«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата04.01.2022
өлшемі403,14 Kb.
#109461
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2020 zhyl adeyingi



«Қазақстан  2020:  болашаққа  жол»  Қазақстан  Республикасы 

мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі  тұжырымдамасы 

 

Мазмұны

  Кіріспе  1-бӛлім.  Мемлекеттік  жастар  саясатын  дамыту 

пайымы  2-бӛлім.  Мемлекеттік  жастар  саясатын  дамытудың  негізгі 

қағидаттары мен жалпы тәсілдері 3-бӛлім. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі 

тҧжырымдамасын  іске  асыру  кӛзделетін  нормативтік  қҧқықтық  актілердің 

тізбесі 


Кіріспе

  Қазақстандықтар  –  жасампаз  және  жас  ҧлт:  республиканың 

әрбір  екінші  тҧрғыны  30  жасқа  толмаған  жастар.  Қазақстанның  болашағы 

Қазақстан  жастарының  даму  деңгейімен,  олардың  қоғамға  ықпалдасуымен 

байланысты,  болашақтың  негізі  бҥгін  қаланады.  Жастар  саясатының 

басымдықтары  Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының тҥйінді 

мақсаттарының  бірі  болып  табылады.    Бҥгінде  еліміз  ӛзінің  алдына 

әлеуметтік  жаңғыру,  ҥдемелі  инновациялық  индустрияландыру  және 

экономикалық  ықпалдасу  бойынша  жаңа  ауқымды  міндеттер  қояды. 

Тәуелсіздіктің  20  жылындағы  жетістіктерді  бекіте  отырып,  Қазақстан  XXI 

ғасырдың  ҥшінші  он  жылдығында  әлемнің  дамыған  30  мемлекетінің 

қатарына  кіруге  ниет  білдіреді.  Бҧл  жағдайларда  аға  буынның  жасампаз 

істерін жалғастыруға, ҧлттық бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі 

жоғарылатуға,  Қазақстанның  XXI  ғасырда  гҥлденуі  мен  әлемдік  танылуын 

қамтамасыз  етуге  тиіс  жастарға  ҥлкен  ҥміт  пен  жауапкершілік  жҥктеледі.  

Мҧндай  миссия  кәсіптік  білімі,  дені  сау  әрі  адамгершілігі  мол,  бәсекеге 

қабілетті,  патриот  және  әлеуметтік  тҧрғыдан  жауапты  жастардың  ғана 

қолынан келеді. Осыған байланысты мемлекеттің басым міндеті мемлекеттік 

жастар  саясатын  уақыт  талаптарына  сай  бейімдеу  арқылы  жастарды 

Қазақстанның  бәсекеге  қабілеттілігінің  маңызды  факторына  айналдыру.  

Мемлекеттік жастар саясаты 

Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарынан  бастап  жас  ҧрпақтың  ойдағыдай 

әлеуметтенуі  мемлекет  назарында  болды  және  қала  береді.    1994  жылы 

Қазақстан  Бала  қҧқықтары  туралы  конвенцияны  ратификациялады. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1999 жылғы 28  тамыздағы  ӛкімімен 

Қазақстан 

Республикасындағы 

мемлекеттік 

жастар 

саясатының 

тҧжырымдамасы мақҧлданды. Кейіннен аталған қҧжатты Ҥкімет қабылдаған 

соң  2001  жылдан  бастап  бірқатар  бағдарламалар,  оның  ішінде  «Қазақстан 

жастары»,  «Жастар  саясатының  2003  –  2004  жылдарға  арналған 

бағдарламасы»,  «Жастар  саясатының  2005  –  2007  жылдарға  арналған 

бағдарламасы»,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  азаматтарын 

патриоттық тәрбиелеудің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы іске 

асырылды.  Аталған  бағдарламалардың  бәрі  жастардың  білім,  еңбек  және 

жҧмыспен  қамту,  денсаулық  сақтау  саласындағы  әлеуметтік  қҧқықтарын 

қамтамасыз  етуге,  шығармашылық  әлеуетін  дамытуға,  жастарды  ауқымды 

әлеуметтендіру және патриотизм қҧндылықтарын қалыптастыру ҥшін жағдай 

жасауға  бағытталған.  «Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  жастар 



саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 

қабылдануы  жастар  саясатын  одан  әрі  іске  асырудың  институционалдық 

негізіне  айналды.  2010  жылдан  бастап  жастар  саясаты  Білім  беруді 

дамытудың  2011  –  2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының 

шеңберінде  іске  асырылуда.    2008  жылы  «Нҧр-Отан»  халықтық-

демократиялық  партиясының  (бҧдан  әрі  –  «Нҧр-Отан»  ХДП)  «Жас  Отан» 

Жастар  қанаты  I  съезінің  қорытындысы  бойынша  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  жанынан  Жастар  саясаты  жӛніндегі  кеңес  қҧрылды.  

Мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  шеңберінде  жастар  ҧйымдарының 

бастамаларын  қолдау  мемлекеттік  жастар  саясатының  басым  бағыттарының 

бірі болып табылды, ӛткен 7 жылда оның кӛлемі 10 еседен астам ӛсті.  Білім 

және  ғылым  министрлігінің  қҧрылымынан  Жастар  ісі  комитеті  мен  Астана, 

Алматы  қалаларының  және  облыстардың  жастар  саясаты  мәселелері 

бойынша  басқармаларының  қҧрылуы  мемлекет  пен  жастардың  ӛзара  іс-

қимыл  жасау  процестерін  жетілдірудің  келесі  кезеңіне  айналды.  Жалпы 

алғанда,  қазіргі  уақытта әлеуметтік-экономикалық  жағдайларды  жақсартуға, 

болашақ  ҧрпақтың қалыптасуы  мен  жан-жақты  дамуына  тек  арнайы  жастар 

бағдарламалары  ғана  емес,  бҥгінде  елімізде  іске  асырылып  жатқан  білім 

беруді,  денсаулық  сақтауды,  тілдерді  дамытудың,  ҥдемелі  индустриялық-

инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттік бағдарламалары; «100 мектеп, 

100  аурухана»,  «Балапан»,  «Жҧмыспен  қамту  –  2020»,  «Бизнестің  жол 

картасы  –  2020»,  «Қол  жетімді  тҧрғын  ҥй  –  2020»  бағдарламалары 

бағытталған. 

