4. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Мақсаты: «Әлеуметтік психология» пәнібойынша студенттерде білім мен біліктерді қалыптастыру. Міндеттері:
Студенттерді болашақ ғылыми қызметкер ретінде қарым-қатынас мәдениеті және іскерлік этикасымен таныстыру;
студенттерді қарым-қатынас субъектілерінің типологиясын ескере отырып іскерлік қатынастың тиімді варианттарын табуға үйрету;
қарым-қатынастың педагогикалық-психологиялық аспектілерін меңгеруге баулу; ұжымдық және жеке бастық қарым-қатынас мәдениетінің сақталуына болашақ маман ретінде ықпал ету жолдарын қарастыру;
адамгершіліктің жалпы адами принциптерін, нормаларын игеру және оларды қоғам мен адам игілігіне сәйкес қолдана білу;
жоғары оқу орындарында оқу еңбегі мен қарым-қатынас мәдениетін меңгеруге жәрдемдесу;
болашақ маманның кәсіби мәдениетінің негізін қалау;
жеке тұлғалық және кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттіліктерін қалыптастыру;
студенттердің «іскерлік этикасы», «қарым-қатынас мәдениеті» туралы түсініктерін қалыптастыру;
қарым-қатынастың түрлері, қызметтері туралы мағлұмат бере отырып, іскерлік қатынастың этикасын меңгерте білу;
саналы түрде өзінің және басқаның мінез-құлқын анализдеу;
өзінің уақытын материалдық қана емес моральдық құндылық ретінде дұрыс пайдалана алуға үйрету;