сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және ынталандырушы үстемеақы белгіленетін шығыс түрлерінің тізбесі Сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:
1) қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30% асырмай жыл ішінде, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
ел ішіндегі іссапарлар және қызметтік жол жүрулер;
елден тыс жерлерге іссапарлар және қызметтік жол жүрулер;
үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу;
коммуналдық қызметтерге ақы төлеу;
байланыс қызметіне ақы төлеу;
көлік қызметіне ақы төлеу;
электр энергиясына ақы төлеу;
жылуға ақы төлеу;
техникалық персоналдың еңбекақысын төлеу;
техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары;
ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу;
өзге де қызметтер мен жұмыстар;
өзге де ағымдағы шығыстар;
2) қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
негізгі жалақы;
өтемақы төлемдері;
әлеуметтік салық;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жеке басын мемлекеттік міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
қосымша ақшалай төлемдер.
Шығыстардың қалған түрлері бойынша қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражатты сыйлықақы беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жұмсауға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
25-қосымша
Қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен