4.Жаңа әкімшілік –территориялық жүйе құрылымы. Жергілікті орындарда әрі текті басқару жүйесін зерттеу үшін, қырғыздардың (қазақтар, – Ө.И.) келешек басқару құрылымының жалпы жүйесін бастау мүмкіндігін анықтау үшін, 5 маусымда 1865 жылы патша үкіметінің бұйрығы бойынша қазақ даласына ерекше коммисия іссапарға жіберіледі.
Қазақ даласын Ресей патшалығының қол астына қаратуда патша өкіметінің әкімшілік басқаруын іске асыру арқылы шын мәніндегі отар еліне айналдыру үшін патша әкімшілік басқару жүйесін енгізудегі ізденістерінің нәтижесін талдап, қорытындылаған арнайы коммисияның қазақ даласында болып қайтқан. Қазақ даласының Орынбор және Сібір ведомстволығын жалпы басқарудың қажеттілігін анықтай отырып, Комиссия басты бір негізгі мәселені шешуді ұйғарады: кең даланы алып жатқан далалық облыстардың көлемінде Әкімшілік басқару әрекетін сәтті жүргізе ала ма? Егерде басқару әрекетін жүзеге асыра алмайтын болса, өлкенің аймағының үлкендігінен қолайсыздық болса, қолайсыздықты жою үшін не жасау керектіктерін шешуді ұйғарған.
Бірінші, әйелдер мен еркектерді қосқанда: 750 мың тұрғындары бар Орынбор облысының қазақтары 700 мың шаршы шақырымды алып жатты,
Бір жағынан жол қатынастарының жеткіліксіздігі мен аймықтың өте үлкендігі және өлкенің тәртіпке келтірмегендігі патша үкіметі әкімшілігіне облысты басқаруға қолайсыз болды. Далалық елдерді аралап жүріп-тұрудағы жол қиындығынан бұрыңғы облыс басқармаларына соқпай айналып кетіп журген. Мұрағат деректерінде былайша сипаттайды. «Басқа қазақтарға қарағанда батыс бөлігінің ішкі жағындағы қазақтар тіптен тәртіпке келтірілмеген және халық тұрғындарының мінездері тағы және өте жауынгер, » .
Сондықтан Қазақстанның батыс бөлігіне ерекше ықлас қоюды қажет деп санаған, осындай ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ даласының батыс бөлігінде мықты орыс билігін бекіту үшін, қазақтармен казачествоны бір басқару билігіне бағындыру үшін, Комиссия төмендегідей ұйғарым жасайды.
Екінші, Орал казачествосының жауынгерлерінің жерінен, Орынбор қазақтарының батыс бөлігінен азғантай кеңістіктің орта бөлігінен жер алып, ерекше облыс құрып, оған Приуральск атауын беруді ұйғарады.
Әскери губернатор мен жауынгерлер басшысы шендерін біріктіріп Орал казачество жауынгерлеріне тағайындалған атамандық шенін (Наказной атаман, казак әскерлеріндегі тағайындалып қойылған) беруі.
Әскери Губернатордың тұрағын Орал қаласында орналастыруды ұйғарады. Орал қаласын алуының себебі: Облысты басқаруға қолайлы орталық болып табылуы, және орталықтар үшін тарихи мәні барлығынан.
Орал казактары мен қазақтарды әкімшілік және соттық бір ортақ басқару жүйесіне біріктіру арқылы, әскерлерге қатысатын орындардағы азаматтық сипаттағы орталық басқарманы жою. Жаңа құрылымдағы жоғарыда аталған облыстық басқарманы құру.
Әкімшілік - әскери және әскери шаруашылық бөлімдерін меңгеру үшін, Әскери Губернаторлық жанынан ерекше басқару органын құру. Әскери Министрліктің шешіміімен облысты уездерге бөлу, Оралда, Калмыковская бекетін, Гурьев - қалашығында және Ембі күзет орнын уездік мекемелердің мекеніне айналдыру.
Уездердің шекараларын анықтау құқын жергілікті бастықтар өлкенің бас бастығының бекітуімен анықтайды.
Приуральск облысындағы әкімшілік құрылымға байланысты оңтүстік-батыс бөлігінде тыныштық сақталу үшін, Арал және Каспий теңіздері аралығында бекіністер салу арқылы қоршауды ұйғарады.
Оралдық казактар өз құқықтарын сақтай отырып, жеңілдіктер пайдаланатын болатын. Бұрынғыша әскери қызмет міндеткерлігін атқарады. Казактар тұратын селоларды (станичный) құру басқармасы және казактар соты (станичный суд орысша) тұрмысы мен басқармасы ешқандай өзгеріссіз қалдырылған.
Казачество мен қазақтарға ортақ әкімшілікті және сотты енгізуде ешқандай кедергі қиындықтар болмады. Орынбор әскери казачествосында жүзеге асырылған болатын.
Приуральск облысын құруда оған көп орыс тұрғындары кірді: мұның өзі патша үкіметінің жергілікті қазақтарды орыстарға жақындатудағы басты мақсаттарын жүзеге асырды. Сонымен қатар облыстық басшы қол астына материалдық күш казак әскерлерін алуына мүмкіндік жасалды. Бұл шара жергілікті қазақтар тарапынан қарсылық бола қалса, казак әскерлерін пайдалануға жасаған сақтық шаралары болатын.
Приуральск облысының құрылуы негізінде көшпелі тұрғындар Приуральск облысын казактар қолына бермейді, қазақтардың пайдасына шешіледі. Ортақ бастықтары екі халыққа да, яғни қазаққа да, казакқа да, бірдей алалықсыз қарайды. Бұдан қазақтар өз құқықтарын қорғайтын облыс басшысын көретін болады. Сонымен қатар Орал әскерлерін бірте - бірте ортақ империя әкімшілігіне енгізетініне сенім артты. Осындай көздеген басты иүдделері болды.
Екінші, Орынбор қазақтарының облысының қалған бөлігінен ерекше облыс құрып, оны Торғай облысы атауын ұйғарады.
Торғай облысын басқаруды құруда: Облыс басқармасының атауын Әскери Губернаторға ауыстыру оған Губернаторға тиісті құқық беру, және облыстағы дивизия басшысы құқында.әскерді бағындыру орналасқан.
Облыстық басқарманы жергілікті жерден қолайлы орын тапқанға шейін, Орынборда қалдыра тұруды ұйғарады. Сонымен қатар облысты төрт уезге бөлу: қазақ даласынан әкімшілік күзет орны таңдап, алынғанға дейін уезд мекендеріне Илецкий - Защите, Николаев бекеті, Орынбор бекінісін «Торғай» атауына өзгерту. Орал бекінісін «Ырғыз» атауына өзгерту. Торғай мен Ырғызға қалалық қоныс құқын беру. Илецкий және Николаев уездік басқармасы линияда уақытша тұратын уездер басқармасына басқа атау берілетін болды.
Құрылатын жаңа облыстар алып жататын кеңістіктер көлемі: Бірінші, Приуральск облысы жер көлемі шамамен 460.000 шаршы шақырым. Халқы шамамен 490.000 тұрғын еркегі мен әйелдерін қоса есептегенде.
Орал әскери казачествосының жері 62 мың шаршы шақырым, Орынбор қазақтарының облысының бөлігіндегі тұрғындардың шамамен 400 мың шаршы шақырым. Орал әскерлеріндегі Орынбор қазақтарының облысының бөлігінде 400 мыңы қазақтар әйелі мен еркегін қоса есептегенде.
Екінші, Торғай облысы жер көлемі шамамен 300.000 шаршы шақырым тұрғындары шамамен 350.000 еркегі мен әйелін қоса есептегенде 350.000..
Аталған облыстардың арасындағы шекара белгілері шамамен Илецкі қалашығымен Илек, Қобда өзендерінің аралығы,батыс және орталық шекарасы аралығы Мұғалжар таулары және оңтүстік шегі Арал теңізіне дейінгі аралық облыс басшыларының өзара келісімімен айқындалып, өлке бастығымен бекітілуі тиіс болды.
Приуральск, Торғай облыстарының құрылуымен, патша үкіметінің әкімшілік басқаруы үшін Орынбор облысының жерінің өте үлкендігіне байланысты қолайсыздық жойылды. Орал және Орынбор бұрынғы әкімшілік мәнін сақтап қалды. Сонымен қатар жаңа губерниялар мен облыстар патша үкіметі қазынасынан көп қаржы шығынын қажет етпеді. Жаңа әкімшілік құрылым үшін ғимараттардың құрылысын жүргізудің қажеті болмады. Себебі тағайындалған губернатор мен атаман әскери кеңес үйіне орналасты ал Торғай облыстық басқармасы Орынбор қазақтарының облыстық басқармасының ғимаратына орналастырылады. Шенеуніктерді ауыстырып жатуда қажет болмайтын етіп шешуі арқылы оларға берілетін көтерме ақша, жол ақысы сияқты шығындарды қажет етпейтін еткен.
Әкімшілік комиссия мүшесі подполковник Поценко 1865 жылы Орынбор губерниясының географиялық жағдайының жарамсыздығы жөнінде өз пікірін білдірген. Оның пікірінше 800 шақырымды алып жатқан, жердің орталығы Орынборда болуы және губернияның шетінде алыста болуы, жергілікті әкімшілік үшін, басқару ісінде жеткілікті қолайсыздық туғызады .
Одан әрі, жергілікті әкімшілік үшін, Орынбор даласын және Приуральск әскерлерінің жерлерін қосып, олардан Приуральск облысы мен Троицк губерниясын жасақтауды ұсынады. Оның ұйғарымы бойынша Приуралье облысына Орынбор уезін. Орал казачествосының әскерінің жеріне және Орынбор қазақтарының жерлерінің бір бөлігіне, Орал жоталарының батысында жатқан, Мұғалжар тауы аралығын енгізу.
Троицк губерниясын 4 уезд құрайды. Орынбор губерниясы және Орынбор қазақтарының облысының қалған бөлігі.
Аталған губерниялардың аралық шекарасын Орал жоталарымен Губерлин және Мұғалжар тауларымен оңтүстігінде Арал теңізімен шектестіріп аяқтауды, губерния мен облыс бастықтарының өзара келісімімен белгілеп, өлкенің бас бастығына бекіттіру еді.
Ұсынылған жоба бойынша Приуральск облысы аумағы 450.000 шаршы шақырым кеңістікті құрайды, тұрғындары еркегі мен әйелдерін қоса есептегенде шамамен 833.000. Троицк губерниясы – шамамен 500.000 шаршы шақырымды құрайды. Тұрғындары еркегі мен әйелдерін қоса есептегенде шамамен 845.000. Мұның ішінде; Орынбор уезі аумағы 24 мың шаршы шақырым, Орал әскерлерінің аумағы 62 мың шаршы шақырым және Приуральск облысына кеткен жерлері шамамен 370 мың шаршы шақырымды құрайды.
Орынбор уезінің тұрғындары 243 мың ерлері мен әйелдерін қоса алғанда, Орал әскерлерінің жерінде 90 мың. Орынбор қазақтарының облысының бөлігіндей тұрғындар шамамен 500 мың.
Қалған 4 уезде тұрғындар Орынбор губерниясының еркектері мен әйелдерін қоса есептегенде 580 мың Орынбор қазақтарының облысының бөлігінде шамамен 265 мыңға дейін болған.
Комиссия шешімі бойынша Приуральск облысының басқармасы.Орал қаласында болуы керек немесе қазақ әскерлеріне басшылық жасауға байланысты және қазақ даласының батыс бөлігіне жарлық жасауға қолайлы, Орынборда қалдыруды ұсынды.
Комиссия Облысты 6 уезге бөліп олар Орынборда, Оралда, Калмыков бекетінде, Гурьевте және Ембі күзет орынында құруды ойластырған.
Троицк губерниясының орталығын Троицк қаласында болуын қолайлы санап, Троицк губерниясын жеті уезге бөлуді ұйғарады.
Уездердің басқармасының орталықтары: Троицк қаласында, Челябіде, Верхноуральскіде, Орскіде, Николайевск бекетінде, Орынбор бекінісінен құрылатын Торғайда және Орал бекінісінен Ырғызда болу керек.
Комиссия өлкені осылай бөлу арқылы мынадай пайдалы нәтиже күтті.
Бір әкімшілік басшылыққа бағындыру орыстар мен қазақтарды жақындастырады және қазақтардың ішкі аудандарындағы мәселелерді шешуге қолайлы жағдайтуғызады. Қазақ даласының ішкі аудандарында қыстық тұрақты жайлайтын қоныстары болатын, осы қоныстары Орынбор Губерниясының құрамына кетеді және қазақтардың көп бөлігі бекіністер бойына жақындайды.Линияларда орталық және уездік мекемелер: Үкімет жергілікті басқармалардың іс-әрекеттерін бақылауға мүмкіндік алады.
Құрылған облыс және губерния алып жатқан, жер кеңістігі аумағы мен халық тұрғындарының саны жағынан теңеседі.
Басқармаларды құру, ұсынылған штат бойынша патша үкіметінің коммисиясының есебінше төмендегідей қаражатты қажет етті.Дерек бойынша:
Бірінші, Приуральск облысында:
Орталық басқарма ................52,393 р 80 к.
