Бұл - жаңа саяси бағыт.
І. ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАЗАҚСТАН - мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың,
қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз Бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы
Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдадық.
Бұл 1997 жыл - кеңестік кезеңнен кейінгі бей-берекеттік түбегейлі еңсерілмеген, дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азияны және басқа да кейбір нарықтарды сансыратқан кезең болатын. Бізге де аса қиын соқты.
Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді.
1997 жыл естеріңізде ме?
Парламентте мен сөз сөйлегеннен кейін абдырау мен абыржу болды.
Көпшілік: «Бұл не - насихат па? Әлде аспаннан түскен нәрсе ме?» деп сауал қойып жатты.
Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін.
Дегенмен «көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой.
Біздің алдымызда оқиғалар барысына өзгеріс енгізу сияқты ауқымды міндет тұрды. Жаңа елдің іргесін қалау керек болды.
Ол міндетті шешу үшін біз үш бірдей жаңғырту жүргізуге тиіс едік: мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту. Біз өзіндік жолымызды айқындауға тиіс едік. Бұл жол «Қазақстан-2030» Стратегиясында белгіленген болатын. Бұл құжат стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған, көзқарасымыздағы маңызды серпіліс болды.
Халық нақылында айтылғандай: «Мақсат - жетістіктің желкені». Орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді.
Бүгін дұрыс таңдау жасағанымыз туралы айту мен үшін үлкен абырой. 2008-2009 жылдардағы жаһандық дағдарыс осыны айғақтады.
Достарыңызбен бөлісу: |