«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ:
бір халық – бір ел – бір тағдыр» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІЛІМ КҮНІН ӨТКІЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
«Бір бақыт бар –ол менің балаларым».
Абай Құнанбаев
Кіріспе
Білім күні – жаңа оқу жылының басталу мерекесі.
Білім күнінің дәстүрлі міндеттері – қуаныш атмосферасын және білім алудың маңыздылығын түсінужағдайын жасау.
Сондықтан жыл сайын 1 қыркүйекте мектептерде салтанатты жиын және алғашқы сабақ өткізіледі. Бұл Білім мерекесі!
Мерекеге қатысушылардың барлығы үшін, әсіресе бірінші сыныпқа келген бүлдіршіндер үшін бұл әсерлі күн.
Мектеп оқушылары есейіп қалған сыныптастарымен кездеседі, жаңа мұғалімдер және пәндермен танысады.
Мектеп бітірушілер мектеп қабырғасындағы соңғы оқу жылын өткізеді және мектепте өткен қызықты оқиғаларды өмір бойы есте қалдыруға тырысады.
Бұл мерекенің ұстаздар үшін де өз ерекшеліктері бар. Сынып жетекшісі үшін сынып оқушыларының қалай өзгергені және оларға қазіргі уақытта не қызық болатыны туралы мәселелер өзекті.
Сынып жетекшілері емес пән мұғалімдері үшін де жаңа оқу жылының міндеттерін орындауға құлшындыратындай мерекелік көңіл-күй жасау қажет.
1қыркүйек –ұжымды біріктіретін,әркімнің жүрегіне жақын атаулы күн.Педагогтар осы мерекені жақсы өткізуге тырысулары керек.
Мерекені ұйымдастырушылар:
мерекенің міндеттерін анықтау, оның сәтті өтуі үшін барлық жағдайларды жасау, материалдық қолдауды және техникалық жабдықтарды қамтамасыз ету;
салтанатты жиын, алғашқы сабақ, бірінші сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшін мереке қарастырылған бағдарлама әзірлеу;
мектептің өзін-өзі басқару мүшелері, сынып жетекшілері, ән, бейнелеу, қосымша білім беру педагогтеріжәне ата-аналардан құралатын пікірлес адамдардың командасын жинау қажет.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы:
бір халық – бір ел –бір тағдыр»
тақырыбындағы «Білім күні»мерекесінің мазмұны
Балалық жылдар – зерденің, білім алуға уәждеменің дамуы, адамдарға, өзінің кіші отанына, еліне тек мектеп қабырғасында ғана емес, бүкіл өмір бойы пайдалы болуға тырысуды қалыптастыру үшін қолайлы кезең.
Мемлекет саясаты мектеп оқушыларына зияткерлік және рухани қалыптасып, шынайы құндылықтарды бойына сіңіріп, әр тұлғаның ұят, ар, намыс негіздерін сақтауға көмектесу секілді басты міндеттерді орындауға бағытталған.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында еліміздің ПрезидентіН.А. Назарбаев белгілеген «бір халық - бір ел - бір тағдыр» идеясы 2013-2014 оқу жылындағы Білім Күнінің ұраны болуы тиіс.
Президентіміз анықтағандай, «бір халық» - бұл барлығына ортақ ұлт мүдделері, «бір ел» - бұл барлығымызға ортақ Отанымыз, «бір тағдыр» - бұл барлығымыздың басымыздан өткен қиындықтар мен жеңістер, бұл біздің ортақ келешегіміз – көркейген және гүлденген Қазақстан.
Елбасы атап өткендей, Отанға, туған жерге, ата-бабаларымызға, бірыңғай және жігі ажырамаған тарихымызға деген махаббатбарлық қазақстандықтар үшін ерекше маңызды.
Екі онжылдық ішінде Қазақстанның жолы ұлт жеңісінің үлгісі болды, осындай жетістікке тек күшті халық жете алады. Біз сондай халық бола алдық және осы биікте болуымыз керек, - деген Президент.
«Өз еліне пайдалы болу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – бұл әрбір қазақстандықтың борышы және ар-намысы». Президенттің бұл сөздері әр педагогтің және мектеп оқушысының өмірлік қағидасы болуы тиіс.
Мектеп балаларды өз Отанын – тәуелсіз Қазақстан Республикасын сүюге, оның лайықты азаматы болуға, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтауға тырысуға үйретуі қажет.
Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Әнұран орындалуы кезінде салтанатты түрде енгізіледі.
Мереке барысында педагогика еңбегінің ардагерлеріне, мектеп түлектеріне құрмет көрсету сияқты мектеп дәстүрлерін сақтау қажет.
Білім сабағы қандай болуы керек?Білім күнін өткізу түрлері сан алуан.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім сабағын «Қазақстан-2050» Стратегиясы:бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбы бойынша өткізуді ұсынады.
Білім сабағын өткізу түрінің маңызы ерекше. Сондықтан:
1-4 сыныптарда – саяхат, жарыс, ойын сабақтары;
5-8 сыныптарда – пресс-конференция, сабақ-викторина, оқушылар жобаларының тұсау кесері;
9-11 сыныптарды – іскерлік ойын, пікірталас түрінде өткізген жөн.
Білім сабағына ардагер ұстаздар, дарынды студенттер, ғылымда биік жетістіктерге жеткен жас ғалымдар шақырылады. Сабақта өңірдің (ауыл, қала, аудан) тарихы мен қазіргі дамуы жөніндегі материалдарды қолданған жөн.
Білім сабағының бөлімдерін республикамыздың қоғамдық маңызды оқиғаларына арнауды ұсынамыз:
1. "Қазақстан-2050" Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы2012 жылдың маңызды оқиғаларының бірі.
Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына ену. Біздің жетістіктеріміз және біздің қазақстандық даму моделіміз жаңа саяси бағыттың негізі болуы тиіс.
"Қазақстан-2050" Стратегиясы – бұл біз кімбіз, қайда барамыз, 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап. Жас ұрпақты осы мәселе қызықтыратынына сенімдімін...»
2. 2013 жыл – республикамыздың елордасы – Астананың 15 жылдығы. Астана – жаңа қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның бейнесі, жаңарудың символы, республикамыздың тәуелсіздігінің символы. Астана –қазіргі заманғы маңызды мемлекеттік, экономикалық, инвестициялық және саяси жоба.
Білім сабағының бір бөлігін елорданың қалыптасу тарихына арнауды ұсынамыз.
3. 2017 жыл – Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы. Көрме «Болашақ энергиясы» ұранымен өтеді. Энергияның балама көздері - бұл әлем қоғамдастығын толғандыратын ең өзекті тақырып.
2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» 100 қатысушы мемлекет пен 10 халықаралық ұйымды қабылдайды. Олар жаңартылған энергия көздерін қолдану саласындағы жетістіктерін, олардың экологиялық тазалығы, қолданыстағы төмен бағасы және қоршаған ортаға зиянсыздығы сияқты артықшылықтарын көрсетеді.
Бұрын мұндай масштабтағы халықаралық көрме Орталық Азия және ТМД елдерінде ешқашан болып көрмеген. «ЭКСПО-2017» өткізілуі - халықаралық көрме және ақпараттық-тұсау кесер алаң ретінде Қазақстанның дамуындағы үлкен қадам.
Достарыңызбен бөлісу: |