жігіт пайдасыз, артық ақпаратты миына жинамайды. Сонымен қатар дүние-мүлкіне көңілін байламайды.
Ақылды жігіт жұртқа жақсылығын шашып жүрер және қылған ісін көпке жайып, мақтанбас.
Арлы жігіттің киімі нашар болса да, кеудесі алтын болады.
Есі дұрыс адамдарда бір ғана заң бар - әділ болу және ешкімнің көңілін қалдырмау
Көп білсе де, кішік болған адам сүйкімді болады. Аз білсе де, өзін ақылды қылып көрсетуге талпыну - рухани дерт. Тек сол мерездің бойымызда бар екендігін мойындап, назар салсақ қана бұлардан арыла аламыз.
Кез келген істе шектен шықпаған жақсы.
Мәрт халық соғыс отынан әрі жүруге тырысады.
Басыңызға бақ қонса, оның ұшып кетуі де оңай екенін ұмытпаңыз.
Көп білемін деп кеуде соққан адамдар, әдетте нәтижеге жете алмайды.
Көп білсе де, өзін ақылды етіп көрсетуге тырыспайтын жігіт мақтауға лайық.
Өз мүмкіндігінен хабары аз адам, қауіпке ұрынуы мүмкін.
Жауын жеңген - батыр. Өзін жеңген - ер.
Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетеді.
Әр халық өз тілін жетік меңгеріп алса, бөтен тілді де еш қиындықсыз меңгере алатыны анық.
13. Бұл дүниеде не артық?
Бұрынғылар "Бәленнен түген артық" деген тәсілмен біраз аталы сөз қалдырған екен. Мұның бәрі де жұрт жүрегінде жатталып, мақал-мәтелге айналып кетті. Сіздерге соның біразын ұсынайын. Ал қалып қойғандары болса, пікір ретінде жалғай жатарсыздар.
Көр кеуде періштеден, көпті көрген пері артық.
Ақылсыз достан, ақылды жау артық.
Адамшылығы жоқ адамнан, ессіз хайуан артық.
Сұлудан сүйкімді артық.
Байламы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық, Бәйге алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық.
Дау кемірген жігіттен, боқ кемірген ит артық.
Көрген көзден, берген қол артық.
Ортақ өгізден, оңаша бұзау артық.
Ерте тұрған еркектің ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық.
Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық.
Өлген арыстаннан, тірі тышқан артық.
Алтын басты әйелден, бақыр басты ер артық.
Мың естігеннен бір көрген артық.
Қайырымсыз туыстан, қайырымды жат артық.
Жаман туыстан, жақсы көрші артық.
Сүймей алған сұлудан, сүйіп алған су мұрын артық.
Арамнан алған түйеден, адалдан алған түйме артық.
Қарау байдан кеуделі кедей артық.
Жеті күн жауған жаңбырдан, желіп өткен су артық.
Тәтті өтіріктен, ащы шындық артық.
Ез тірліктен, ер өлім артық.
14.Жігіттің қыздан әлсіз ете түсетін факторлар
Қыз жігіттен әлсіз бе? Стереотип емес пе? Кімнің кім екенін енді біліп алыңыз! Сонымен, қыз баладан жігіттің әлсіз болатын тұстары мыналар болмақ...
Ауру. Ер адамдардың қыз балаларға қарағанда обыр ауруларына (РАК) шалдығу қаупі артық. Статистикаға сүйенсек, жігіттер түрлі жұқпалы инфекциялар мен тұмау, одан қалды өкпе ауруларына әйел адамдарға қарағанда көбірек шалдығады. Асқазан аурулары да бұл тізімде бар.
Мұның бір себебі ер адам ағзасындағы Y-хромосомасында болып отыр, нақтырағы, әйелдерде болатын Х-хромосомасының жоқтығынан. Х-хромосомасы ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұруына қызмет ететін қасиеті бар. Қыз балалар ер адамдарға қарағанда аштық жағдайына, шаршау, стресстер, түрлі ауруларға төзімді келеді екен. Әйелдер ер адамдардан күштің жоқтығынан ғана жеңілетін көрінеді.
Тағы бір себеп – ер адамдардың өз денсаулығын күтуге мән бере бермейтіндігі болып отыр. Ол аз десеңіз, еркектер тіпті денсаулық туралы сөйлесіп, ол кітаптарды оқымайды да. Осыған қарамастан олар ер адам ауырмайды, әйел адамнан күштірекпіз деген ойға бекіп қалған.
Энергия тапшылығы. Ерлердің қан айналым жүйесі әйелдердің жүйесіне қарағанда дұрыс қызмет атқармайды. Қандай да бір ота жасату ерлерге қиын соғады екен. Ерлерге ауа да жетіспейді, себебі олар әйелдерге қарағанда тез әрі көп мөлшерде ауа керек етеді.
Қыз бала өкпесінде ер адамға қарағанда аз ауа жиналатындықтан, олардың лас ауадан зиян шегу қаупі аз болады. Ер адам терісінде бір ғана қабат болса, қарсы жыныстағылардың терісі екі қабат, және денедегі майлар түрлі қиындықтарға төзімді келеді. Ер адам әйел адамның тамағына тоймайды. Осы себепті де бойдағы қуат тез таусылады-мыс. Алабама универсиетінің кардиологтары қыз баланың жыл өткен сайын төзімділік мүмкіндігі 2 пайызға қысқарып отырса, ал еркектердің төзімділігі жыл сайын 10 пайызға кеміп отыратынын анықтаған.
Ми қызметі. Жігіттер мен қыздардың миы әрқалай дамиды екен. Ерлердің оң жақ миы ерте дамиды екен де, қыз балаларда сол жақ миы ерте тұрақталады. Дәл осы себепті қыз балалардың жазуы ұлдардың жазуына қарағанда әдемі болады.
Көптеген зерттеулер ер адамның оң жақ миының жұмысынан олар кеңістіктегі жағдайды (ориентация) басқара алатынын дәлелдеп берген. Ерлердің сәулетші, құрылысшы, суретші болатыны да сондықтан екен. Ал әйел адамдарда уақыт өткен сайын екі жақ миы да теңеседі. Бұл арқылы қыз балалар қарым-қатынас жасауға, психологияны барлай зерттеуге мүмкіндігі көп. Ер адамдарды қыз балаларға қарағанда оңай алдай алатынымыз да сондықтан.
15.Бақытты болмауыңа не себеп?
Адамдардың бәрі бірдей ұмытшақ келеді.Сенің бар тілегің бақытты, қуанышты болу ғана. Бірақ, бәрі жақсы уақытта да бір нәрселердің көңіл алаңдататыны жаман-ақ. Ендеше, сенің алға қойған мақсатқа жетпеуіңе не себеп? Бақытты әрі қуанышты бола алмаудың сыры неде? Жақында психологтар осы сұраққа қарасты зерттеу жүргізіп, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізе алды.
Көптің көңілін табу - адам баласының басты қателігі. Өз уақытында жақындарыңыз бен өзіңізге қымбат жандарға ғана уақыт жұмсау керек.
Ашкөздік. Табыс көзі неғұрлым көбейген сайын, соғұрлым аз боп көріне түседі. Бар тұста да солай...
Іштарлық. Жағымсыз эмоция сыйламаған жағдайда ғана пайдалы саналады. Ал жетістікке жетуде... Кейде...
Кешіре алмау. Жо-жоқ, ешқандай ақыл айтқалы тұрған жоқпыз. Жай ғана өз өміріңізге үңіліңіз: "Қанша адамды шынайы түрде кешіре алдым?"
Сезімді елемеушілік. Біздер көбіне өзімізге ненің ұнап, нені қалайтынымызды ұмытып, ақырында ойланып қалып жатамыз. Нәтижесінде жай ғана бой үйреніп қалған немесе көз үйренген дүниелердің бізге ұнайтынын аңғарамыз.
Пайдакүнемдік. Еске алшы, соңғы уақытта өз пайдаңнан бөлек не істеп, неңдей жақсылық жасадың? Мойындайсың ғой...
Өзің жайлы ғана ойлау. Өз-өзіңе қаншалықты сене бастасаң, соншалықты біреулердің саған деген қиянаты жоқтай болып көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, қырағылықты ұмытып қалдырасыз. Солай емес пе?
Өзіңді қабылдамау — бақытқа жетуде ең басты түйін. Ең жаманы сол, ...Өзгерте алмаймын деп алаңдай түсуің. Осы тұста бір айта кетерлігі, келесі мүмкіндік деген болмайды...
Жалқаулық. Бүгінгі таңда қаншама адам жалқаулықтың кесірінен бақытсыз болып жүр екен? Психологтардың сөзіне сенсек: істегің келмей тұрған нақтылы іске бүкіл өміріңнің байланысты екенін елестетіп көр. Қорқып кеттің бе?..Тағы басқа себептер бар ма екен?
16.Сый-құрметтің үлкені – күлімсіреу
Күлімсіреу – жан-дүниеңнің айнасы. Адамдық айбынды да асыра түседі. Басқаларға күлімсірей алу ізгі көңіл, бітім-болмысыңның асқақ екендігін де әйгілеп тұрады. Күлімсіреу – үміт, әрі күш. Ол бейне көктемнің салқын самалы тектес басқалардың жан әлемін өзіне сиқырлап алады. Күні бойы тыжырынып, суық айбатын сыртына салып жүретін адамға жан баласы жуымайды. Ондай адамдарға сенім арту да қиындау.
Күле білмеуден өткен қорқынышты іс жоқ дейді психологтар. Зорланып болса да күлімсіреуге әдеттену керек. Жалғыз жүрсең, отырсаң, өзіңше ыңырсып өлең айт. Өзіңді еркін ұстауды үйрен, көңілді жүргендей бейне адамға шынымен де көңілділік бағыштайды. Басқалар өзімді сыйласын десең, әуелі өзің оларға шын көңілден мейір бағыштай біл. Жүрегінде шуағы жоқ адам күн шуағын көре алмайды, жүзінде күлкі табы жоқ адам оның құдіретін сезе алмайды.
17.Бір ауыз сөз жазады, мың көңілдің жарасын
Тағылымды сөз айтқан даналарымыз: «Бір ауыз сөз жазады, мың көңілдің жарасын, бір тәуекел бұзады, мың қайғының наласын» дейді екен. Сөз сөйлей білудің өзі де үлкен өнер. Ендеше, қалай сөйлегенде басқалардың назарын аударуға болады?
1.Ыңғайсыздықта қалған адамға бір ауыз араша сөз айта біліңіз. Басқаларға көмектесу тек ақша, еңбек, уақыт жағындағы қолғабыс қана емес. «Жақсы сөз – жарым ырыс», осындай бір ауыз сөзіңіздің өзі ол адам үшін өте маңызды болмақ.
2.Сәтсіздікке ұшыраған жандарға бір ауыз шабыттандырар сөз айта біліңіз. Сөз жанға шуақ, тірлікке тыныс, сенім бағыштайды.
3.Не істерін білмей дағдарған жанға бір ауыз толғамды түйін, ақыл айта біліңіз. Сол алтыннан қымбат бір ауыз лебіз оны әрі-сәрі күйден арылтып, серпілтуі мүмкін.
4.Жақын жанашыры алыста қалған немесе жоқ жандарға бір ауыз қолдау айтыңыз. Жанында сүйенер жанашыры жоқ адамдардың өзіне сенімі аз, ол басқалардың өзін қолдап-қуаттауынан күш алады. Сосын да, мұндай жандарға кезіккенде, оларға медет беретін сөздерді айта білу маңызды.
18.Жақсы қыздың бір күні..
Таяуда ғалымдар қызықты зерттеу жүргізіп көріпті. Олар қыз баласының ең ізгі бір күнінің қалай өтетінін, неге жұмсалатынын минут, секундына дейін қалдырмай анықтап шыққан. Сауалнама барысында әйел затына ненің ұнап, ненің ұнамайтынын сұрастырыпты. Нәтижесінде әйел затының ең ізгі бір күнінің қалай өтетіні жіпке тізгендей айқындалып шыға келген. Өз кезегінде ерлер жағы осы тізім арқылы өз сүйіктілерін үнемі қуантып отыра алады. Ал нәзік жандар бір ұқсастықтың барын аңғарар деген ойдамыз.