Уездік .....................................46,500 –
Барлығы 98,893р. 80 к.
Екінші, Торғай облысында:
Орталығы ..............................63,344 р. 74 3/4 к.
Уездік ....................................48,400 –
Барлығы .. 111,744 р. 74 3/4 к.
Екі облысқа жалпы шғын ............210,638 р. 54 3/4.
Сол кезде Орынбор қазақтарының облысының әкімшілігін ұстау үшін қазынадан 101,427 рубль 49 көпеек 1/4 қаражат жіберіліп тұрған.Орал казак әскерлернің орнына құрылған азаматтық орталықтандырылған басқару сипатындағы құрылымнан жылына 15,000 рубль қаражатты қысқартып, облыстық басқарманы ұстауға жіберу мүмкіндігін жасау көзделген.Барлығы 116,427 рубль 49 1/4 көпеек қаржыны құраған.
Осылайша,жаңа басқарма қосымша 94, 211 рубль 5 көпеек.1/2 көп. Жылына қосымша қаражат қажет етті. Бұлшығындардың орнын толтыру үшін, комиссия үкіметі Облыстарда күйме салығын өсіру арқылы қаражат көзін көбейтуді ұсынған.
Сол кезде Орынбор қазақтарының күйме салығы”Кибиточный сбор”әр үйден 1 рубль 50 көпеек алып тұрады. Күйме салығынан түсетін қаражат 226, 500 рубльді құраған. Ал, комиссия ұйғарымы бойынша күйме салығын 2 рубль 75 көпеекке өсірсе, кіріс қаражаты 421, 750 рубльді құрайды, яғни 195.250 рубльге өседі; жаңа әкімшілікке жұмсалатын қосымша шығынды есептемегенде, Орынбор даласындағы қайта құрылымдарды өсім 101.039 рубльге дейін өседі.
Приуральск облысымен Троицк губерниясын басқармасын құрғанда жұмсалатын қаражат шығыны. Басқармалардың тұрақты орындарына мекемелерді көшіру шығындарын қоспағанда Приуральск облысындағы: Орталық басқарма шамамен 60, 000 р. Қаражат тұрады. Уездік басқарма 83, 084 рубль 42 көпеек. Барлығы 143, 084 рубль 42 көпеек болатын. Комиссия өз ұсыныстарымен қоса сметалық шығындарын есептеп комиссия үкіметке ұсынған.
Жоғары мәртебелінің әмір бойынша:
1. Орынбор, Сібір облыстарының және Семипалатинскі, сондай - ақ Орал және Сібір қазактарының әскерлерінің жерлерінен төрт облыс құрлысын: Орал, Торғай, Ақмола, Семипалатинск.
2. Орал облысының жерінен Орал казачествосын құруға Орынбор қырғыздарының (қазақтар И.Ө.) облысының батыс бөлігінің орталығынан үлкен емес кеңістік жер алынсын, сол облыстың қалған кеңістігінен.Торғай облысы құрылсын.
3. Торғай облысының басқармасының мекемесі ішкі жаққа көшірілгенше, уақытша Орынборда болсын!
4. Алғашқы екі облыстың бас басқармасына Орынбор өлкесінің бас бастығы, қалдырылсын!
5. Жаңа облыстардың жергілікті басқармасын құруда министрлер камитетінде қаралған негізде және біздер мақұлдаған осы облыстарды басқару жөніндегі, жаңа ережелер мен уақытша лауазымдар кестесі басшылыққа алынсын!
6. Жаңа басқарма мекемелеріндің құрылуымен қатар бұрынғы басқармаларды жойып жаңа тәртіпке сай қайта құру. Жойылған басқармалардың шенеуектеріне жаңа лауазымға тағайындалмағандарына жалпы құқықтық негіздегі штатқа қалуға құқық берілсін.
7.Қазақтардың ішкі ордасының бұрынғы Орынбор генерал- губернаторлығының қарауындағы облыстың басқармаларының жойылуына байланысты Орынбор қазақтары бұрынғы негізде уақытша Торғай облыстық басқармасының қарауына берілсін делінген. Одан әрі “…1868 жылы (Түркістан уалаятындағы қазақтар үшін ) және 1891 жылғы қазақ елін басқаруға арналған заңдар қазақ жерін орыс меншігі жариялап, оған ішкі Ресейден келіп қоныстанушыларға кең жол ашып берді” .