«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн



бет35/55
Дата12.10.2020
өлшемі335,5 Kb.
#65584
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55
Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн.

Біз шығыны көп емес зерттеулер мен әзірлемелерге ден қоюға тиіспіз.



Бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек. ЭКСПО-2017 бұл процеске серпін беріп, бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмектесуі тиіс.

Біз - жас ұлтпыз және бұл біздің қолымыздан келеді.

Оған қоса, біз ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына әбден-ақ белсене қатыса аламыз. Бұл бізге ғалымдарымыздың күш-жігерін шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша ықпалдастыруға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз - жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу.

        Біз 2013 жылдың өзінде-ақ ғылым мен бизнестің толыққанды кооперациясы жөнінде шаралар қабылдауға тиіспіз. Үкіметке технология трансферті мүмкін болатын салааралық секторларды анықтауды және оларға жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық компаниялар тарапынан сұраныс тудыруды тапсырамын.

        Болашағы зор ұлттық кластерлер қалыптастыру жөнінде нақтылы Жол карталарын әзірлеу аса маңызды.

        Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі үшін құқықтық базаны анықтауды да тездету қажет. Міндет - мұндай әріптестіктің бүгінгі күнгі ең озық құралдары мен тетіктерін енгізу.

        Авторлық құқықтар мен патенттер мәселелерін реттейтін заңнаманы қайта қарау. Үкімет 2014 жылдың соңына дейін бұған дейін берілген барлық патенттер мен тіркелген авторлық құқықтарды олардың коммерциялануының ықтималдығы жөнінен талдаудан өткізуі қажет.

 

Құрметті отандастар!



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет