Қазақша күрес
Түсінік хат
Күрес өнері. Спорттың бұл түрі – қай халықта да бар деуге болады. Олардың бәрі де бұл спорттың түрін жан-тәнімен сүйіп ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, оны байытып жаңғырта келіп, бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Әр халықта да өзіндік арнамен дамыған ұлттық күрес өнері бар.
Қазақша күрес өнерін сөз еткенде алдымен ауызға ілінетін мына бір есімді – Қажымұқанды білеміз. Кезінде әлемді аузына қаратқан аты аңызға айналған қазақтың сол алып ұлының өзі де алаш халқының төл өнерімен сусындап содан үйренері хақ. Ендеше бүгінгі өркенді өнеріміздің Қажымұқандарының да тұсауларын алаш қазақша күресі кесті. Өйткені қазақша күрес бүгінгі әлемдік ареналардағы күрес түрлерінің қай-қайсысына болмасын жақын да ұқсас.
Қазақ палуандарының қай-қайсысы болмасын ауылда ә дегеннен шаңдақта күресіп, күрес әліппесін қазақша күреспен ашқаны айқын.
Күрес әліппесі... Осыған орай тағы да бір шындық атойлап алдымыздан шығады. Болашақ әлем чемпиондары осы күрес әліппесін енді-енді парақтап ашып ауылда жүруі әбден мүмкін. Бірақ олардың өздігінен үйреніп талпынуы мүлде жеткіліксіз. Бұл қиындықтан құтылудың бір жолы – күрес өнерін үйренем деген жастарға таңдау курстары ашылып, өз пайдасын тигізеді. Сондықтан бұл таңдау курсы арқылы жастар күрес әлеміне жол ашылары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |