Интенсивтік түрдегі экономикалық өсу - материалдық игіліктер мен қызметтердің өндірісінің кеңейуі өндірістің тікелей факторларының сапасын жетілдіру арқылы қамтамасыз етіледі: прогрессивтік технология қолдану арқылы, біліктілігі және еңбек өнімділігі жоғары жұмыс күшін қолдану арқылы.
Инфляция - бағаның өсуі арқылы көрінетін, сұраныс пен ұсыныстың және ұлттық шаруашылықтың басқа пропорцияларының (үйлесімінің) тепе-теңдікте еместігі. Инфляцияға қарсы саясат инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттің реттеу құралдарының жиынтығы.
Инфрақүрылым -экономиканың қызмет етуінің шарттарын жасап отыратын, оның салаларының жиынтығы. Өндірістік (көлік, байланыс, құатпен қамту т.б.) және әлеуметтік (сервис, білім беру, денсаулық сақтау т.б.) болып бөлінеді.
Ипотека - жылжымаймын мүліктің кепілдігіне берілетін, қарыз алушыда қалатын несие. Капитал- тауар өндіру мен қызметтер көрсетуге пайдалану үшін жасалынған ресурстар. Капитал тауарлар мен қызметтер өндірісін ұйымдастыру мақсатымен пайдаланылатын ақшалай сома. Капитал деп іскерлік операцияларды төлеуге қолданылантын ақша түсіндіріледі.