2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды).
Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.