Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет43/43
Дата04.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#194882
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
аза тіліні с зжасамы А. Б. Сал ынбай – ф. . д., профессор І.

Коннатациялық мәнді тіркесті туынды сөздерге барлық фразеологиялық бірліктерді жатқызуға болар еді. Фразеологиялық бірліктерді номинация теориясы арқылы зерделей отырып, біз оның санатына тек тұрақты мағынаға ие болып, даяр қалпында жұмсалатын, сөйлемде бір ғана қызмет атқаратын номинативтік мағынасы бар идиома мен фразалық тіркестерді ғана қосамыз. Фразеологиялық бірліктерге мақал-мәтел, нақыл сөздерді қосу атау теориясы тұрғысынан қате. Өйткені атау болу үшін, тек номинативтік қызмет атқарып, зат не құбылыстың номинативтік белгілерін анықтап, белгілі ұғымның таңбалық сипатын белгілеуі шарт. Ал мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерде номинативтік белгі емес, коммуникативтік белгі бар, ұғымның таңбасы емес, ойдың көрінісі, пікір бар. Мақал-мәтел, нақыл сөздер нақты ойды, жүйелі пікірді бейнелейді. Ал олардың даяр қалпында жұмсала алу қабілетіне қарап, фразеологиялық бірлікке жатқызу дұрыс бола қоймайды. Бұл пікір қазіргі дәстүрлі грамматикада соншалықты қалыптасқанына қарамастан, оның бұрыстығын айту керек. Өйткені даяр күйінде, қалпын бұзбай жұмсалу кез келген тілдік бірлікке тән қасиет. Айталық, жер-су аттары, кісі аты, газет, журнал, мекеме аты т.б. атаулар даяр қалпында жұмсалады. Бірақ олар тұрақты тіркес құрамына ене алмайды. Сондықтан, олардың сыртқы ұқсастығы тұрақты қолданысы – фразеологиялық тіркес құрамына енуінің басты белгісі немесе шарты бола алмайды. Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді фразеологиялық тіркестердің құрамына енгізе алмауымыздың басты себебі олардың ішкі мағыналық құрылымында жатыр. Тіпті тіркес, тұрақты тіркес деген терминдердің өзі мақал-мәтелдердің болмысын таныта алмайды. Тұрақты тіркес пен сөйлемнің шекарасын, арасалмағын айқындауға толық мүмкіндік береді. Мақал-мәтел, нақыл сөздер – тұрақты тіркес емес, сөйлем. Олар предикативтік қатынастан тұрады. Сөйлем мүшелері іштей семантикалық-функциональдық қызмет атқарып, синтаксистік байланысқа түсіп, бір-бірімен толықтауыштық, анықтауыштық, пысықтауыштық қатынас құрап, белгілі ойдың түйінін, пікірдің айқындығын білдіреді. Мақал-мәтел мен нақыл сөздердің мәнін, мағынасын бір сөзбен жеткізу мүмкін емес, сөйлем болғандықтан да, олардың атау ретінде уәжі де болмайды. Жалпы айтқанда, мақал-мәтелдің атау еместігі, оның тұрақты тіркестермен бір еместігі айқын, әрі оны мойындайтын да кез жетті деп есептейміз. Бұл дәстүрлі грамматиканың кемшілігі деуден аулақпыз, ғылыми пікірдің өзі сол кезеңдегі ғылыми ойдың деңгейімен шамалас деп бағамдап, ғылымның дамуындағы бір белес деп түсінеміз.
Коннатациялық мәнді туынды тіркестер – болмыста танылған ұғымды таңбалап, номинативті атаудың қалыптасуының өзіндік бір жолы. Мұндай туынды сөздердің негізгі ерекшелігі – ауыспалы мағынада жұмсалып, экспрессивті-эмоциялы мәнде қолданылуы.
Тұрақты тіркестердің туынды сөз ретінде танылуының мәнісі мынада:

  • құрамындағы себепші негіз мағыналарына уәжделе келіп, жаңа екіншілік мағына береді;

  • бірнеше себепші негізден құралып, бір ғана ұғымды білдіреді;

  • бүтін тұлға болғандықтан, даяр қалпында жұмсалады;

  • бір ғана грамматикалық категориямен түрлене алады;

  • бір бірлік ретінде танылып, бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады;

  • туынды тұлға ретінде тізбе сөз деп танылып, сөздікке енеді.

Тұрақты тіркестер туынды сөз болып танылғандықтан, атау сөздің атқаратын қызметін де мағыналық құрылымын да толық атқара алады. Коннатациялық мәнді туынды тіркестер құрамы жағынан тұрақты, мағыналық жағынан ерекше семаға ие.
Қорыта айтқанда, тілімізде аналитика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер саны мол. Әсіресе, қазіргі тіл дамуында аталған тәсіл арқылы екіншілік мағыналы туынды сөз жасау белсенді қолданылады.

Пайдалануға қажетті негізгі әдебиеттер:



  1. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. –Алматы, 1996.

  2. Ысқақов К. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы, 1991.

  3. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. –Алматы, 1998.

  4. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. -Алматы, 1991.

  5. Оразов М. Етістік. -Алматы, 2003.

  6. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі, - Алматы, 1989.

  7. Қазақ тілі грамматикасы. –Алматы, 2002.

  8. Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды етістіктер. –Алматы, 1959.

  9. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. – Алматы, 1982.

  10. Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1973.

  11. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. –Алматы, 1988.

  12. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. –Алматы, 2002.

  13. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары. –Алматы, 1975.

  14. Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект. - Алматы, 1999.

  15. Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік, - Алматы, 1998.

  16. Салқынбай А.Б. Тіл және мәдениет. -Алматы, 2001.

  17. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. - Алматы, 1998.

  18. Қазақ тілінің сөз тудыру проблемалары. –Алматы, 1985.

Тапсырма:



  1. Сөзжасамдық тәсілдер мен олардың бөлінісі туралы.

  2. Фонетика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл мен оның сөзжасамдық қалыптары.

  3. Семантикалық сөзжасамдық тәсіл.

  4. Синтетика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл.

  5. Аналитика-семантикалық сөзжасамдық тәсіл.

  6. Денотаттық туынды атаулар.

  7. Сигнификаттық туынды атаулар.

  8. Коннатациялық мәнді туынды атаулар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет