Қазақстан Қарулы Күштері Кіріспе



бет3/4
Дата26.08.2017
өлшемі0,88 Mb.
#28555
1   2   3   4

10) Қазақстан Республикасының қорғаныс және әскери ынтымақтастық саласында келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды;

11) Республиканың азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару, соғыс уақытында, жұмылдыру бойынша әскери қызметке, сондай-ақ әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы шешім қабылдайды;

12) Парламент палаталарының бірлескен отырысының қарауына Қарулы Күштерді бейбітшілікті қолдау және қауіпсіздік жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін пайдалану туралы ұсыныс енгізеді;

13) Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе соғыс жағдайын енгізеді, ішінара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар етеді;

14) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентінің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері

Қазақстан Республикасының Парламенті:

1) Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңдар қабылдайды, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

2) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Қарулы Күштерді бейбітшілікті қолдау және қауіпсіздік жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін пайдалану туралы шешім қабылдайды;

4) әскери атақтарды белгілейді;

5) қорғаныс және әскери ынтымақтастық мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарды бекітеді және күшін жояды;

7) қарғаныс және Қарулы Күштер мәселелері бойынша парламенттік тыңдаулар өткізеді.

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мемлекеттің әскери саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді, Республиканың қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асырады;

2) мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

3) Қорғаныс министрлігінің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;

4) Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті органды айқындайды;

5) Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша жыл сайын мемлекеттік қорғаныс тапсырысын бекітеді;

6) Қорғаныс өнеркәсібінің, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;

7) әскери оқу орындарын, жоғары оқу орындарының әскери кафедраларын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;

8) жоғары оқу орындарындағы әскери даярлық туралы ережені бекітеді;

9) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі мен шарттарын айқындайды;

10) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен, әскери техникамен және материалдық-техникалық ресурстармен жарақтандыруды және қамтамасыз етуді ұйымдастырды;

11) жабдықтау нормаларын және материалдық запастардың санаттарын бекітеді;

12) мемлекеттің жұмылдыру жоспарын әзірлеуді және орындауды ұйымдастырады, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтерді қалыптастыру, жинақтау және пайдалану тәртібін белгілейді;

13) мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың жұмылдыру даярлығына басшылық жасауды жүзеге асырады;

14) қорғаныс мақсатында Республика аумақтарын жедел жабдықтау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

15) әскери міндеттілер мен шақырылатындардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы ережені бекітеді;

16) әскери-көліктік міндеттілік туралы ережені бекітеді;

17) әскери басқарудың жергілікті органдары туралы ережені бекітеді;

18) әскери қызметке шақырылуға тиісті азаматтардың санаттары мен санын, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылуға тиісті әскери оқытылған мамандардың жыл сайынғы санын айқындайды;

19) әскери оқытылған резервті құруға және даярлауға жалпы басшылықты жүзеге асырады, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекітеді;

20) азаматтық және аумақтық қорғанысты жоспарлауды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерді, орманды, суды, және басқа да табиғи ресурстарды қорғаныс мұқтаждары үшін беру және пайдалану тәртібін белгілейді;

22) пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) тәртібін белгілейді;

23) әскери ынтымақтастық және үкіметаралық келісімдерге қол қою мәселелері бойынша халықаралық келіссөздер жүргізу туралы шешімдер қабылдайды;

24) қорғаныс мұқтаждары үшін жеке және заңды тұлғалардан реквизицияланған, сондай-ақ берілген мүліктің құнын мемлекеттің өтеу тәртібін белгілейді;

25) әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару тәртібін белгілейді;

26) қару мен әскери техниканың, стратегиялық материалдардың, озық технологиялар мен қос мақсатта пайдаланылатын өнімдердің экспортын бақылауды ұйымдастырады;

27) Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Президенттің актілерімен өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттер

1.Қазақстан Республикасының азаматтары:

1) келісім-шарт негізінде ерікті түрде әскери қызметке баруға;

2) қорғанысты нығайтуға жәрдемдесетін ұйымдардың қызметіне қатысуға құқылы.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары:

1) әскери міндеттілікті орындауға;

2) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

3) жұмылдыру кезеңінде және соғыс жағдайында өздерінің меншігіндегі мүлікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оның құнын кейіннен мемлекеттің тең бағада өтеуімен беруге міндетті.

5-тарау. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар

18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты:

1. Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін қорғауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады.

2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Президенті шешімінің негізінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға, сондай-ақ террорға қарсы операциялар жүргізу және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін тартылуы мүмкін.

3. Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштерді қолдану Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда келісілген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрамының бір бөлігі Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес біріккен қолбасшылықта болуы мүмкін.

20-бап. Қарулы Күштерді жасақтау.

1. Қарулы Күштердің жеке құрамына әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдары кіреді.

2. Қарулы Күштер:

1) азаматтарды аумақтан тысқарылық және аумақтық принцип бойынша әскери қызметке шақыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың әскери қызметке ерікті түрде келуі арқылы әскери қызметшілермен;

3) Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес азаматтық персоналмен жасақталады;

3. Қарулы Күштерді жұмылдыруды өрістеу үшін мемлекетте әскери оқып үйретілген резерв запасы құрылады.

21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқару

1. Қарулы Күштерге әскери-саяси басшылықты Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы жүзеге асырады.

2. Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы) соғыс уақытында Қарулы Күштерге басшылық жасайтын жоғары әскери саяси орган болып табылады.

3. Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы Қарулы Күштерді басқаруды Штабтар бастықтары комитеті арқылы жүзеге асырады.

4. Қарулы Күштерді бейбіт уақытта басқаруды Штабтар бастықтары комитеті арқылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі жүзеге асырады.

6-тарау. Соғыс кезі. Соғыс жағдайы. Жұмылдыру. Азаматтық қорғаныс. Аумақтық қорғаныс

28-бап. Соғыс кезі

1. Соғыс кезін Қазақстан Республикасына басқа мемлекет (мемлекеттер тобы не коалициясы) қарулы шабуыл жасаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Парламенті жариялайды.

2. Соғыс кезі жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап соғыс уақыты басталады, ол соғыс қимылдарын тоқтату туралы хабарланған кезден бастап аяқталады, бірақ соғыс қимылдары нақты тоқтатылғаннан бұрын аяқталмайды.

29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру

1. Соғыс жағдайы режимі, жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілерімен айқындалады.

2. Соғыс жағдайы кезеңінде Қарулы Күштер, сондай-ақ оның құрамына кіретін Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері , Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Республикалық ұлан, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының басқару органдары мен қорғаныс бөлімдері және арнаулы құралымдар соғыс кезінің жариялануына қарамастан, агрессияға тойтарыс беру жөнінде ұрыс қимылдары мен өзге де іс-қимылдарды жүргізе береді.

7-тарау. Қорытынды ережелер

32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастығы

1. Қазақстан Республикасының агрессиядан бірлесіп қорғануды қамтамасыз ету, бейбітшілікті қолдау және қауіпсіздік жөніндегі басқа мемлекеттермен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес құрылады.

2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Парламентінің Конституцияға сәйкес қабылдаған шешімі негізінде бейбітшілікті қолдау және қауіпсіздік жөніндегі халықаралық міндеттерді орындайды.

3. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде бейбітшілікті қолдау және қауіпсіздік жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға тікелей қатысқан және ұрыс қимылдарына араласқан Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің осындай қатысу кезеңі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

33-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауаптылықта болады.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.

Астана, Ақорда, 2005 жылғы қаңтардың 7-сі. №29-ІІІ ҚРЗ

Қосымша №3
Қазақстан Республикасының Заңы

Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы (үзінділер)

Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери міндеттілігіне және әскери қызметіне қатысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әскери қызмет – Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери қызметшілердің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі;

2) әскери қызметшілер – Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;

3) әскери міндеттілер - әскери есепте тұратын және әскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

4) әскери атақ - әскери қызметші мен әскери міндеттіге берілетін әскери айырым белгісі;

5) әскери міндеттілік – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеттілігі;

6) әскери киім нысаны - әскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиістілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген погоны бар нысанды киім(киім-кешек) мен жабдықтар;

7) шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер – мерзімді әскери қызметке шақырылған, сондай-ақ офицерлер құрамы лауазымдарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;

8) келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер – Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке ерікті түрде кірген Қазақстан Республикасының азаматтары;

9) әскери лауазым – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесінің әскери атағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген лауазымдық өкілеттіктер мен міндеттер жүктелген құрылымдық бірлігі;

10) әскери жиындар - әскери қызметшілердің әскери даярлығы, әскери білімін жетілдіру жөнінде, сондай-ақ әскери міндеттілердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында оларды әскери бөлімдерге шақыра отырып, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда жүргізілетін іс-шаралар;

11) әскери есеп - әскери қызметшілердің, әскерге шақырылатын және жұмылдырылатын ресурстардың есебін жүргізу және оларды талдау жүйесі;

12) әскери тағылымдама – практикалық дағдыларды меңгеру және жетілдіру, офицерлердің даярлау бағдарламасы бойынша алған білімдерін тереңдету және орнықтыру;

13) тәрбиеленушілер - әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, бастауыш және кәсіптік орта білім беру ұйымдарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары;

14) жалпыға бірдей әскери оқыту – соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтарын бастапқы әскери даярлыққа міндетті оқыту;

15) әскер жасына дейінгілер - әскери есепке алынғанға дейін әскери қызметке даярлықтан өтетін еркек жынысты азаматтар;

16) әскери міндеттілердің запасы(запас) – аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды толықтыра жасақтау, өрістету және шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын әскери міндеттілер;

17) әскери қызметті ерікті түрде өткеру туралы келісім-шарт (бұдан әрі келісім-шарт) – келісім-шарт бойынша әскери қызметті қамтамасыз ету және өткеру мүддесі үшін тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт;

18) курсанттар – оқу-жаттығу бөлімдерінде (орталықтарында), орта немесе жоғары әскери оқу орындарында оқитын сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының әскери қызметшілері;

19) жұмылдыру – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсыбір бөлігін (ішінара жұмылдыру) соғыс жағдайы режиміне көшірумен байланысты жалпымемлекеттік іс-шаралар кешені;

20) бастапқы әскери даярлық - әскери іс және адамның қауіпсіздігі мен тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету негіздері бойынша міндетті оқыту пәні (оқу пәні);

21) ұйымдық-штаттық іс-шаралар – Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда өткізілетін штаттарды құру, тарату, орын ауыстыру, қайта жасақтау, бағыныштылығын өзгерту, ұлғайту мен қысқарту жөніндегі іс-шаралар;

22) кейінге қалдыру – азаматтарды әскери қызметке шақыруды осы Заңда көзделген негіздер бойынша кейінге қалдыру;

23) отставка - әскери қызметшілерді әскери қызметтен босату немесе запаста болудың шекті жасына жеткен әскери міндеттілерді әскери есептен шығару не әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды әскери есептен шығара отырып әскери қызметтен босату;

24) офицерлер – офицерлер құрамының тиісті атағы берілген әскери қызметшілер;

25) тексеру жиындары – соғыс уақытының ұйымдық-штаттық құрылымындағы міндеттерді орындауға арналған әскери бөлімдердің даярлығын тексеру мақсатында өткізілетін әскери жиындар түрі;

26) әскерге шақырылушылар – аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарының шақыру учаскелеріне тіркелген және мерзімді әскери қызметтен өту үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыруға жататын еркек жынысты азаматтар;

27) шақыру учаскесі – аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары азаматтарды әскерге шақыру және шақыру учаскелеріне тіркеу кезеңінде құратын учаске;

28) шақыру пункті – азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу және әскери қызметке шақыру кезінде оларды медициналық куәландырудан өкізетін, сондай-ақ әскери патриоттық және спорттық-көпшілік жұмысты жүргізетін пункт;

29) запаста болу - әскери міндеттілердің әскери есепте және әскери есепте болған кезеңінде әскери жиындарда қызмет өткеруге байланысты міндеттерді атқаруы;

30) жиын пункті - әскерге шақырылушыларды бақылау медициналық куәландырудан өткізу, медициналық көмек көрсету, әскери-патриоттық, спорттық-көпшілік жұмысты жүргізу, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскерге шақырылушылардың командаларын құру және жөнелту пункті;

31) сержанттар (старшиналар) – сержанттар (старшиналар) құрамының әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;

32) сарбаздар (матростар) – сарбаздар (матростар) құрамының әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;

33) тыңдаушылар – жоғары әскери оқу орындарында, офицерлер құрамының білімін жетілдіру (қайта даярлау) курстарында оқитын офицерлер құрамының әскери қызметшілері;

34) арнайы жиындар – төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетін әскери жиындар түрі;

35) мерзімді әскери қызмет – еркек жынысты азаматтарды осы Заңда айқындалған тәртіппен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыруға негізделген әскери қызмет;

36) оқу-жаттығу жиындары - әскери міндеттілерді даярлау мен қайта даярлау мақсатында өткізілетін әскери жиындар түрі.


2-бап. Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Әскери міндеттілік мазмұны

1. Әскери міндеттілік азаматтарды әскери мамандықтар бойынша даярлау және бейбіт кезде және соғыс уақытында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленеді.

2. Әскери міндеттілік:

1) азаматтарды әскери қызметке даярлауды;

2) азаматтарды әскери есепке алу мен шақыру учаскелеріне тіркеуді;

3) әскери қызметке шақыруды;

4) әскери қызметті өткеруді;

5) запаста болуды;

6) запаста болған кезеңінде әскери жиындардан өтуді;

7) соғыс жағдайын енгізу кезеңінде азаматтарды жалпы әскери оқытуды қамтиды.

3. Әскери міндеттілікті атқару тегіне, әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, саяси және өзге де сенім-нанымына, қоғамдық бірлестіктерге тиістілігіне, тұрғылықты жеріне байланысты болмайды.

4. Азаматтар осы Заңда көзделген негіздер бойынша әскери міндеттіліктен босатылады.

5. Әскери міндеттілікке қатысы бойынша азаматтар әскер жасына дейінгілер, әскерге шақырылушылар, әскери қызметшілер, әскери міндеттілер және әскери міндетті еместер санаттарына бөлінеді.

4-бап. Әскери қызмет мазмұны

1. Әскери қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда белгіленеді.

2. Әскери қызмет:

1) шақыру бойынша әскери қызметті;

2) келісім-шарт бойынша әскери қызметті қамтиды.

Шақыру бойынша әскери қызметке:

1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының мерзімді әскери қызметі;

2) осы Заңның 24-бабына сәйкес шақырылған офицерлердің әскери қызметі;

3) жұмылдыру, соғыс жағдайы, соғыс уақыты және әскери жиындардан өту кезіндегі әскери қызмет жатады.

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке:

1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметін өткеретін әскери қызметшілердің әскери қызметі;

2) әскери оқу орындары курсанттарының және тыңдаушыларының әскери қызметі мен оқуы жатады.

3. Әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер әскери қызмет міндеттерін атқарады.

4. Азаматтардың ішкі істер, қаржы полициясы органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі оқу орындарының және өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарының күндізгі оқу бөлімдерінде оқыған уақыты мерзімді әскери қызметті өткеруге теңестіріледі.

5. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халқына адалдығы туралы әскери ант қабылдайды.

Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери міндеттілер оны әскери жиындарға және жұмылдыруға шақырылған кезде қабылдайды.

6. Осы Заңмен айқындалған тәртіппен азаматтар әскери қызметтен кейінге қалдырылуы немесе әскери қызметтен босатылуы мүмкін.
2-тарау. Азаматтарды әскери қызметке даярлау

10-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау

1. Азаматтарды әскери қызметке даярлау - әскер жасына дейінгі және әскер жасындағы азаматтарды әскери қызметтің негіздеріне үйрету мақсатында олармен міндетті түрде жүргізілетін іс-шаралар кешені.

2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау:

1) бастапқы әскери даярлықты;

2) әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлауды;

3) жалпы орта білім беру ұйымдарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлауды;

4) жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлауды;

5) дене шынықтыруды, медициналық көмекті, әскери-патриоттық тәрбиені қамтиды.

3. Азаматтарды әскери қызметке даярлауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік ұйымдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

4. Ұйымдардың басшылары әскер жасына дейінгілер мен әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өтуін қамтамасыз етуге міндетті.

5. Азаматтарды әскери қызметке даярлау ісінің ұйымдастырылуы мен өткізілуін бақылауды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.

11-бап. Бастапқы әскери даярлық

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалпы орта, бастауыш кәсіби және орта кәсіби білім беру ұйымдарында азаматтармен бастапқы әскери даярлық жүргізіледі.

2. Әскерге шақыруға жататын және бастапқы әскери даярлықтан өтпеген азаматтар тиісті жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша одан мерзімді әскери қызметке шақырылар алдында өтеді.

3. Бастапқы әскери даярлықтың өткізілуіне бақылауды Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы, Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы бастапқы әскери даярлықтың практикалық сабақтарын ұйымдастыруға, оқу-материалдық базасын құруға көмек көрсетеді.

5. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

17-бап. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу

1. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу – тиісті жергілікті атқарушы органдар әскер жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүргізетін әскери есеп іс-шаралары.

2.Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтар шақыру учаскелеріне тіркелуге жатады.

Шақыру учаскелеріне тіркеу жыл сайын қаңтар-наурызда:

1) азаматтарды әскери есепке алу;

2) олардың санын анықтау;

3) әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау;

4) жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу;

5) дене даярлығы деңгейін анықтау;

6) әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу;

7) әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында жүргізіледі.

3. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

4. Кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары жыл сайын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде тиісті жергілікті әскери басқару органдарына шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін береді.

5. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аудандарында шақыру учаскелері және құрамында:

комиссия төрағасы – тиісті жергілікті әскери басқару органының бастығы;

комиссия төрағасының орынбасары – жергілікті атқарушы органның уәкілетті өкілі;

комиссия мүшелері:

тиісті ішкі істер департаменті (бөлімі) бастығының орынбасары;

медицина қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасайтын дәрігер – медициналық комиссияның төрағасы;

хатшысы бар тіркеу жөніндегі комиссия құрылады.

Тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамын және оның жұмыс тәртібін жыл сайын тиісті жергілікті атқарушы орган бекітеді.

6. Шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде азаматтар әскери қызметке

жарамдылық деңгейін анықтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережелерінде (бұдан әрі - Әскери-дәрігерлік сараптама ережелері) айқындалған тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді.

Медициналық комиссиядан өткен азаматтар тіркеу жөніндегі комиссияның шешімімен әскерге шақырылушылардың әскери есебіне алынады, ал әскери-медициналық комиссияның шешімімен әскери есептен шығарыла отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар әскери есепке алынбайды.

7. Он жеті жасқа толатын жылының 1 сәуіріне дейін дәлелді себептерсіз әскери есепке тұрмаған әскерге шақыру жасына дейінгілер әскери есепке қоюдан жалтарғандар деп есептеледі.

8. Азаматтар әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылады.

9. Тіркеуді жүргізу тәртібі Әскери есеп ережелерімен айқындалады.
4-тарау. Азаматтарды әскери қызметке шақыру

22-бап. Әскери қызметке шақыруға жататын азаматтардың міндеттілігі

Әскери қызметке шақыруға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне жергілікті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйымның басшысы қол қойғызып тапсырады.

Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі.

23-бап. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру

1. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы

Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жылына екі рет жүргізіледі.

Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті мөлшерде мерзімді әскери қызметке шақыруға жатады.

2. Оқу орындарынан шығарылған, сондай-ақ осы Заңның 16-бабының 4-ші тармағында көрсетілген, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар осы Заңға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруға жатады.

28-бап.Әскери қызметке шақырудан босату

1. Бейбіт уақытта шақыру бойынша әскери қызметке шақырудан:

1) әскери міндетті өткеріп жүрген немесе өткерген;

2) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;

3) жиырма жеті жасқа толғаннан кейін мерзімді әскери қызметке заңды негізде шақырылмаған;

4) әскери қызметті өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інісі немесе апа-қарындасы) қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған;

5) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;

6) ғылыми дәрежесі бар азаматтар босатылады.

2. Офицерлер құрамының әскери атағы беріле отырып, запасқа қойылған азаматтар жиырма тоғыз жасқа толғаннан кейін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әскери қызметке шақырудан босатылады.

3. Әскери жиындарға шақырудан:

1) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйымдарда мамандықтары бойынша жұмысқа кірген әскери міндеттілер, жұмыс істеп жүрген бүкіл кезеңіне;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында қорғанысты, қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар;

3) Мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық персоналы;

4) ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс істейтін адамдар, егіс және егін жинау жұмыстары кезеңіне;

5) күндізгі нысанда оқытатын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері оқу жылы кезеңіне;

6) күндізгі нысанда оқытатын білім беру ұйымдарында оқитындар;

7) әскери міндетті әйелдер;

8) әскери міндеттілер запасқа шығарылғаннан кейінгі екі жыл ішінде;

9) он сегіз жасқа дейінгі үш және одан да көп баласы бар адамдар;

10) өздеріне қатысты анықтау, алдын-ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе сот қылмыстық іс қарап жатқан адамдар;

11) Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары болып сайланған әскери міндеттілер босатылады.

4. Осы баптың 3-тармағының 1) және 8) тармақшаларында аталған әскери міндеттілер арнаулы жиындардан, өтеуден босатылмайды.

5. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырудан босатылады.

6. Мүдделі адамдардан нотариаттық куәландырылған тиісті құжаттарды және өтініш ұсынған кезде, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған азаматтардан басқа, әскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы бар азаматтар олардың қалауы бойынша әскери қызметке шақырылуы мүмкін.

7. Сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген және алып тасталмаған азаматтар бейбіт уақытта әскери қызметке шақыруға жатпайды.

8. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шақырудан босатудың негіздері жойылған азаматтар осы Заңда белгіленген тәртіппен әскерге шақыруға жатады.

5-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызмет.

29-бап. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт

1. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшартты Қазақстан Републикасының азаматы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың уәкілетті лауазымды адамымен жасасады.

2. Келісімшарт ерікті түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екі тараптың арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын:

1) мерзімнің өтуі бойынша;

2) әскери қызметшінің мерзімінен бұрын босатылуына байланысты;

3) әскери қызметшінің әскери қызмет өткеру туралы басқа келісімшартты жасасқан күнінен бастап;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтады.

3. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшартта азаматтың әскери қызметке кіруінің еріктілігі, азаматтың әскери қызметті өткеруге міндеттенген мерзімі мен келісімшарттың басқа да талаптары бекітіледі.

4. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың талаптары азаматтың келісімшартта белгіленген мерзім ішінде Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткеру міндеттілігін қамтиды. Келісімшарттың талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепілдіктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен өзінің отбасы мүшелері құқықтарының сақталу құқығы көрсетіледі.

5. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындаған әскери қызметшілер тиісті лауазымдағы әскери қызметті әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасаспастан өткереді.

Аталған әскери қызметшілер қызметінен босатылғаннан кейін Әскери қызмет өткеру ережелерімен айқындалған тәртіппен әскери қызмет өткеру туралы жаңа келісімшарт жасасады немесе әскери қызметтен босатылады.

6. Жоғары білімі бар және алты ай қызмет өткерген мерзімді қызметтің әскери қызметшілері Әскери қызмет өткеру ережелерінде айқындалған тәртіппен келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы.

30-бап. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар

1. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы болуға;

2) Курсанттарды қоспағанда, он тоғыз жастан кіші және әскери атағына байланысты әскери қызметте болудың осы Заңмен белгіленген шекті жасынан үлкен болмауға тиіс

2. Келісімшарт бойынша әскери қызметке:

1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

2) дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін науқасы бар;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;

4) Әскери қызметке кірер уақытта заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы бар не өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған;

5) әскери қызметке кірер алдындағы екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған;

6) әскери қызметке кірер алдындағы бір жыл ішінде қасақана бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

7) әскери қызметке кіруге дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

8) егер босатылғанына бір жыл толмаса, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.

3. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізіледі.

4. Адамның белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау үшін әскери-дәрігерлік сараптама ережелеріне сәйкес медициналық куәландыру жүргізіледі. Келісімшарт бойынша әскери қызметке болмашы шектеулермен әскери қызметке жарамды деп танылған адам қабылдануы мүмкін.

5. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамнан бас тарту үшін:

1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бұрмалау;

2) кандидаттың әскери-есептік мамандығы бойынша бос қызмет орындарының жоқтығы да негіздер болып табылады.

31-бап. Азаматтардың әскери оқу орындарына түсуі. Әскери оқу орындарында оқитын азаматтармен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттар жасасу.

1. Әскери оқу орындарына:

1) әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған азаматтардың;

2) қабылданар жылы жиырма төрт жасқа толмаған әскери қызмет өткерген азаматтардың және мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің;

3) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің түсуге құқығы бар.

Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері әскери оқу орындарына түсуде артықшылығы бар құқыққа ие болады.

2. Курсанттың (тыңдаушының) әскери оқу орнына қабылданған күні оның қызметтік міндеттерін атқара бастаған күні болып есептеледі.

3. Әскери оқу орындарына қабылданған азаматтар әскери лауазымдарға, әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес тағайындалады.

4. Әскери қызметті өткермеген азаматтар әскери оқу орындарына қабылданған кезде әскери қызметші мәртебесіне ие болады және олар он сегіз жасқа толғаннан кейін, бірақ әскери оқу орнында кемінде бірінші курсты аяқтаған соң әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.

Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер әскери оқу орындарына қабылданған кезде әскери қызмет өткеру туралы жаңа келісімшарт жасасады.

Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген немесе өткерген азаматтар әскери оқу орындарынан шығарылуға жатады.

5. Әскери оқу орындарына қабылданбаған әскери қызметшілер Әскери қызмет өткеру ережелерімен белгіленген тәртіпте әскери қызметті одан әрі өткеру үшін жіберіледі.

6. Әскери оқу орындарынан шығарылған, сондай-ақ әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан әскери қызметшілер, егер олар шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімін өткермесе, тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қою үшін жіберіледі және кейін жалпы негіздерде әскери қызметке шақырылады. Бұл ретте үлгермеуі немесе тәртіпсіздігі үшін әскери оқу орнынан шығарылған әскери қызметшілер өздерінің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.

7. Әскери қызметші әскери оқу орнын бітіргеннен кейін әскери қызмет өткеруден бас тартса немесе келісімшартты өз бастамасы бойынша бұзса, өзінің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұстауға жататын сома келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін әрбір толық өткерілмеген айға барабар есептеледі.

8. Жоғары әскери оқу орындарын бітіргеннен кейін әскери қызметшілерге лейтенант әскери атағы беріледі.

32-бап. Келісімшарт мерзімі және оны жасасу тәртібі.

1. Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт әскери қызметте болудың шекті жасына жеткенге дейін үш жылға, бес жылға, он жылға немесе әскери оқу орнындағы оқу мерзіміне және оны бітіргеннен кейін әскери қызметке он жылға жасалуы мүмкін.

2. Кандидаттарды іріктеу және олардың келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру тәртібі Әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес айқындалады.

6-тарау. Әскери қызметті өткеру

33-бап. Әскери қызмет міндеттерін атқару

1. Запастағы әскери қызметші, сондай-ақ азамат әскери жиындардан өту кезінде:

1) лауазымдық қызметтер атқарған;

2) жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, төтенше немесе соғыс жағдайларында, сондай-ақ қарулы қақтығыстар жағдайларында міндеттер атқарған;

3) бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі бітімгершілік операцияларына қатысқан;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға қатысқан;

5) кемелердегі оқу-жаттығуларға немесе жорықтарға қатысқан;

6) егер бұл қызметтік қажеттіліктен туындаса, күн тәртібімен белгіленген қызмет уақыты ішінде немесе басқа да уақытта әскери бөлімнің аумағында болған;

7) қызметтік іссапарда болған;

8) қызметте, қызмет орнына бару және кері қайту жолында болған;

9) емдеуде, емдеу орнына бару және кері қайту жолында болған;

10) демалыста, демалысын өткізу орнына бару және кері қайту жолында болған;

11) әскери жиындардан өткен;

12) тұтқында, кепілдікте немесе еркінен айрылу жағдайында болған;

13) жеке адамның өмірін, денсаулығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғаған;

14) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық тәртібін сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен;

15) сот жеке адам, қоғам, мемлекет мүдделерінде жасалған деп таныған өзге де іс-қимылдар жасаған жағдайларда, әскери қызмет міндеттерін атқарушы болып есептеледі.

2. Командирлерге (бастықтарға) әскери қызмет міндеттерін атқаруға қатысы жоқ немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар (бұйыруға) мен өкімдер беруге тыйым салынады.

37-бап. Әскери қызметтен босату

1. Әскери қызметшілерді босату Әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес мынадай негіздер:

1) әскери қызметте болудың шекті жасына жеткенде жасы бойынша;

2) шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет мерзімінің аяқталуы бойынша;

3) әскери-дәрігерлік комиссияның әскери қызметке жарамсыз немесе шектеумен жарамды деп танығаны туралы қорытындысына байланысты денсаулық жағдайы бойынша;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атағынан айырылуы;

5) әскери қызметшіге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы сот үкімінің заңды күшіне енуі;

6) әскери оқу орнынан шығарылуы;

7) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы бойынша жүргізіледі.

2. Әскери қызметті келісімшарт бойынша өткеріп жүрген әскери қызметші:

1) ұйымдық-штаттық іс-шаралар кезінде;

2) мемлекеттік органдарға (мекемелерге) қызметке ауысуына байланысты;

3) оның келісімшарт талаптарын орындамауына, сондай-ақ дәлелсіз себептермен қызметке шықпауына байланысты;

4) арнайы тексерістен бас тартқанда;

5) әскери қызметшіге шартты түрде бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы сот үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты;

6) теріс себептер бойынша мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

3. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші:

1) келісімшарт талаптары өзіне қатысты елеулі және (немесе) жүйелі түрде бұзылған жағдайда;

2) мыналардың:

әскери қызметшінің отбасы мүшесінің медициналық көрсетулер бойынша әскери қызметші әскери қызметін өткеретін жерде тұруына болмауы және әскери қызметшіні жаңа әскери қызмет орнына ауыстыру мүмкіндігінің болмауы;

отбасын басқа жерге көшіру қажеттігіне байланысты әскери қызметші күйеуінің (әскери қызметші әйелінің) әскери қызмет орнының өзгеруі;

тұрғылықты жері бойынша халықты әлеуметтік қорғау органының қорытындысына сәйкес, денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтімді (көмекті, қадағалауды) қажет ететін, не бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын әкесіне, анасына, әйеліне, күйеуіне, аға-інісіне, апа-қарындасына, атасына, әжесіне немесе асырап алған адамына немесе қартайғандығына байланысты зейнетақы жасына жеткен немесе он сегіз жасқа толмаған, заң бойынша аталған азаматтарды асырауға міндетті басқа адамдар болмаған кезде, тұрақты күтім жасау қажеттігі;

әскери қызметші анасыз (әкесіз) тәрбиелеп отырған, он сегіз жасқа толмаған балаға күтім жасау қажеттігі салдарынан отбасы жағдайы бойынша;

3) Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған жағдайда;

4) Судья лауазымына сайланған немесе тағайындалған жағдайда әскери қызметтен мерзімінен бұрын босатылуға құқылы.

4. Офицер әскери атағы жоқ және шақыру бойынша әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметші мынадай мән-жайлар бойынша:

1) осы Заңның 27-бабының 9-тармағына және 28-бабының 5-тармағына сәйкес кейінге қалдырудан бас тарту туралы өтініш берген адамдарды қоспағанда, отбасы жағдайының өзгеруі салдарынан кейінге қалдыру құқығы туындаса,

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет елге шығуға құқық беретінін растайтын құжаттары болған кезде отбасы құрамында немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұратын отбасына қосылу үшін шетелде тұрақты тұруға кетсе, мерзімінен бұрын босатылуға құқылы.

5. Шақыру бойынша әскери қызметті өткеріп жүрген офицерлер құрамының әскери қызметшісі 27-баптың 2-тармағының 1),2) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған кезде әскери қызметтен мерзімінен бұрын босатылуға құқылы.

6. Қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметші – қайтыс болған (қаза тапқан) күннен кейінгі келесі күннен бастап, ал сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған әскери қызметші сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап әскери бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен шағарылады.

7. Белгіленген мерзімді өткерген адамдарды әскери қызметтен босату, төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда, оның қолданылу кезеңіне тоқтатыла тұрады.

8-тарау. Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

42-бап. Азаматтар мен лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының әскери заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы

1. Жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша, соның ішінде жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында, көрсетілген мерзімде жиын пункттеріне дәлелсіз себептермен келмеген азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

2. Әскери жиындардан жалтарғаны үшін, сондай-ақ әскери жиындардан өту кезінде әскери қызметте болудың белгіленген тәртібіне қарсы құқық бұзушылық жасағаны үшін әскери міндеттілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

3. Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасын бұзуға жол берген шақыру комиссияларының мүшелері, әскери қызметке шақыруға жататын азаматтарды медициналық тексеруге қатысатын дәрігерлер, сондай-ақ басқа да адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

4. Азаматтардың әскери міндетті атқарудан жалтаруына жәрдемдесетін немесе олардың әскери қызметті өткеруіне кедергі келтіретін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

5. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары мен ұйымдардың басшылары осы Заңда белгіленген талаптарды сақтамағаны, жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында шақырылған азаматтардың уақытылы келуіне кедергі келтіргені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

43-бап. Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы

1. Әскери қызметшілер, әскери атағы мен лауазымына қарамастан заң алдында бірдей.

2. Әскери қызметшілер қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Әскери қызметшілерді әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту тәртібі әскери жарғылармен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.

Астана, Ақорда, 2005 жылғы шілденің 8-і. №74-ІІІ ҚРЗ.

Қосымша №4
Әбілқайыр хан
Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы.

1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды.

XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілхайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.

Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді. “Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде, шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қоңтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін Кіші орда оны хан сайлады”.

Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қоңтайшының ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді. Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік-шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды.

Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.

Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды. Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 жылдың күзінде елші жібереді.

1731 жылы Ресей қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Бұл антты 1738, 1740, 1742 жылы қайталады. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына өткен башқұрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербург сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Ивановнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынұсынбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әр түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен астыртын байланыста болды. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 жылы Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің биленуші, қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Абылайдың бір әйелі Қарашаш - Әбілқайырдың қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салуды өзі ұсынды. 1737-38 жылғы башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі – Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен ен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ Әбілқайырды “орысшылдығы” үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп “қарақшылық” іске барған еді. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде. Кейін бұл ара Хан моласы аталды.


Қосымша №5
Бөгенбай батыр
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті. Оның атасы - Әлдекүн, әкесі – Ақша, анасы – Баяу деген кісілер. Бөгенбайдың екі ұлы болған: Тұраналы,Тұрымбет. Тұраналыдан – Бапан би, Тұрымбеттен – Саққұлақ би туған.

Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасындаБөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті.XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын қорғауда Бөгенбай батыр қамал бұзар қайратымен көзге түсті. Олжабай, Қабанбай, Малайсары секілді дарабоздармен қоян-қолтық Көксерке атын борбайлап, қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы талай қанды айқастарға қатысты. Бөгенбайдың қалмақтармен ж”не қытай әскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кезеңдегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.

1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген соң қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын.

1756-1758 жылдары Бөгенбай батыр Талқы түбінде Шығыс Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай әскерімен қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл ұрыста ол қытайларды қыра талқандап, Үрімшіге дейін қуып барды.

XVIII ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдары Бөгенбай батыр, көрші елдермен келіссөздер жүргізу мәселесіне етене араласқан. Оның Кіші жүз елімен жиірек қатысуында да бір мән бар. Біріншіден, орыс әкімшілігі арқылы қалмақ-башқұрт елдерінде тұтқында жүрген сарбаздарын қайтарып алу мәселесі болса, екіншіден, Ресей патшасымен одақ құрудың келешегі қалай болар екенін бағдарлау. Бұл тұста қазақ елінде іргелі хан ретінде Әбілқайыр ғана белгілі еді. Оның орыс әкімшілігімен жүргізіп жүрген келіссөздері бірде нәтижелі, бірде аяқсыз қалып келе жатқанын Бөгенбай батыр секілді қолбасшылар бақылап отырды. Бұл кездің тағы бір ерекшелігі – ел ішінен жиналған саңлақ сарбаздарды халық арасында абырой- беделі бар батырлар басқарды. Қолбасы батырлар халықтың ұлы жиын, үлкен кеңесінде жалпы бұқараның ұсынысымен тағайындалды, осындай кеңесте 1710 жылғы Қарақұмда Бөгенбай батырды бүкіл халықтың қалауымен қазақ жасақтарының қолбасы етіп сайлайды. Осы жасақтар әзірлігінің арқасында, қару-жарағы мол жоңғар әскерлеріне тез арада ойсырата соққы беріп жүрді.

Бөгенбайдың нағыз толысқан шағы – батырлығына қоса от ауыз, орақ тілді шешен кезі еді. Осы уақыттарда сыртқы жаумен жекелеген ұрыс-шайқастарда бірқатар жеңістерге жетіп, бүкіл алашқа аты шығып, даңқы артқан болатын.

Бөгенбай батыр ұрыстарда ұдайы жүрмеген адам, елінің алды-артын болжаған, халқының келешегін көп ойлаған абзал жан. Жас кезінде шайқастарда батырлығымен көзге түссе, өз елінде қолбасшылығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен сыйлы болған.

Бөгенбай жорықтарын, қоғамдық істерін, негізінен бес кезеңге бөлуге болады:

1) 1696-1697 жылдары жоңғар қалмақтарымен шайқастары;

2) 1710 жылғы Қарақұмда бүкіл қазақ елі жасағының қолбасы болуы;

3) 1723-29 жылдардағы қазақ елінің жоңғарлардан жаппай жеңілісі мен онан кейінгі халқымыздың сыртқы жауға берген тойтарыстарын ұйымдастыру;

4) 1731-1735 жылдардағы орта жүз бен Ресей қарым-қатынасын ыңғайластыру шараларын жүзеге асыру;

5) 1750-1760 жылдардағы Алтай-Тарбағатай, Жетісу жорықтарын ұйымдастыру.

Бөгенбайдың батырлығынан басқа ақылгөй- көрегендігін, мейірбан-адамгершілігі жоғары, бейбіт жан болғандығын байқауға болады. Бұл жағынан ол Төле бимен дәмдес қана болмаған, пікірлес дос болған.

“Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт!” деп Тәттіқара жырау жырлағандай, қазақ халқы өзінің даңқты ұлының тұлғасын мәңгі жүрегінде сақтап, ауыздан-ауызға таратуда.

Бөгенбай батыр 1761 жылы Абылай ханның ұлы Әділ жүргізген Қытай империясы мен Қазақ хандығы арасындағы келісімге де барған.

Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жоңғар шапқыншыларына қарсы шайқастардағы Бөгенбай батырдың жетістіктері Ресеймен достығымызды нығайтып, біріккен одақ құруға септігін тигізді. Бұл қазақ пен орыс халықтарының арасындағы достық пен бірліктің бастамасы болып табылады.

Оның ерліктеріне деген құрмет ретінде батырдың денесі Түркістан қаласындағы дүние жүзіне әйгілі Қожа Ахмет Иассауи Кесенесінде жерленген, басына граниттен құлпытас қойылған.



Қосымша №6
Аңырақай шайқасы
1729 жылдың мамыр-маусымы, кейбір деректерде 1730 жылы біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның бастауымен үш жүз хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билер (Төле, Қазыбек, Ақсуат), сұлтандар, батырлар қатысқан Ордабасы жиынында (1726) бүкіл қазақ қолының бірігуі (бас қолбасшылыққа Әбілқайыр хан сайланған) жауға қарсы бірыңғай стратегиялық шабуылға шығуға мүмкіндік туғызады. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан өліп, оның ұлы Қалдан Серен (Цэрен) билікке келген (1727). 1723 жылдан бастап еліміздің Шығысы мен Жетісуды, Оңтүстігін, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірді басып алған жоңғарлар енді қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды. Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хан тауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталады) жиналды. Бұл таулардың бауырында “Үлкен Орда қонған” деген жер атаулары күні бүгінге дейін сақталған. Шайқас солтүстік Балқаш, оңтүстік Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы беделді жерлерде өткендігін бұл өңірде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Бұл қорымдар КСРО Бас штабының 1942 жылғы құпия карталарында көрсетілген. Аңырақай аталатын да – осы өңір. Шамамен көктемде басталып, жаз айларына ұласқан (40-45 күн) майданда біртіндеп басым түсе бастаған қазақтар Ит ішпестің Алакөлі (Балқаштың шығысындағы Алакөл емес) маңында ірі жеңіске жеткен. Балқаштан оңтүстікке қарай 120км жердегі бұл көл қазір Сорқұдық деп аталады. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр жүзеге асырды. Аңырақай шайқасы алғашқыда позициялық, күштерді барлау соғысы болды. Екі жақ та өңірдің таулы, жыралы бедерлерін өз мақсаттарына ұтымды пайдаланып, жауын аз шығынмен көп қыруға тырысып бақты. Қалмақ жағының қару-жарағы басым еді. Мылтықпен бірге өздерінде құйылған, Ресейден сатып алынған әр түрлі қашықтыққа атқылайтын зеңбіректері де болды. Қазақтар бұл кезде зеңбірекке қарсы ұрыс тәсілдерін меңгергендігін байқатты. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. “Ай қорланды”, “Құйрық жеу”, “Ашамай”, т.б. қазақтың байырғы ұрыс-тәсілдерін кеңінен қолданды. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, бұл қолдың құрамындағы дулат тайпасының әр руының қолын: сиқым Қара батыр (Төле бидің күйеу баласы), жаныс Өтеген, ботбай Сәмен, шымыр Қойгелді, ошақтыларды Саңырық, ыстыны Төлек, шапыраштыны Қазыбек бек, албандарды Хангелді батырлар бастады. Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, керей Жәнібек, қыпшақ Тілеулі, қаракерей Қабанбай, абақ керей Жауғашар (Шақантай), кіші жүз қолын тама Есет, шекті Тайлақ, т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Кейбір деректерде болашақ ұлы хан шамамен 17-20 жасар Әбілмансұрдың (Абылайдың) жауға “Абылайлап” шапқаны осы шайқас деп көрсетіледі, сіргелі Елшібек батырдың өз тобымен жау зеңбіректерін жарып жібергендігі айтылады.

Сонымен Аңырақай шайқасының тарихтағы алатын орны мен атқарған маңызын 1723-1728 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынастарының сипатынан көреміз. 1723 жылы көктемдегі жоңғарлардың тосыннан жасаған соққысы қазақтар үшін аса ауыр болған. ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынастары шеңберіндегі жорықтар, негізінен, тонаушылық, олжа түсіру сипатында болса, 1723 жылғы жорық басқыншылық сипатта, яғни қазақ халқының этникалық территориясын жаулап алу сипатында өрбиді. Аңырақай шайқасының маңыздылығы да осында. Қазақтардан тегеурінді қарсылық кездестірмеген жоңғар әскерлері 1723-1725 жылдары Ұлы жүзді, Орта жүздің бірталай бөлігін жаулап алды. Осы бір 3-4 жыл ішіндегі оқиғалардың өте ауыр болғандығы сондай – халықтың тарихи санасында бұл “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деген атпен, “Елім-ай” деген әрбір сөзінен мұң мен зар шығып тұрған өлең арқылы есте қалады.

Сөйтіп аталған шайқастан соң қазақ-жоңғар қатынасында жаңа кезең басталады да, ол кезең басқа белгілермен, өзгеше ерекшеліктермен сипатталды. Осылайша, Аңырақай шайқасы – 1723-1729 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынасының бір кезеңінде түбегейлі бетбұрыс әкелген және туған жерді жау қолынан азат етуге жол ашқан Ұлы жеңіс болды. Аңырақай шайқасының қазақ тарихындағы алатын орны мен маңызы осында болса керек.

Аңырақайдағы жеңіс – қазақ халқының бірлігінің жеңісі. Ғасырлар бойы тарихи дамумен бірге халықтың қаны мен жанында қалыптасып, сонымен бірге жасаған ұлттық сана-сезім өзінің күйзеліске түсуіне, дағдарысқа ұшырауына, бөлшектенуіне жол бермеді. Көзге көрінбейтін, тек қана сезіну арқылы біле алатын бұл күш – халық бірлігінің сақталуына мүмкіндік туғызады.

Ендеше Аңырақай шайқасы – қазақ тарихында, оның ішінде ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынасы тарихында түбегейлі бетбұрыс әкелген, елді азат етуге жол ашқан Ұлы Жеңіс болды. Сонымен бірге бұл оқиға – ұлттық тұтастықты сақтап қалған, ұлттық сана-сезімді бір саты жоғары көтерген, қазақ әскери өнері жетістігінің, қазақ ынтымағының көрінісі болған, қасаң тарихи тұжырымдамаларға негіз қалайтын, қазақ халқына тәрбие құралы болған және бола беретін шайқас деп санаймыз.
Қосымша №7

Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында.


1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді.

Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Қысқа мерзімнің ішінде таптық, ұлттық және отарлық езгі, сауатсыздық және орта ғасырлық мешеулік жойылды, әйел теңдігі, ұлтаралық татулық пен келісім жүзеге асырылды. Осының бәріне қол жеткізуде халықтардың патриоттық дәстүрлері маңызды рөл атқарды. Қазақ халқы көп ғасырлар бойы өзінің байтақ даласының шекараларын ойдағыдай қорғап келген болатын. Отаршылдыққа қарсы күрес, орыстың үш төңкерісі жылдарында, азамат соғысының майдандарында, бесжылдықтың құрылыстарында халықтар достығы қалыптасып, нығайды. Соғыстың алдындағы жылдардағы фашизмге қарсы насихат адамдарға зор ықпал жасады.

Кеңес адамдарының көпшілігі жауға қызмет істеу деген ойдан аулақ болды. Отанға берілгендік, патриотизм жаңа дүниені жасаушылардың саяси пафосымен астаса отырып, халықтың көпшілігіне сталинизмнің қайғылы әсерін жеңе отырып, Отанды қорғау үшін топтасуға мүмкіндік берді.

1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мың офицер даярлап шығарды.

Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, жұмысшы күші, шикізат, станок жабдықтары сондай кәсіпорындардың пайдасына қайта бөлінді.

Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Басқалармен қатар Брест қорғанын шекарашылар К.Әбдірахманов В.Лобанов, атқыш К.Иманқұлов, пулеметші Е.Качанов, минометші В.Фурсов, зеңбірекші Ғ.Жұматов және басқа қазақстандықтар қорғады. Қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса мен Севастополь үшін шайқасты.

КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды, ол бұқаралық сипат алуы, ұйымшылдығы, өз жоспарларын Кеңес Армиясы қолбасшылығының міндеттеріне бағындырып отырулары арқасында стратегиялық маңыз алды. Оған қазақстандықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Беларуссияда 3000-дай қазақстандық болды. 300-дей қазақстандық қарсыласу қозғалысына қатысты.

Қазақстандық саяси қызметкерлер Г.Акмолинский, Т.Жангельдин, Ж.Саин, Б.Оразбаев және басқалар партизандар мен тұрғын халық арасында үлкен жұмыс жүргізді. Г.Ахмедияров, Қ.Қайсенов, Н.А.Морозов, С.А.Олексенко, С.О.Төлешев, В.И.Шаруда партизан отрядтары мен құрамаларының командирлері болды. Партизандар командирлері А.С.Егоровқа, Н.В.Зебницкийге және Ф.Ф.Озмительтге (өлгеннен кейін) Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97 қазақ. Қазақстандықтардың ішінен бірінші болып, 1941 жылы 22 шілдеде Кеңес Одағының батыры атағы 19-танк дивизиясының командирі генерал-майор К.А.Семенченкоға берілді, ең соңында мұндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлына берілді, ол 1941 жылы Мәскеу түбіндегі ұрыстарда өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады.

Ерекше ерлік көрсеткен төрт жауынгер: ұшқыш-штурмовиктер Т.Я.Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д,Луганский Кеңес Одағының батыры атағын екі реттен алды. Батырлардың қатарында пулеметші М.Ж.Мәметованың, мерген Ә.Н.Молдағұлованың, атқыштар С.Баймағамбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мие Сен Юрдың, зеңбірекшілер С.Мүткеновтың, И.К.Новиковтың, брон бұзушы П.К.Миллердің, минометші Қ.Сыпатаевтың, атты әскер М.М.Қатаевтың, сапер П.И.Гонардың, торпеда катерінің командирі Ғ.Б.Сафиуллиннің есімдері бар; 110 қазақстандық Даңқ орденінің үш дәрежесіне де ие болды. Соғыс бітерге қарай сақталған барлық қазақстандық 12 дивизия құрметті атаққа ие болды, олардың бесеуі бір орденге, төртеуі екі, екеуі үш орденге ие болды.

Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Жапонияның тізе бүгуімен Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы және екінші дүние жүзілік соғыс аяқталды. Адамзат фашистік– милитаристік диктатураның дүние жүзіне үстемдік жүргізу қаупінен сақталып қалды.

Агрессорлардың герман-италия-жапон одағын талқандау антифашистік одақ халықтарының аса зор күш-жігер жұмсауы және шығын беруі арқасында мүмкін болды. КСРО ең көп шығынға ұшырады – 27 млн. астам адам мерт болды. Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар. Соғыстың тарихынан алған сабақтар мен қорытындылар ешқашан ұмытылмауға тиіс. Соғыстардың ішіндегі ең ауыр соғыс жылдары және ең Ұлы жеңіс адамзаттың онан кейінгі дамуына ықпалын тигізіп келеді.



Қосымша№8
Генерал Сағадат Нұрмағамбетов
Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы 1924 жылы 5 мамырда Ақмола облысы, Ақкөл ауданында дүниеге келген, даңқты сардар, Кеңестер Одағының батыры, №1 Халық Қаһарманы, қазақтан шыққан тұңғыш армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Қорғаныс министрі. 1924 жылы дүние есігін ашқан адамның алдында қандай азапты кезеңнің күтіп тұрғанын бүгінде бәріміз білеміз. Оның үстіне қатал тағдыр мұны тумай жатып сынағысы келгендей өмірге келуіне бір ай қалғанда аяулы әкесі Қожахметке ауыз салады. Бұл да аз болғандай, арада алты жыл өткенде қос қарашығын бір құдайға табыстап, әке соңынан бақилық дүниеге жан анасы Айса да аттанады. Бірақ бұл кезде бала Сағадат анасының аяулы бейнесін көз алдында, ал оның айтқан әңгімелерін санасында мәңгі жаттап үлгерген еді. Сондай-ақ бала Сағадат батырлар жайындағы әңгімелерді туыс атасы Әлжан ақсақалдан да көп еститін. Әсіресе Қобыланды, Алпамыс секілді батырлардың жауларын ылғи күйрете жеңетінін естігенде ашу-ызаға булығып қалатын. Жалғыз тірегі де, сүйеніші де Сағит ағасын майданға аттандырған Сағадат та басқа өзі құралпы жасөспірімдер секілді майданға сұранумен болған. Өйткені олар да өз елінің патриоттары болып өскен еді. Сөйтіп жүргенде мына жалғандағы ең жақын адамы Сағиттан суық хабар жетіп, төрткіл дүние теңселіп сала берді. Сол түнді көз ілмей отырған ол меселін қайта-қайта қайтара берген әскери комиссариатқа тағы келеді. Бірақ бұл жолы оның жүзін өрт сөндіргендей, көкірегін ашу-ыза керней келді. Ағасы үшін кек алмай, ештеңеден тайынар емес. Әскери комиссар сұңғыла кісі еді, мұны бірден байқады. Сөйтіп, балаң жігіт Сағадат Нұрмағамбетов 1943 жылы сәуірде Кушка қаласындағы Түркістан пулемет училищесін бітіргеннен кейін майданға жіберіледі. Солтүстік Кавказ, Украин және Беларусь майдандарында взвод, рота және батальон командирі болып, Польша жерінде Пилица өзенінің сол жағалауындағы плацдарм үшін болған ұрыста ерекше ерлік көрсетті. 1949 жылы Мәскеудегі әскери академияны бітіріп, Түркістан әскери округі штабында істеді. 1954-58 ж. мотоатқыштар полкінің командирі, 1958-61 ж. мотоатқыштар дивизиясының штаб бастығы, 1962-69 ж. Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, 1969-89 ж. Орта Азия әскери округі қолбасшысының 1- орынбасары болды. 1991жылы 25-қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев республиканың егемендігін, аумақтық қауіпсіздігін, қорғаныс және басқа маңызды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында “Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы” Жарлыққа қол қойып, оның төрағалығына генерал-лейтенант Сағадат Нұрмағамбетовты тағайындайды. Бірақ та бұл комитеттің әрекет ету мүмкіншілігі тар болып, ол әскери құрылыс мәселесін түгелдей шеше алмайтын еді. Сондықтан 1992 жылы 7-мамырда мемлекет басшысының жоғарыдағы комитеті ҚР Қорғаныс министрлігіне қайта өзгерту туралы Жарлығы шығып, бұл нақты, айқын мақсаттарды көздеді. Сол күні Қазақстан Президентінің “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” №745 Жарлығы шықты, ол еліміздің Қарулы Күштерін өз бетінше қалыптастыруға негіз қалап еді. Сол Жарлыққа сәйкес С.Нұрмағамбетов Қазақстан қорғаныс министрі болып тағайындалып, өз туған жұртының әскери құрылымын қалыптастыруға бел шеше кірісті. Әрине бұл өтпелі кезең тәуелсіз еліміздің Қарулы Күштерінің негізін салудағы ең қиын кезеңі еді. Өйткені, әскерлерді орталықтандырылған қамсыздандыру мәселесі тоқтап, әскерден қашу деген секілді жағдайлар кең етек алған болатын. Міне, осындай өте қиын жағдайда тәуелсіз Қазақстанның өз дербес әскерін қалыптастыруға қосқан теңдессіз үлесі үшін 1994 жылы өзінің ата-баба қонысының ең жоғары “Халық Қаһарманының” тұңғыш иегері атанды. Иә, адам бойында сенім атты ұлы күш бар. Осы орайда тек өз бойындағы күш-қуатқа, ерік-жігерге, дарын-қабілетке қалтқысыз, бар жан-тәнімен сене білген адам ғана биік мұрат-мақсат шыңдарына шыға алады. Ендеше, мына ой-соқпағы көп өмірде тек өз күшіне сенгендер ғана үнемі жеңіске жете бермек және Гете айтқандай, “Өмір үшін кім қорықпай майданға шыға алса, өмір сүруге соның ғана толық қақы бар”. Олай болса ғұмыр бойы халқына қалтқысыз қызмет етуді, Отан қорғауды кәсібіне айналдырған даңқты батыр, қолбасы Сағадат Нұрмағамбетов ел-жұрты алдындағы перзенттік парызын абыроймен атқарып шықты деп айтуға әбден болады.

Сағадат Қожахметұлы Ленин, 2 Қызыл Жұлдыз, 1,2- дәрежелі Отан Соғысы, Қызыл Ту, “Құрмет белгісі”, Октябрь революциясы, “Отан” ордендерімен, медальдармен, шетелдердің орден, медальдарымен марапатталған.

Қосымша№9
Ауған соғысы:

Саңлақ жауынгер


Әділ Бектасұлы Әбдіхалықовтың өмір жолына қарап отырсаң қарапайым ғана ортада, 1963 жылы осындай ақпан айының ішінде Қаратал жеріндегі “Қоржынкөл” деген совхозда дүниеге келген-ді. Әділ онжылдықты бітіріп, әскер қатарына азаматтық борышын өтеуге шақырылады. Сол жылдары ауған жерінде соғыс жүріп жатқан. Бар арман-мақсаты Отанын қорғау, қатарынан қалмай елінің қорғанышы болу еді. Жас жауынгер әскерге келіп, дайындық курсынан өте бастайды. Негізінен ол дайындықты Түркіменстанның Қызыларбад қаласында өтеді. Дайындық сапынан ойдағыдай өткен жауынгер 66-бригаданың саперлар ротасына түседі.

Ауған соғысында күтпеген жайлар көп болып жататын. Әділ осы ауған жерінде жүріп, жиырмадан астам соғыс қақтығыстарына қатынасады. Арада бір жыл майдангерлікпен өтіп, сексен екінші жылы бүкілармиялық үлкен операцияға қатынасып, ерекше ерлігімен көзге түсіп, “Ерлігі үшін” медалымен марапатталады.

Ауған соғысынан оралғанннан кейін ол Шымкент қаласындағы милиция мектебіне түсіп, оны үздік бітіріп, Қаратал ауданында өзінің алғашқы еңбек жолын бастаған еді. Жастық жалынмен әрі халқына беріле еңбек етудің арқасында көпшіліктің құрметіне бөленеді.

Қырық жыл қырғын болса да Әділ Бектасұлы ауған соғысында басынан кешірген қиыншылықтарды ұмытпас еді. Әлі күнге дейін ойына түскен сайын төбе шашы тік тұрып, керемет бір күйге түседі. Осыдан келіп, Қаратал ауданының жұртшылығы да кезінде оны ауған соғысына қатынасқандардың аудандық ұйымына төраға етіп сайлайды. Мұндай абыройлы міндетті Әділ жанын сала атқарады. Ең алдымен ауған соғысында қаза болған боздақтардың есімдерін мәңгі бақи халықтың есінде сақтау үшін олардың есімдерін көшеге беру жағына ұйтқы болды.

Аудан орталығында әскери-патриоттық клуб құрды. Ауған соғысында қайтыс болған жастардың ата-аналарына үлкен көмек ұйымдастырып тұрды. Оның мұндай тиянақты істерін аудан жұртшылығы біліп, азаматқа ерекше құрмет көрсетіп отырады.
Әділ, азамат жанұяда үлгілі бас ие. Сүйіп қосылған жұбайы Айнаш екеуі тату-тәтті өмір сүріп, екі бала өсіруде. Ұлы Мейірхан Әділов Алматы қаласындағы Экономика және құқық академиясының екінші курсының студенті, қызы Маржан Алматыдағы 141-мектептің үздік оқушыларының бірі.

Ауған соғысында ерекше көзге түскен саңлақ жауынгердің бұл игілікті істері көпшілікке үлгі-өнеге.

