Қазақстан халқының рационалды қҰндылықтары орындаған: Есжан А. Н


) Шетелдермен көпқырлы, тату, еркін және әділетті қарым-қатынас пен байланыс орнатылу керек



бет7/7
Дата07.02.2022
өлшемі84,72 Kb.
#95944
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Есжан Арай Н.

6) Шетелдермен көпқырлы, тату, еркін және әділетті қарым-қатынас пен байланыс орнатылу керек;

7) Қылмыстық және тәртіп бұзу істерінде әділетті, тепе-тең, халыққа бсолютті ашық және жария түрде сот, тергеу жұмыстары жүргізілу керек;

8) Басқару ісінде қабілеті, білімі мен біліктілігі бойынша тағайындаулар мен сайлаулар жүргізілу қажет;

Бұрынғы замандарда қазақтар қылмыстық істерді халықтық жиналыстарда шешкен:

Бұрынғы замандарда қазақтар қылмыстық істерді халықтық жиналыстарда шешкен:

— ата-бабаларымыз кез келген іс-әрекет, ой-ниетті адал-арамға, жақсы-жаманға, обал-сауапқа, дұрыс-бұрысқа бөлген. Бірін—жақсы, екіншісін—күнә дейді. Күнә нәрселер адам баласына зиян келтіреді. Сондықтан да ондай іс-әрекеттер қылмыс, жөнсіз жасалып, кез келген қоғам мүшесі ондай әрекеттерден аулақ жүрген;

— күнә жасаушылар болмауын қоғамның өзі қадағалап, бола қалған жағдайда оның шығу себебін анықтап, оның жайылып кетпеу жағы қарастырылады;

— күнә жасаушы міндетті түрде жазасын тартуы, жасаған күнәсінә өкініш білдіруі, екінші рет істемеуге шешім қабылдауы және қылмыс пен күнәнің кешірілуі көзде тұтылады;

— мұны жүзеге асырушы билер, ақсақалдар және билік басындағылар жақсы біліп қана қоймай, оларды жаман жолдан қайтарып, имандылыққа жетелеген;

— кез келген қылмысты іс, дау-дамай жариялы түрде, халық алдында өткен. Сөйтіп, жазаның әділдігі өзгелер алдында анықталып, оның үстіне өзгелерге сабақ, үлгі (сот шешімдері) болған. Өкінішке орай, осындай нағыз демократиялық принциптер құқық қорғау органдары қызметкерлерінде жеткіліксіз. Ал осы принциптерді мықты ұстанған мұсылман елдерінде түрмелер бос, қаңырап тұр. Айтылған кінараттар нәтижесінде республикамызда түрмелердің толы болуы, біздерде салауаттық пен имандылықтың жоқтығын көрсетеді. Елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар нәтижелі болуы – имандылық пен әділеттілікте жатыр. Ал, имандылық пен әділеттілік тек ислам діні мен ата-бабаларымыздың біздерге қасиеттеп қалдырған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінде жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет