Қазақ тілінен пәнінен 10- сыныпқа арналған бақылау жұмысы І тоқсан бойынша тыңдалым тапсырмасы



бет1/9
Дата12.10.2022
өлшемі111 Kb.
#152746
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Контрольная работа по казахскому языку 9- класс


Қазақ тілінен пәнінен 10- сыныпқа арналған бақылау жұмысы
І тоқсан бойынша тыңдалым тапсырмасы.
Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Емтихан.
Емтихан – шәкірттер білімін тексеру тәсілдерінің бірі. Алғаш рет орта ғасырларда Еуропа университеттерінде қолданылған. 1703 жылы Мәскеуде тұңғыш рет Глюктің мектебі мен Санкт-Петербург Ғылым академиясы жанындағы гимназияда 1726 жылы шәкірттерден емтихан қабылданды. 1786 жылы халық училищелерінде көпшілік алдында жазда, қыста емтихан тапсыру тәртібі енгізілді. 1837 жылы «Уезд училищелері мен гимназияларындағы сыныақ ережелеріне» сәйкес оқушылардың білімін бағалауда 5 балдық жүйе және емтихан билеттері іске асырылады. Қазақстанда емтихан қабылдау алғаш рет жылына 2 рет Алтынсарин мектептерінде қолданылады.
Қазіргі кезде оқу орындарында қабылдау емтихандары компьютерлік техниканың көмегі арқылы тестік тәсілмен жүргізіледі.
І-нұсқа
1. Емтихан тапсыруда неше балдық жүйе қолданылды?
А) 5 В) 4 С) 3 Д) 10 Е) 7
2. Емтихан тапсыру алғаш рет қай ғасырда қолданылған?
А) соңғы ғасырда В) ғасырдың басында С) орта ғасырда Д) жылдың соңында Е) жылдың ортасында
3. Глюктің мектебінде емтихан қашан қабылданды?
А) 1726 В) 1786 С) 1837 Д) 1703 Е) 1756
4. Жылына неше рет копшілік алдында емтихан тапсыру тәртібі енгізілді?
А) 2 рет В) 3 рет С) 1 рет Д) тапсырмайды Е) 4 рет
5. Қай жыл мезгілдерінде емтихан қабылданған?
А) қыс пен жазда В) жаз бен көктемде С)көктем мен күзде Д) қыс пен күзде Е) көктем мен күзде
6. Алтынсарин мектептерінде жылына неше рет емтихан қабылданды?
А) қабылданбады В) 1 С) 2 Д) 3 Е) 4
7. Орта ғасырда шәкірттердің білімін қалай тексерген?
А) емтихан арқылы В) тестілеу арқылы С) компьютер арқылы Д) мониторинг арқылы Е) бақылау жұмысы арқылы
8. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой. Қазіргі кезде оқу орындарында қабылдау емтихандары компьютерлік техниканың көмегі арқылы ... жүргізіледі.
А) бақылау тәсілімен. В) тесттік тәсілмен. С) лабороториялық тәсілмен. Д) қорытындылау тәсілімен. Е) өзара пікір алмасу тәсілімен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет