Байланысты: бизнесті ұйымдастыру лекции на каз (1)
Кешендік талдау барысында кәсіпкерлік қызметтің барлық жақтары зерттелінеді, тақырыптық талдауда – оның жекелеген жақтары ғана алынады.
Жалпы талдауда- талдаудың нысананың тәжірибелік мате-
риалдары пайдаланылады, ал тандамалы да - белгіленген белгінің факті түріндегі материалы пайдаланылады.
Талдаудың мақсатына қатысты әр түрлі әдістер қолданылады: салыстыру; теңдеу; топтастыру; алып тастау немесе байланысқан койылым; құрамдық көрсеткіштерді ажырату; экономика-математикалық. Әр түрлі кезеңдердің көрсеткіштерін салыстырғанда олардың құрамындағы элементтердің жалғастыруына қол жеткізу керек, соның ішінде экономикадағы құнсыздану процесінде, бағалау әдістерінде т.б.
Көрсеткіштерді салыстыру арқылы жүргізу үшін мынадай амалдар қолданылады: абсолюттік көрсеткіштерді қатынастыларға ауыстыру, салыстырмалы бағаларды қолдану және т.б.
Теңдеу - бұл ең қарапайым әдіс. Мұндай жағдайда қаржылық көрсеткіштер есеп беру кезеңінде жоспарлықпен салыстырылады және алдыңғы немесе соңғылардың көрсеткіштерінің динамикалық дамуына талдау жүргізіледі.
Топтастыру - егер көрсеткіштер топталса және кесте-
ге кіргізілсе, сонда қолданылады. Мұндай әдіс аналитикалық есептесу жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен бірге жеке көріністерде тенденциялық дамуды айқындайды, олардың өзара байланыстарын және көрсеткіштердің өзгеруіне себепкер факторларын анықтайды.