Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет112/151
Дата06.02.2022
өлшемі5,72 Mb.
#32261
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   151
3. Перовскийдің жорығы. 1848-1853 жылдарда Орта Азияны жаулап алуға дайындала отырып, патша өкіметі Орталық Азия аймағында тұңғыш рет Арал теңізінде әскери флотилия құрады. 1847 жылы «Николай» және «Михаил» деген екі мачталы шхуна суға түсірілді, ал 1848 жылы Орынборда «Константин» кемесі жасалып, ол теңізге бөлшектеліп әкелінді де, Райым бекінісінде құрастырылды. 1852-53 жылдарда тапсырыс бойынша Швецияда жасалған «Пероиский» және «Обручев» әскери пароходтары жеткізілді. Екі корабль де 1853 жылы Коқанның Ақмешіт бекінісіне шабуыл жасау мен оны алуға катысты.
Кіші жүзді билеуші, өзіне адал сұлтандардың ордалары да патша өкіметінің даладағы әскери тірек пункттері болды, оларға полициялык кызмет атқару және отбасы мүшелерімен қоса сұлтандардың өздерін күзету үшін офицері бар екі-үш жүз қазақ берілді. Бұл козғалысқа жеңіл казак отрядтары Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің 1825 жылғы 5 және 17 каңтардағы, 1827 жылғы 2 шілдедегі шешімдерімен кұрылды және арнаулы нұсқаулар негізінде қимыл жасады.
Кіші жүздің үш бөлігін билеуші сұлтандардың қарамағында жаз Кезінде 100-200 казак, қыс кезінде бір офицер, бір урядник және 20 казакболды.
Патшалық Ресейдің әскери жағынан күшейгені соншалық, стратегиялық міндеттерді шешуге кірісті. Мәселен, 1839-1840 жылдарда Орынбор генерал-губернаторы Перовский Хиуаны жаулап алу мақсатымен жорық жасады. Экспедициялық корпустың құрамына 2,4,6-шептік Орынбор бтальондары, 1-батальонның екі ротасы, полковник Бизянов командалық ететін 4-Орал қазақ полкі мен әскери старшина Назаровтың 5-Орал қазақ полкі, 1-Орынбор қазақ полкі, сондай-ақ Кіші жүздің батыс бөлігінің билеуші сұлтаны подполковник Баймағамбет Айшуақовтың 250 жігіті енді. Отрядтың артиллериялық қару-жарағы күшті еді, онда: 12фунттық екі шойын және 6 фунттық екі зеңбірек, ат жегілетін 14 пұттық екі және таулы жерге арналған 3 фунттык сегіз жеңіл зеңбірек, 6 фунттық алты мортир, екі шойын фальконет, барлығы 22 зеңбірек, сондай-ақ бірнеше қондырғылы зымырандар болды. Маршруттың жолында алдын ала азық-түлік және жем коры бар Жем және Ақбұлақ бекіністері салынды. Алайда 5 мыңнан астам солдат қатысқан осындай орасан зор әскери шара ұзаққа созылған қысқы жорық жағдайларын білмеу себепті мүлде сәтсіз аяқталды. 1839 жылғы 14 карашада жолға шыққан отряд хиуалықтармен шайқастарға дейін-ақ жол-жөнекей мың солдатынан айырылып, 1840жылғы 14 сәуірде Орынборға қайтуға мәжбүр болды.
4.Қоқан хандығының жойылуы. Хиуаның тізе бүгуі. XІX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның Ресейге бағына қоймаған жерлерін Қоқан феодалдары басып алып, отаршылдық саясат жүргізді. Қоқан ханы Әлімнің (1800-1809) кезінде Сайрам, Шымкент қалалары мен олардың төңірегіндегі біраз жер басып алынса, Әлімнің мирасқоры Омар ханның (1809-1822) кезінде қоқандықтар қазақ хандарының ескі астанасы Түркістан қаласын өздеріне қаратты. Осы кезден олардың Сырдария бойына, солтүстік-батысқа және солтүстік шығыстың Іле аймағына дейінгі қазақ даласының кең байтақ жерін басып алуға ұмтылысы басталады. «1814 жылы өздерінің иеліктерін кеңейту мақсатында қоқандықтар Сырдарияның төменгі ағысына қарай жылжи отырып жергілікті қазақтардың тіршілігіне қол сұғып, олардан зекет, үшір талап ете бастайды» – деп жазды кезінде А.И.Макшеев.
Қоқандықтар Сырдария бойына Жаңақорған, Жөлек, Күмісқорған, Шымқорған, Қосқорған және басқа да бекіністер салды. 1817 жылы Сырдың сол жағында Ақмешіттің құрылысын бастап, келесі жылы оны дарияның оң жағасына көшірді. Сыр бойының қонысына үйренген қазақтар оны тастап кете алмай, Қоқан бектеріне жылына әр киіз үй 6 қой, 24 қап көмір, 4 өгіз теңімен сексеуіл, 1000 бау қамыс төледі, ал диқаншылардан егіннің бөлігі алынды. Сонымен қатар қазақтар мынадай алым-салықтар түрлерін де төледі: ай сайын әр киіз үй бір адамнан, бір аптаға Қоқан бектері мен байларының бау-бақшасын және егістіктерін өңдеу үшін беріп отырды және олар қазақтарды жылына алты рет қамалдағы жұмыстарға салып, атқоралар мен егістік жерлерді тазалауға мәжбүрледі. Қару ұстай алатын әрбір қазақ әскери жорық болған жағдайда жорықтың аяғына дейін қажеттіліктермен қызмет істеу керек болды. Алым-салықтар төлемеген жағдайда қазақ ауылдары талқандалды.
Қоқан хандығының оңтүстік және Сыр бойы қазақтарын бағындырудағы нәтижесі феодалдық әлеуметтік-экономикалық құрылыс үстем етуші феодалдық институттарды кеңейту еді, бірақ патриархалдық-рулық құрылыс та маңызын жоймады.
Қоқан хандығының әлеуметтік-экономикалық қатынасының ықпалымен қазақ қоғамында феодалдану процесі жүрді. Бірақ қазақтардағы қоғамдық қатынастарының сипаты патиархалды-феодалдық негізде қала берді, экономика мен тұрмыста бұрынғы рулық тайпалық дәстүрлер сақталынды. Қазақтардың үй кәсіпшілігі баяу дамыды және дербес қолөнер өндірісі дәрежесіне жетпеді. Сауда формасы болып бұрыннан қалыптасқан тауар-айырбас түрі қала берді. Қазақ қоғамының рулық-тайпалық құрылымы сақтала берді, бірақ туысқандық байланыстар территориялық шаруашылық байланыстарға орын берді. Феодалдық қарым-қатынастармен асқынған рулық тайпалық құрылым рулық-тайпалық күрес формасындағы феодалдық өзара соғыстарды тудырды.
Қоқан хандығы қазақтармен қатынаста тек шаруашылық емес, феодалдық үстемдік пен хандардың деспоттық билігін сақтауға бағытталған әскери отарлау саясатын жүргізді. Сыр бойындағы территориялардағы бекіністердегі қоқандық коменданттар салықтың және әскери-полицейлік қызметтерді атқарды, тек кейбір кездері қазақ феодалдарының жергілікті өзін-өзі басқаруына араласты.
Қоқанға отарлық тәуелділікке тап болған қазақ халқы қатаң феодалдық хандық езгіні бастарынан кешті. Сыртқы қарапайымдылығына қарай салық жүйесі жақсы дамыды.
Барлық шаруашылық процестер мен қоғамның өндіріс өнімдеріне азаматтардың құқықтық талаптарға жылжитын және жылжымайтын мүліктерге салық салынды. Қанаушылық үш формада жүрді: натуралдық, ақшалай, еңбектік. Заңмен бекітілген салықтармен заңдастырылған, дәстүрлі алым-салықтар еңбекшілердің мойнына ілінді, сол уақытта қазақ феодалдары сияқты билік басындағылар салықтық иммунитет пен басқа да жеңілдіктерді пайдаланды.
Сонымен қатар Қоқан хандығының қазақтарды бағындыруы, бірінші кезекте, қауымдардың пайдалануындағы біржақты қазақ ақсүйектерінің иелігінде болған қазақ жерлеріне салық салу арқылы иеленуді көрсетті. Сол уақыттағы қазақтарға Қоқан хандығының үстемдігінің орнауы шаруалардың ғана емес, жергілікті халықтардың да жағдайының өзгеруіне әкеп соқты. Феодалдардың жерді иелену құқығы сақталғанмен меншікке жоғары құқық қазақ феодалдарынан ханға өтіп, рента мен салықтық иммунитет тек хандық билікпен шектелді. Бірақ үстемдік етуші феодалдық таптардың өзінің саясатына сүйенген хандар олармен кірістерін бөлісуге, феодалдарға рентаның бір бөлігін беруге мәжбүр болды. Қоқан хандығындағы қазақ феодалдарының жағдайы табысты болмады. Олардың саясаты әлеуметтік-экономикалық құрылысты өзгертуге және шаруалардың жағдайын жақсартуға бағытталмады, тек хандықтағы саясатқа толық та белсенді қатысу құқығы үшін, өз халқын тонауда көп пайда табу үшін жүргізілді.
Қазақ және өзбек еңбекшілерінің шаруашылық байланыстары бұл екі туысқан халықтардың жақындасуына көмектессе, онда салықтық езгі, қазақ халқын аяусыз тонау оның келешектегі шаруашылықтың дамуын тежеді.
Қазақ қоғамының таптық дифференциясы анық байқалды, бірақ қауым немесе ауыл тұрмысында ол рулық-патриархалды сарқыншақтармен жасырынды. Мұның барлығы еңбекшілердің әлеуметтік наразылығын білдіру формасына ізін қалдырды.
Халықтардың негізгі ашу-ызасы хандық феодалдық деспот пен салық қысымына қарсы бағытталды. Қазақ феодалдары көп ретте халықтардың ашық наразылықтарын пайдаланды. Көтерілісшілердің қозғаушы күші қарапайым халық болғандықтан оның табыстарын бірінші кезекте феодалдар пайдалануға тырысты.
Шаруалардың ұйымдаспаған стихиялы көтерілістері, сол уақыттағы таптық сана-сезімнің әлсіздігі салықтық езгі мен деспотизмнің жойылуына және халықты жеңіліске әкелмеді. Хан әскерлеріне тойтарыс бергенмен еңбекшілер нәтижесінде жеңіліс тауып, көтеріліс басшылығын өз қолдарына алып қойған феодалдар жеңетін.
Сол кездегі халық бұқарасының қозғалысы әлеуметтік жағдайды түбірімен өзгерте алмады және саяси, экономикалық қайта құруға әкеп соқпады. Бірақ күрестердің нәтижесінде әлеуметтік наразылық білдіру тәжірибесі жинақталып, қысымшылық көрген қазақ еңбекшілерінің таптық ынтымақтастығын туғызды.
Қоқан хандығының Оңтүстік Қазақстандағы отарлау саясатын Ресей өз көзімен көре тұрса да, қол астындағы қазақ халқына көмек беруге асықпады, өйткені халықаралық жағдай өте ауыр екенін түсіне отырып, дипломатиялық жолмен шешуді көздеді. ХІХ ғасырдың 50-жылдарына дейінгі аралықта Ресей империясы Қоқан хандығымен сауда-саттық, экономикалық байланысты болса, 50-60 жылдардан кейін Ресей-Қоқан қатынасы әскери-саяси факторларға аяқ басады.
Қоқан хандығындағы ішкі қайшылықтар, әлеуметтік таптық және ұлт-азаттық күрестер Қоқан хандығының құлауына әкеп соқтырды. Қоқан хандығының қанаушылық саясаты Ресей империясының “Шығыс саясатын құтқарушылар” есебінде көрінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет