Мақсаты: Оқушыларға аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі ете отырып, Отанын, елін сүюге деген патриоттық сезімдерге баулу. Тәуелсіздікті сақтап,Отанды, елді, жерді қорғауға және көркейтуге деген жауапкершілік сезімдерін ояту. Бо-лашаққа сенімдерін қалыптастыру, саналы да білімді азамат болуға ттәрбиелеу.
Көрнекілік: Н?Назарбаев суреті, Қазақстан картасы, Отан, ел жайлы мақал-мә - телдер, нақыл сөздер, “Желтоқсан құрбандары” буклет.
Кіріспе әңгіме: Біздің ата-бабамызжанқиярлықпен табанды күрес арқасында өзінің елін, жерін, бірлік – берекесін сақтады. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз-дікке де қол жеткізді. Еркін де ерікті ел болды. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев: “Қазақстан – біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи Отаны”дей-ді. Сол тарихи Отанымызды әлем мемлекеттерінің бәрі дерліктей танып отыр. 1992 жылы Қазақстан дүние жүзіндегі ең ықпалды және беделді ұйым – Бірік-кен Ұлттар ұйымына мүше болды. Содан бері Қазақстанды 120-дан астам ел та-нып, 130-дан астам ұлт бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
“Өзіңдікі елің де, өзіңдікі жерің де,
Өзіңді - өзің етпе бос, Тәуелсіздік төрінде!”,-деп айқай салғың келеді.
Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталған ірі империя құрамында еді. Халық еркіндікті 2,5 ғасырдан аса уақыт тосты. Ел тәуелсіздігі үшін күрес жолында көптеген адамдар, саяси-қай-керлер, ғалымдар, қатардағы бұқара өкілдері құрбан болды. 1991 жыл халқы-мызға егемендігін ала келді. Сөйтіп, 1991 жылдың 16 желтоқсаны ел тарихына ал-тын әріптермен жазылды. Сол тәуелсіздігіміздің арқасында өз Туымыз, өз Елтаң-бамыз, Әнұранымыз бар. 1993 ж 28 қаңтарда еліміздің тұңғыш Конституциясы қа-былданып, осы жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
Біздің тәуелсіздігімізді алған жылдар ішінде еліміздің қарыштап дамуы, әлемге танымал мемлекет бола бастауы, бұның бәрі сонау 1986 жылғы 16 желтоқсанда болған қанды оқиғамен тығыз байланысты. Ол жылы отты оқиға болды. Сол оқи-ғада көптеген жастарымыз құрбан болды. Егемендік жолында құрбан болған ұл-қыздарымызды мәңгі ұмытпай, есте сақтап, құрметтеуіміз керек. Бүгінгі саба-ғымызда ерлерді еске ала отырып, аруағына бас ие отырып, оларды ешқашан ұмытпас, естен шығармас мақсатымен сіздерді “Қазақстан – менің респуьликам!” деген тақырыппен өткелі Тәуелсіздіктің 19 жылдығына арналған
саяхат сабағымызды көрермені және қатысушылары болуға шақырамыз:
Өзіңдікі – Туың да, от пен ауа, суың да,
Жаса, Қазақстаным, белді бекем буын да!
Көк аспандай тулардың, желбірейтін кұні бұл,
Елім деген ұлдардың, елжірейтін күні бұл!
Анель: Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады, Республика Әнұраны. ( Әнұран орындау)