19. Жүрген жеріңде ізің қалсын
Қарындашты ең алғаш жасаған иесі оны қорабына салып жатып, оған мынадай насихат айтыпты: «Өз ортаңа барғанда мына 5 қағиданы жадыңда мықты сақта, сонда ғана қалам біткеннің ішіндегі ғаламаты бола аласың. Бірінші, ұлы істерді істеуге сенімің болсын. Ол үшін басқалардың қолындағы тағдырыңа төзуің керек. Екінші, сол ғаламаттыққа жетудің алғышарты – қылпылдаған пышақпен ұшталған сәттегі азапқа төзе білу. Үшінші, болашақта жанды жерің өзегің екендігін естен шығарма. Төртінші, болашақта өткізуің мүмкін болған қателіктерді қазірден бастап ойлана бер. Бесінші, жүрген жеріңде із қалатын болсын. Сонымен өз иесінің насихатын есіне берік ұстанған қарындаш әлі күнге қолданыста жүр екен.
Сіздің көптеген ірі істерді жасауға қабілетіңіз бар. Бірақ, кей шақтарда пендемін ғой деп өз-өзіңізді тастай саласыз. Елде жоқ талант сізде бар ғой, оны мойындайсыз. Онда сізге не кедергі? Өзіңіз.
Сіз өмірдің сан қилы қатал сынақтарына тап боласыз. Азап пен тауқымет кез келген уақытта алдыңыздан шығады. Қайсар адамға бұлар еш кедергі емес.
Өткізген қателікті түзетуді үйреніңіз. Ең адал әмірші - өз жүрегіңіз. Табаныңыз тиген жолдарда жарқырап ізіңіз жатсын. Өз міндетін үнемі шып-шырғасын шығармай ада қылу кім-кімнің де қолынан келе бермейді. Сіз соны істеңіз.
20.Табысқа жақын адамдар
Сіздің сәтсіздікке ұшырап, торыққан кездеріңіз болды ма? Болса, онда сіз қуаныңыз. Өйткені, табыс пен жеңіс сәтсіздік пен кедергілері көп адамдарға жақын болады.
Германия психологы Холман табысқа жету жолындағы заңдылықта әйгілі «Ойыстық психологиясы» терминін ортаға қойған болатын. Бұл заңдылықта негізгі түйін гольф добына негізделген. Ол "Гольф доп" ерекшелігіндегі психология" деп те аталады. Гольф добын ойнау жаңадан пайда бола бастаған кезде доптың тек салмағына, көлеміне ғана шарт қойылған-ды. Спортшылар өз доптарын елден ерек көрсету үшін добының сыртына бес бұрышты жұлдыз, дөңгелек ноқаттар сияқты өрнектерді сала бастаған. Тіпті кейде өз аттарын да ойып жазып қоятын болған. Бір таң қаларлығы гольф доп шеберлерінің дені өрнектелген допты немесе көне допты қатты ұнатқан. Тіпті, кейбіреулері добының сыртына әдейілеп сызаттар салатын болған.
21.Ана қадірі
Әйелімнің тосын шырғалаңнан қайтқанына төрт жыл болды. Әлі тым кішкене ұлыма анасының орнын толтыру мен үшін оңайға соққан жоқ. Ежелден үй шаруасына олақ мен үшін бұдан өткен қиындық болмаған шығар.
Бір күні іссапарға кетпек болып, ұлымның таңғы асын дайындауға үлгермедім. Кешеден қалған аз ғана аспен қоса, бірнеше жұмыртқа пісіріп жылыттым да. Ұйықтап жатқан ұлымды оятып, бәрін ескертіп кеттім.
Жұмыс қарбаластығы мен үй шаруасы мені әбден титықтатып жіберді. Оның уақытылы тамағын дайындап бере алмайтыныма қатты қынжылатын едім. Кешкісін жұмыстан тым кеш оралдым. Киімімді шешіп төсекке шыға бергенімде, көрпе үстінде бір кесе дайын кеспенің төгіліп (лапша) жатқанын байқадым. Төгілген кеспе суы төсек жапқышты, көрпені бір-ақ бүлдіріпті. Алқымыма тығылған ашуыма ие бола алмастан осыны істеп жүрген жүгермекті киім ілгішпен май құйрықтан сабай жөнелдім. Дайын кеспені көрпенің ішіне жасырып қойғаны несі деймін. Ол өксіп жылап, әлде бірдеңелерді айтып жатыр:
- Алдыңғы күннен қалған тамақты жеп болғам. Кешкісін сіз жұмыстан келмеген соң, ас үйден дайын кеспе тауып алдым. Сіз газ ошаққа жолама деген соң, дайын кеспені моншаның ыстық суына бұқтырдым. Біреуін өзім жеп, тағы біреуін сіз келгенше суып қалмасын деп көрпенің ішіне қойып қойғанмын. Сізге айтуды ұмытып кетіппін...
Оған көз жасымды көрсеткім келмеді. Тазалық үйіне кіріп, моншаның суын ағытып жіберіп, қатты жыладым. Сосын, оның мен үшін «жылытып» қойған тамағын қайтадан кесесіне салдым да, өксіп жылап, жеп отырдым. Бетімді шайып кеткен көз жасым сорпасыз дайын кеспеге тамшылап жатыр.
Ұлымның жарасына дәрі жағып, төсегіне жатқыздым да, киім-кешектерді жуып шықтым. Ұйықтар алдында оның бөлмесіне кірсем, ол әлі жылап жатыр екен. Есікке сүйенген қалпымда сілейіп тұрып қалыппын...
Бір жылдың алдындағы осы істен кейін ұлыма «жақсы ана» болуға бекіндім. Қазір ол жеті жасқа тасқа толды. Аз уақыттан соң бастауыш мектепте оқитын болады. Бір қуанарым ол бұйығы боп өскен жоқ. Басқалармен емен-жарқын әңгімелесе алады.
Бір күні балалар бақшасының жетекшісі маған қоңырау шалып, ұлымның келмегенін айтты. Ол барады-ау деген жердің бәрін іздеп, таба алмадым. Әбден қалжырап қайтып келе жатқанымда, оның бір электрлі ойыншықтар дүкенінің алдында тұрғанын көріп, тағы да сабай жөнелдім. Ол неліктен сабаққа бармағанын айтқан жоқ. Кейін жетекшісінен естісем, сол күні балалар шешесін ертіп келіп, ойын ойнайтын күн екен.
Осы істен бірнеше күн өткен соң, ол балалар бақшасында мұғалімнің жазу жазғанды үйреткенін айтты. Өз бөлмесіне кіріп алып, мұқият жазуға машықтанып отырған бейнесін көріп, ризашылықпен езу тарттым. Оның бұл өзгерісін шешесі көрсе, қандай қуанар еді?!
Тағы бір жылдың қысы келді. Жұрт жаңа жыл мерекесімен әбігер. Жұмыстан қайтып келе жатқанымда өзіміздің тұрғындар ауданына қарасты почта мекемесінен телефон шалды. Олар ұлымның адресі жазылмаған бір буда хатты хат сандығына салып жібергенін, оны қайда салу керек екенін білмей, әурешілік тудырып жатқанын айтты. Оны ұрмауға қанша бекінсем де, бұл жолы тағы да ашуымды тия алмадым. Ұлым таяқ сүйегінен өтсе де, тіс жармады. Солқылдап жылай берді. Бұрышқа итеріп жібердім де, почта мекемесінен әлгі әуре тудырған хаттарды алып келдім. Ұлымның алдына тастай салып:
- Айт! Не үшін басқаларға әурешілік тауып бересің?! - дедім.
- Бұл хаттарды шешеме жазып едім... – деді ұлым өксіп.
Өз қателігімді білгендіктен бе, әлде... Жылай жаздадым. Сонда да оған көз жасымды көрсетпестен:
- Онда неге осынша көп хатты бір ретте бір-ақ жолдадың?! - деп сұрадым.
Ол басын көтерместен:
- Бұрын хат сандығына бойым жетпегендіктен салмағанмын. Осы жолы барлық хаттарымды қосып салып жібердім, - деді.
Мен не айтарымды білмей қалдым. Әсілі ол бұрыннан-ақ шешесіне хат жазып жүр екен. Оны жұбатқандай бауырыма басып:
Достарыңызбен бөлісу: |