9.Төрт өсіндісі бар сүйек? 1. Астыңғы жақ сүйек. 2. Шықшыт сүйек.
10.Бет сүйектеріне жатады? 1.Жоғарғы жақ сүйек. 2. Самай сүйек.
11.Сына сүйек байланысады? 1.Жоғарғы жақпен. 2. Астыңғы жақпен.
12.Қимылды байланыс пайда болады? 1.Астыңғы жақпен маңдай сүйек арасында.2.Астыңғы жақпен самай сүйек аралығында.
13. Гаймор қойнауы орналасқан? 1.Тор сүйекте. 2. Жоғарғы жақ сүйекте.
14.Жақ сүйектерінің латынша атаулары? 1.Oss macsilla, oss mandibula. 2.Oss temporale, oss lacrimalis.
15.Қойнаулары бар сүйектерге жатады? 1.Сына сүйек,тор сүйек. 2.Төбе сүйек, шүйде сүйек.
Жауаптары: 1-1,2-1,3-2,4-2,5-2,6-1,7-2,8-1,9-2,10-1,11-1,12-2,13-2,14-1,15-1.
Бекіту кезеңінде студенттерге «Сипаттама» тәсілі бойынша сұрақтар қойылады:
1.Жұп сүйек, өзі төрт бұрышты? 2.Тақ сүйек үлкен тесік орналасқан? 3.Жұп сүйек, үш өсіндісі бар-шықшыт,біз тәрізді,еміздік тәрізді? 4.Тақ сүйек, үлкен- кіші қанаты бар? 5.Тақ сүйек, байланысқанда буын түзеді? 6.Есту мүшесі орналасқан жұп сүйек? 7.Көз ұяшығы орналасқан сүйек? 8.Көбелек пішіндес , түрік ершігі, гипофиз ойысы орналасқан? 9.Гаймор қойнауы бар, тістік ұяшықтары орналасқан? 10.Қойнауы бар сүйектерге жатады, мұрынның жоғарғы бөлігін түзейді?
«Миға шабуыл»- тәсілі бойынша, студенттерге сүйектердің атын латынша жасыру:
1.Oss frontale. 2.Oss temporale. 3.Oss parietale. 4.Oss occipitale. 5.Oss sphenoidale. 6.Oss maxilla. 7.Oss mandibula. 8.Oss palatinum. 9.Oss lacrimalis. 10.Oss zigomaticus.
Өзіндік жұмысты өткізгеннен кейін, студенттер жеке баста жауап беріп, білімдерін қорғайды. Әр студент жауап бере отырып, әр сүйектің құрылысын, латынша аталуын, орналасуын, қандай сүйектермен байланысуын білу керек, бас сүйегінен көрсете алу, өзінің басынан проекциясын көрсете білу.
Бұл кезеңде тақырыпты қаншалықты меңгергенін, жауаптарының қаншалықты нақты екенін бақылауға болады
Әр түрлі тәсілдерді қолдану студенттердің ойлау қабілетін дамытады, өз бетімен қорытындылауды жасауға үйретеді.
Студенттердің білімдерін жан – жақты тексеру, қандай деңгейде тақырыпты қабылдады, алған білімдерін тәжірибеде қолдана алдыма ,өзіндік жұмыс кезіндегі дайындықары білімдерін тереңдеттіме – осы сұрақтарға оқытушы зейін қоюы керек.
Сәтпаев, қаласының медициналық колледжінің оқытушысы
А.Т. Оразбекованың «Бас сүйектері және қосылыстары» тақырыбына
құрылған әдістемелік талдауына :
Пікір.
Әдістемелік талдауда бас сүйектерінің құрылысы, анатомиялық ерекшеліктері, орналасуы туралы толық мағлұмат берілген.
Әдістемелік талдаудың тақырыбы оқу жұмыс бағдарламасы мен күнтізбелік- тақырыптық жоспарға сай дайындалған. Тәжірибелік сабақта студенттердің білімі мен біліктілігін, дағдыларын қалыптастыруда , оқытудың белсенді түрлері таңдап алынған.
Пәнаралық байланыс кеңінен қолданылған. Білім деңгейін тексеретін әртүрлі әдістер қолданылған, ол студенттердің ойлау жүйесін, өзіндік шешім қабылдай алуды, өзіндік көзқарасы мен пікірін жеткізе білуге үйретеді.
Әдістемелік талдауды жоғары деңгейде бағалап, бекітуге ұсынуға болады деп есептеймін.
Пікір жазған: Калиева Б.А. анатомия пәнінің жоғары санатты оқытушысы.
Достарыңызбен бөлісу: |