Қосымша№10

ҚАЗБРИГ
БҰҰ-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымы) негізгі міндеттерінің бірі – барлық мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруін, әлемдегі тыныштықты сақтау мен адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету. БҰҰ-ның құзырында халықаралық шиеленістердің алдын алуға бағытталған алдын алу (превентивті, сақтандыру) дипломатиясы, орын алған шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге көмектесетін бітімгершілік миссиясы сияқты құралдар бар. Ұшқындаған шиеленістерді қадағалап, соғыс қимылдарының жайылуына жол бермеу, тараптардың бейбіт келісімге келуіне дәнекер болу үшін соғысушы жақтарды айырып, бөліп тастау қажет және олардың арасына тосқауыл қою керек. Осы мақсатта БҰҰ-ның бітімгершілік күштері – «көгілдір береттер» немесе «көгілдір каскалар» құрылған. Олар соғыс қимылдары жүріп жатқан елдерге тек сол мемлекеттердің келісімімен ғана жіберіледі. Бітімгершілік күштер дегеніміз – бұл ерекше әскерилер.Олар шиеленістің кез келген жағын болсын қолдап әрекет ете алмайды. Олар адамдарға гуманитарлақ және медициналық көмек көрсетіп, сайлаулардың өту деңгейін бақылайды, жағдайдың даму барысын қадағалап, баяндап отырады. Сондай-ақ өздеріне шабуыл жасалған сәтте ғана қару қолдана алады. БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына қатысу үшін әскерилер БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдерінен ерікті тұрғыда жинақталады. Олардың еңбекақысы халықаралық қауымдастық есебінен төленеді. 1948 жылдан бері 750 мың әскерилер, полиция қызметкерлері мен азаматтық тұлғалар әлемнің 110 еліндегі осындай операцияларға қатысты. 1500 бітімгер өз өмірлерін бейбітшілік жолында қиды. Бейбітшілікті сақтауды қолда бар құралдар мен жолдар арқылы қамтамасыз ете алмаған жағдайда, БҰҰ Жарғысының VII тарауына сәйкес бұдан да батыл іс-әрекет қолданылады. Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-ға мүше елдерге барлық «қажетті құралдар мен жолдарды», тіпті соғыс қимылдарын да пайдалануға рұқсат етеді. 1950 жылы Кореяда, 1991 жылы Кувейтте, ал қазір Иракта осындай жағдай туындап отыр.

АҚШ және Қазақстан президенттерінің өзара келісіміне сәйкес 2003 жылдың тамызында «Қазбаттың» жеке инженерлік-сапер жасағы екі партиямен Таяу Шығысқа ұшып кетті. Жергілікті жердің жағдайына бейімделудің қысқа мерзімді курсынан өткеннен кейін жасақ өз транспортымен халықаралық жауапкершілік коалициясының польшалық аймағына - Эль-кут қаласына барды. Украиндық бітімгершілік бригадасы орналасқан бұл жерде қазақстандықтар 5 айды өткізді.

Ирактағы бітімгершілік миссияны жүзеге асыру барысында Қазбат бөлімшесі 4 млн-ға жуық жарылғыш заттарды жойды, әскери дәрігерлер Ирактың 500 бейбіт тұрғынына көмек көрсетті, сондай-ақ Ирактың қауіпсіздік күштерінің мамандарын дайындау мен жауынгерлерін әскери іске баулуды жүзеге асырды. Саяси шаралар мен алдын алу (превентивті, сақтандыру) дипломатияға басымдылық беріліп отырған қазіргі кезеңде де Қарулы күштердің кейбір түрлері, оның ішінде бітімгершілік күштерге деген қажеттілік сақталып отыр.

Американдық әріптестердің көмегімен жарақтанған Қазбат дайындық, тәжірибе жағынан алғанда аймақтағы ғана емес сондай-ақ бұрынғы кеңестік кеңістіктегі бірден бір ерекше құрылым. Ол толықтай НАТО стандарттарына сай жабдықталған және дайындалған, БҰҰ-ның «көгілдір каскалар» құрамына енеді. Қазіргі уақытта оның базасында бітімгершілік бригадасы құрылған.

Қазбат бейбіт халықтың және Коалиция жауынгерлерінің өмірін сақтау мақсатында Иракта бекзаттық миссияны орындаушы аймақтан шыққан жалғыз құрылым. Тек ирактықтар ғана емес, сонымен бірге Коалиция әскерилерін де үйретіп жатқан қазақстандық саперлардың дайындық деңгейінің жоғары екені байқалады. Қазбат офицерлері 200-ден астам маман дайындап шығарды.

Қазақстанда БҰҰ мен НАТО бағдарламалары аясында бітімгершілік операцияларды орындауға арналған Аэромобиль әскери бригадасы құрылған. Бұл қазақ жеріндегі американдық немесе ағылшын бітімгершілері емес, керісінше, жергілікті бітімгершілік күштерінің батальоны. Олар «хаммер» машинасымен жүреді, аяқтарында шөл далада жүруге ыңғайлы аяқ киім, ал киім-кешегі басқа елдердің бітімгершілерінен қалыс қалмайды. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

2006 жылы Қазбригаданың ротасы НАТО өкілдері қатысқан емтихан тапсырды. Олар рота жауынгерлерінің лингвистикалық дайындығы мен бітімгершілік операцияларда әрекет ету деңгейін тексерді. Ирактағы бітімгершілік операцияларына қатысып үлгерген және стандарттарға сәйкес дайындықтан өткен «Қазбаттықтар» енді Қазақстанның жинақы әскери күштерін әскери іске үйретіп жатыр. Міндетті бағдарлама – бірігіп өткізілетін әскери жаттығулар, жаттығулар барысында қажетті дағдылар мен тәжірибе жинақталады.

Мұндай жауынгерлер Қазақстан жерінде әлі де тым аз. Алайда олардың жұмысын көрген бітімгершілік күштерінің генералдары контингентті бригадаға дейін өсіруді өтінді. Бүгінгі күні «Қазбат» «Қазбригке» айналды.
Қосымша №11

Даналық сөздер


Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерінен:
v Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың.

v Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

v Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.

v Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын

v Отан үшін отқа түс күймейсің.
Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ,-деп ер қайратыңа мін дағы, өрге бас

М.Әуезов
Ата жұрты бұқара

Өз қолыңда болмаса,

Қанша жақсы болса да,

Қайратты туған ер ғаріп

Асан Қайғы


Тауды биік демеңдер,

Талаптансаң шығарсың.

Жауды мықты демеңдер,

Ерлік қылсаң жығарсың.

Н.Байғанин
Тыныш кезде бұзаудай момын бол, ұрыс кезінде аш қасқырдай шап!

Рашид-әд-дин


Алып – жауда көрінер,

Байсалды –дауда көрінер

М.Қашқари
Ердің аты айқаста шығады.

Ю.Баласағұни


Ердің ұлы – соғыста

(Көне ұйғыр жазуы ескерткіші)


Батырлардың мықтысы қарушы болады,

Жігіттердің сұлуы бауыршы болады

Құтып.
Қару-жарақ сайланса – ат табылар, қаруын ұмытса - қапасқа түсер

М.Қашқари


Жауды төмен санасаң – басқа шығар:

Жай қалдырсаң елемей аз жауыңды –

Жаулар елді, шағып бір күн тауыңды.

М.Қашқари


Бытырай қашса жау оңбас

Ю.Баласағұни

Шоқпары бар жауға темір қалқан сайла

Ю.Баласағұни.


Бүгін атар оғың болса, ертең жауың оқ ата алмайтындай қыл.

С.Сарайи.


Жау көргенде алып ер арыстан болар.

Ю.Баласағұни.


Қару-жарақ табылса, қарманып мінер табылар.

А.Йүгінеки.


Сауыт күші –қылышпен қылшылдатып ұрғанда,

Аттың күші – жігітті алып шығып тұрғанда.

Қорқыт.
Жаумен жағаласа түсу оңай, ажырасу қиын.

Рашид-әд-дин.


Осал көріп көп дұшпанның дүрмегін,

Бос үмітпен қапы қалып жүрмегін.

Ю.Баласағұни.
Жау ақылын тыңдауға болады, алуға болмайды.

С.Сарайи.


Қашқан жауды көп қума.

Ю.Баласағұни.


Отан үшін күрес –

Ерге тиген үлес

Мақал
Отаншылдық – ең ізгі сезім.

Л.Н.Толстой


Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспешілік туғызған

Ж.Ж.Руссо


Өз Отанын жан тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы.

В.Г.Белинский


Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, отансыз да өмір сүре алмайды.

К.Г.Паустовский





Каталог: Ref
Ref -> ӘӨЖ 894. 342. 35 Ә 20 жамбыл әлем түркілері поэзиясының алыбы меңдібай Әбілұлы А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ
Ref -> Реферат 15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы реферат
Ref -> Саттар Ерубаев (1914-1973) Қысқаша өмірбаяны
Ref -> ӘӨЖ 951/959 ортағасырлық ТҮркі ғалымдары мен жазушылары ф. М. Махашова №36 қазақ орта мектебі, Тараз қ
Ref -> Еуропалық орта ғасыр әдебиеті
Ref -> 9 мамыр жеңіс күні Ұлы Отан соғысы (1941-1945)
Ref -> Торайғыров Сұлтанмахмұт
Ref -> ЖҰмыстың жалпы сипаттамасы
Ref -> 2 Өмірбаяны 3 Шығармалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет