Қазақстан білім және ғылым министрлігі



бет102/126
Дата07.02.2022
өлшемі363,12 Kb.
#97329
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126
Байланысты:
бизнесті ұйымдастыру лекции на каз (1)
бизнесті ұйымдастыру лекции на каз (1), Ғылым тарихы филос. Cеминар.-2
10- АПТА


Тақырып 9. Бизнес инфрақұрылымын ұйымдастыру
1 Бизнес инфрақұрылымының мәні мен ерекшеліктері.
2 Шағын бизнес орталықтарының бизнес инфрақұрылымының институты ретінде қалыптасуы мен құрылуы. Шағын кәсіпкерлікке ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Бизнес субъектілеріне кеңес берушілік, заңды және коммуникативтік қызмет көрсету.
3 Кәсіпкерлік кадрларды дайындау және шағын бизнестің оқу-кеңессберушілік орталықтарының дамуы.


1 Әрбір қайта құрылған шағын кәсіпорын мемлекеттік тіркеуге алынады. Мемелекеттік тіркеуге алынған сәттен бастап кәсіпорын құрылған болып саналады және мемлекеттік кодекске сәйкес заңды тұлға мәртебесіне ие болады. Мемлекеттік тіркеу үшін кәсіпкерлік әрекеттің кез-келген субъектісі орындаушы биліктің сәйкесінше ұйымына
келесідей құжаттар өткізуі тиіс:
- кәсіпорынды тіркеу туралы өтінішті қамтитын мәлімдеме. Мәлімдемеге кәсіпорын басқарушысы қол қояды;
- құрылтайшылық келісім шарт немесе кәсіпорынды құру туралы шешімі;
- басқарушымен расталған, кәсіпорын жарғысы; кәсіпорын жарғысында міндетті түрде әрекет түрі көрсетілуі тиіс;
- кәсіпорынды құру туралы шешімде көрсетілген кәсіпорынның жарғылық капитал өлшемінің 50 пайыздан кем емес төленгенін растайтын құжат;
- тіркеу жарналарын төлегені туралы куәлік;
- сәйкес монополияға қарсы комитеттердің кәсіпорынның құрылу туралы келісімін растайтын құжаттары.
Егер шағын кәсіпорынның жеке орны болмаса тіркеу мәлімдемесіне жалға берушінің кәсіпорынға орынды берілетін ауданның өлшемі мен оның толық күресің көрсетумен жалға алу шарттарда беруге міндетті хаты қосылады (енгізіледі). Айта кететіні, аталған құжаттардан бөлек басқа да құжаттарды талап ету заңсыз болып табылады. Кез-келген қосымша құжаттар (мысалы, шағын кәсіпорынның қоғамдық ауқатттануынан жұмысшылардың денсаулығының жағдайы туралы анықтамалар және тағы сол сияқтылар) тіркеуден кейін беріле береді.
Мемлекетті реттеу құжатын өткізу сәтінен бастап 3 күн ішінде немесе талап етілген басқарма құжаттарының жіберілген туралы түбіртекте көрсетілген пошталық жіберу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде іске асырылуы тиіс.
2. Кәсіпорынға түсетін құжаттардың тіркеу журналында кезекті нөмір беріледі, жарғының бірінші бетінде тіркеу ұйымының атының көрсетілуінен нөмірі және тіркеу уақыты көрсетілген арнайы жазба көрсетіледі. Жазба мөрмен және тіркеу үшін жауапты тұлғаның қолымен бекітіледі. Әрі қарай тіркеу органы он күн ішінде кәсіпорынның орналасқан жері бойынша оның тіркелгені туралы (тіркелген кәсіпорынды) орталық мемлекеттік тізімге кіргізу үшін салық ұйымыны хабар береді. Мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім кәсіпорынмен қалыпты және арбитражды сотпен шағымдалуы мүмкін.
3. Шағын кәсіпорынның тіркеу процедурасында маңызды орынды оның салық ұйымдарында есепке тұруы саналады. Атап кеткен он күн ішінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап шағын кәсіпорын өзінің тұрған жері бойынша есепке тұруы қажет. Бұл үшін кәсіпорын салық ұйымына басқарма құжаттарының көшірмесі мен мәлімдемені береді. Келесі бес күн ішінде салық ұйымына кәсіпорынды енді оның барлық құжаттарында көрсетіліп отыратын (жеке) идентификациялық салық нөмірін беруге міндетті. Салық төлеуді кәсіпорын бір уақытта салық төлеушінің ортақ мемлекеттік регистріне жатқызылады. Келесі кезең-банкте шот ашу. Кәсіпорын коммерциялық банктерде есептік, ағымды, арнайы, валюталық, бюджеттік, депозиттік және тағы басқа да шоттар аша алады. Маңызды банк шоты болып кәсіпорын үшін есептік шот табылады. Ол шағын кәсіпорындардың жұмсауы бойынша ағымды төлемдерді жүзеге асыруға арналған және оның мекен-жайына ақша құралдарының түсімдерін есептеу үшін арналған. Бұл шотқа келесілерді жатқызуға болады: өнімді өткізуден түскен түсім, қызмет көрсету, алынған несиелер және басқа түсімдер. Осы шотты жеткізушілермен есепайырысулар, салықтар бойынша және оларға теңестірілген төлемдер бойынша, олардан пайыздар бойынша банктермен есеп айырысулар да іске асырылады. Ағымды шоттар заңды тұлғалар болып табылмайтын шағын кәсіпорындар үшін ашылады. Қатаң мақсатты белгіленген құралдарды сақтау үшін арнайы шоттар қолданылады. Шетелдік валютада есептесулер валюталық шоттарды қолданумен жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпке сәйкес бастапқыда транзитті шот ашылады және оған алдын-ала валюталық түсім аударылады. Осы шоттан шағын кәсіпорын валюталық түсімдердің пайызға жуығын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк бекіткен бағамы бойынша сатуға міндетті және соның қалдығы ғана кәсіпорынның валюталық шотына аударылады. Бюджеттен мақсатқа сай, көзделген құралдар алатын кәсіпорындар бюджетті шот аша алады. Шағын кәсіпорындар уақытша бос ақша құралдарынан сақтау үшін банкте депозиттік шоттар ашады. Кәсіпорындар депозиттік шоттар бойынша нақты пайыздар алып отырады. Шағын кәсіпорынның қызмет етуінің маңызды жағдайы болып лицензиялау табылады. Ол
белгілі заң жолдарымен іске асырылады. Лицензия шағын кәсіпорынға әрекеттердің нақты бір түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әрекеттердің лицензияланатын түріне жататындар: өндіріс, дәрі-дәрмек құралдарын сақтау және көтерме сауда өткізу, медициналық көзделген бұйымдар, жүкті автомобильді тасымалдау, орта, жоғарғы оқудан кейінгі профессионалды және сәйкес қосымша білім беру аумағында қызмет көрсету, лизингтік компанияның әрекеті, заң қызметкерлері, халықаралық туризм ұйымдары және тағы басқалар. Лицензия әрекетінің әрбір лицензияланатын түріне белгілі бір мерзімге беріледі және ол кем дегенде үш жыл болуы тиіс. Лицензия жарамдылық мерзімі заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің өтінші бойынша ұзартылуы мүмкін. Лицензия алу үшін оны қажет етуші органдарға қажетті құжаттар өткізеді. Лицензияны беру немесе бермеу туралы шешім барлық қажетті құжаттармен өтінішті алған күннен отыз күн ішінде қабылданады.
Заңды тұлғалардың қандай да бір қайта құрылуында (оның атының өзгеруі кезінде, орын ауысуы кезінде және тағы сол сияқты) лицензияны дереу құжатты қайта толтыру туралы өтінішпен мәлімдеме жасауға мідетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет