Байланысты: бизнесті ұйымдастыру лекции на каз (1)
Тура (тікелей) байланыстар - бұл келісімдік қатынас -тауар өндіруші мен оны тікелей пайдаланушы арасындағы жағдай-
ға байланысты болатын.
Агенттендіру. Делдалдықта Кәсіпкерлік іскерлік нақты түрде жүргізіледі. Делдалдықтың ең кғп тараған түрі -агенттендіру (яғни агенттерді тарату), қатынастың Мұндай түрінде тұтынушы мен өндірушінің арасында агент делдалдық қызмет атқарады.
Агент - бұл тұлға тұтынушының немесе тауар өндірушінің атынан оларға қажетті кезде, керекті қимыл жасайтын адам. Бұл өз қажетінде іс атқаратын агент принципал деп аталынады. Прин-
ципал тауардың меншік иесі болуы мүмкін, соның ішінде бекітіл-
ген агентке сату мүмкіндігі бар немесе тауар тұтынушы қажетті тауарды бекітілген агенттен сатып алатын, осындай тұрмен делдалдық агенттің қатысуында өзара қарым-қатынасқа екеу емес үш субъектіні қатыстырады. Мұндай жағдайда бірнеше агент түрлері анықталады:
өндірушілер агенттері;
өткізу бойынша агенттердің өкілеттігі;
сатып алу бойынша агенттер.
өндірушілер агенттері екі немесе бірнеше тауар өндірушілердің қажеттілігін ұсынады.
өткізу бойынша өкілетті агенттер барлық өнімдерді өткізуге, құқыққа ие болады және өндірушінің фирмасының құрылымына кірмей жеке өткізу білім ретінде немесе келісім шарт жағдайында өзара қимылдасуға толық құқығы бар.
Сатып алу жғніндегі агенттер қажетті тауар түрлерімен айна-
лысады.
Мұндай қатынастардың жұзеге асуының негізі - принципиал мен агент арасындағы агенттік келісімнің бекітілуі болып табы-
лады.
Мұндай келісім бойынша агент-принципиалдың атынан келісім шартында көрсетілгендей тауарды сатуга, сатып алуға толық міндеттеме алады.
Келісімнің негізі төмендегідей екі шарттың кілті ретінде қолданылады. Олар тауар бағасы және агенттік сыйақының мғлшері.
Брокерлік. Егер агенттер принципиалдық қажеттілігі бойынша ұзақ уақыт негізінде қызмет етсе, онда агенттің бір делдалдық қызметі (сатып алушы немесе сатушы үшін) брокерлікті орындаған болып есептелінеді. Мұның негізгі қызметі сатушылар мен сатып алушыны жұздестіру, олардың өзара келісімге отыруын жұзеге асыру. Брокер өзіне ешқандай міндеттеме алмайды және мәміле бекітуге қатыспайды, ол тек қажетті екі жақты жұздесті-
реді.
Брокерлер тауарлардың немесе қызметтердің белгілі бір анықталған түрлері бойынша маманданады, клиенттердің есебімен және олардыңтапсырмасымен жұмысжасайды, әрі олардан арнайы сыйақы алып, делдалдардың кәсіпқой іскерлігінің сапатына қатысты болады.