Демографиялық ахуал 

Ел  тҧрғындарының  26  %-дан  астамын  14  –  29  жас  аралығындағы 

Қазақстан  жастары  қҧрайды.  2012  жылы  олардың  саны  4,4  млн.  адамға 

жақындады.    Облыс,  сондай-ақ  республикалық  маңызы  бар  қала 

тҧрғындарының жалпы санынан жастардың ең қомақты ҥлес салмағы Астана 

және Алматы қалаларына, сондай-ақ Ақтӛбе облысына тиесілі, мҧнда 14 – 29 

жас аралығындағы жастар 29 %-ды қҧрайды. Тҧрғындардың жалпы санынан 

жастардың  ең  аз  ҥлес  салмағы  Солтҥстік  Қазақстан  облысына  –  22  %, 

Ақмола,  Шығыс  Қазақстан, Қарағанды  және  Павлодар  облыстарына –  24  % 

келеді.  Қазақстан  жастарына  білім  деңгейінің  жоғары  болуы  тән.  Жоғары 

білімі бар жастардың саны соңғы онжылдықта 3 есе, арнаулы орта білімі бар 

жастардың саны 2 есе дерлік ӛсті. Жоғары білімі бар ауыл жастарының саны 

6  есе,  қала  жастарының  саны  4  есе  ӛсті.  Тҧтастай  алғанда,  Қазақстан 

жастарының  40  %-ының  жоғары,  аяқталмаған  жоғары  және  арнаулы  орта 

білімі бар.  

Жастар ұйымдары  

Соңғы  онжылдықта  елімізде  олардың  саны  7  еседен  астам  ӛсті. 

Қазақстан  жастар  конгресі  (2002)  және  «Нҧр  Отан»  ХДП  жанындағы  «Жас 

Отан»  Жастар  қанаты  (2008)  сияқты  бҧқаралық  ҧйымдарға  жастардың 

шоғырлану  процесі  жалғасуда.  2005  жылы  «Қазақстан  студенттерінің 

альянсы»  студент  жастардың  қоғамдық  бірлестігі  қҧрылды.    2011  жылдан 

бастап  «Қазақстан  жас  депутаттарының  қауымдастығы»,  ал  республиканың 

бҥкіл  ӛңірлерінде  –  жастар  мәслихаттары  жҧмыс  істейді.  2011  жылы  «Жас 

Қыран»  және  «Жас  Ҧлан»  балалар  мен  жасӛспірімдерге  арналған  жаңа 



ҧйымдар пайда болды, олардың басым міндеті патриоттық тәрбиелеу болып 

табылады.    Бірқатар  жастар  бағдарламалары  мен  бастамалары:  «Жастар 

практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», 

«Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар - Отанға!» іске асырылуда, олар мол 

қоғамдық оң резонансқа ие. 

Жұмыспен қамту  

Еңбек  және  жҧмыспен  қамту  саласында  мемлекеттік  жастар  саясаты 

жастарды  жҧмысқа  орналастыру,  қоғамдық  жҧмыстарды  дамыту  және 

жастарды  кәсіптік  даярлық  пен  біліктілікті  жоғарылату  курстарында  оқыту 

бағдарламаларын  іске  асыру  арқылы  жҥзеге  асырылады.    2011  жылы  15 

жастағы  және  одан  ҥлкен  экономикалық  белсенді  тҧрғындардың  саны  8,8 

млн.  адамға  жетті.  Жҧмыспен  қамтылғандар  қҧрылымының  (8,3  млн.  адам) 

шамамен ҥштен бір бӛлігін (30,5 %)  25 – 34 жастағы адамдар және 14,5 %-ын 

15 – 24 жас аралығындағы жастар қҧраqды. Жҧмыспен қамту қҧрылымында 

жалдамалы  еңбек  қала  жастарында  78,3%-ға  басым,  ауыл  жастарында  – 

40,9%.    Орта  мерзімді  кезеңде  жастар  арасындағы  жҧмыссыздық  деңгейі 

(2005 жылдан бастап) 13,4 – 4,6 % шегінде (жҧмыссыздықтың жалпы деңгейі 

8,1 – 5,4%) болды.  2012 жылы жастар арасындағы жҧмыссыздық деңгейі (4,6 

%)  кӛп  жылдардан  бері  алғаш  рет  жҧмыссыздықтың  жалпы  деңгейінен  (5,4 

%)  тӛмендеді.  Жастар  жҧмыссыздығының  деңгейі  қалаларда  жоғары.  2011 

жылы  ол  5,6  %,  ал  ауылда  –  3,8  %  болды.    Тәуелсіздіктің  алғашқы 

жылдарынан  бастап  жҥргізіліп  келе  жатқан  мемлекеттік  жастар  саясаты 

қоғам  ӛмірінде  тҧрақтандырушы  рӛл  атқарды, жастарға  кӛп  кездесетін ӛмір 

ағымының  қиындықтарын  жеңілдетуге  мҥмкіндік  берді,  жастардың 

әлеуметтенуіне жағдай жасады. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет