1717 жылы Алтайда (Томск уезінде) қорғасын мен мырыштың бар екендігі анықталды. Осыдан кейін Қазақстанда түсті металлургия дами бастады.
1717 жылы Алтайда (Томск уезінде) қорғасын мен мырыштың бар екендігі анықталды. Осыдан кейін Қазақстанда түсті металлургия дами бастады.
Дүние жүзіндегі Қазақстанның пайдалы казбалардың орны
1 орын: мырыш, вольфрам, барит
2 орын: күміс, қорғасын, хромит
3 орын: мыс, флюорит
4 орын: молибден
6 орын: алтын
Полиметалл кендері
Қорғасын және мырыш өнеркәсібінің ортақ шикізат базасы - полиметалл кендері бар. Ұзақ уақыт бойы олардың қоры жөнінен Шығыс пен Оңтүстік алда болды. Шығыстың кенінде қорғасынға қарағанда мырыш көп. Керісінше, Оңтүстіктің кенінде мырышқа қарағанда, қорғасын көп.
Біздің еліміздегі полиметалл өндірісінің басты ауданы - Кенді Алтай.Мұнда 3 ірі орталық бар - Зырян, Риддер жөне Өскемен.
Риддерде қорғасын мен мырыш өнеркәсібінің барлық кезеңдері— кенді өндіруден бастап, металл жөне қорытпа алуға дейінгі кезеңдер түгел бар. Еліміздің оңтүстігіндегі полиметалл өнеркәсібінің ірі орталығы- Шымкент. Мұнда да Өскемендегі сияқты «өндірістің жоғарғы қабаттары» жолға қойылған.