7. Орта ғасырда шәкірттердің білімін қалай тексерген?
А) емтихан арқылы В) тестілеу арқылы С) компьютер арқылы Д) мониторинг арқылы Е) бақылау жұмысы арқылы
8. Қай жыл мезгілдерінде емтихан қабылданған?
А) қыс пен жазда В) жаз бен көктемде С)көктем мен күзде Д) қыс пен күзде Е) көктем мен күзде
9. Глюктің мектебінде емтихан қашан қабылданды?
А) 1726 В) 1786 С) 1837 Д) 1703 Е) 1756
10. Санкт-Петербург ғылым академиясының жанынан құрылған оқу орны қалай атлған?
А) лицей В) мектеп С) колледж Д) училище Е) гимназия
Қазақ тілі пәнінен І-тоқсан бойынша оқылым тапсырмасы:
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Шоқан Уәлиханов.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммедқанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған шығыстанушы,тарихшы,фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы аға сұлтан болған. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі.
Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы жайлауда өткен. Ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Оған тәрбие беруде әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні білімімен танысты. «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды
І-нұсқа
1. Шоқанның арғы атасы кім?
А) Шыңғыс В) Уәли С) Абылай Д) Құсмұрын Е) Қанафия
2. Әжесі Мұхаммедқанафияны кім деп еркелеткен?
А) Шыңғысым В) Уәлиім С) Абылайым Д) Шоқаным Е) Қанафиям
Достарыңызбен бөлісу: |