Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені


Қазақстан тарихының XYIII – XIX ғ.басындағы қазақ деректері



бет55/151
Дата06.02.2022
өлшемі5,72 Mb.
#32261
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   151
2.Қазақстан тарихының XYIII – XIX ғ.басындағы қазақ деректері.А.Байтұрсынұлы тарих ғылымының пәніне; Тарихты қазақша ұлы дерек деуге, әуезе табына жатқанмен, айғақша әуезе деуге болады. Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы- тарих, - деп анықтама береді. Тарихтың атқарар қызметі мен алға қояр міндеті хақында ол; Тарихтың қызметі- бүтін адам баласының, бүтін бір жұрттың, иә бір топтың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту.
«Тарихшылырдың мақсаты,-дейді Ахаң,-уақиғаның уақытын ғана көрсету, яки не түрде болған тысқы сиқын ғана көрсету емес, ол уақиғаның болуына нендей нәрселер, нендей уақиғалар себеп болғанын көрсетіп, ішкі мәнісімен де таныстыру». А.Байтұрсынұлы әуезелерді алты тарауға бөледі:
1) шежіре, 2) заман хат, 3) өмірбаян, 4) мінездеме, 5) тарих, 6) тарихи әңгіме.А.Байтұрсынұлының берген анықтамасы бойынша, бірінші, Шежіре. Шежіре — өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі. Шежіреде уақиғадан гөрі өткендердің түс, туысы көп айтылады. Сондықтан шежіре уақиға сарынымен емес, уақыт, туыс сарынымен айтылатын әуезе табына жатады. Шежіре болған уақиға жайынан сөйлесе, себебін, мәнісін айтпай, тек болғанын айтады да қояды.А.Байтұрсынұлының пікірінше, қазақта жазу болмаған себепті бұрыннан жазылып келген шежіре, түрлі әңгіме жоқ. Бірақ басқа жұрттардың шежірелерінде айтылатын сөздер сияқты әңгімелер қазақта да бар. Орақ - Мамай, Едіге, Кеңесарының Садығы турасындағы ауызда айтылатын тарихи әңгімелердің көбі-ақ өтірік-шыны аралас шежіренің сөздері сияқты.Сондықтан мұндай деректерге сын көзбен қарау қажеттігін алға тартады.
Екінші, Заман хат. Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан, яки өз ішінде болған істерден дерек беруі заман хат деп аталады. Мәдени жұрттың адамында заманында болған көзге түсерлік уақиғаларды, яки өз өмірінде ұшыраған зор істерді жазып, әңгіме ретінде тіркеп отыратын әдет болады. Заман хат шежіредей емес, тәртіпті, жүйелі келеді. Шежірені тек хат білетін адамдар құр тіркей беруге болады. Заман хатты оқымысты адамдар жазады. Сондықтан мұнда құр халық аузыңда әуезе болып жүрген дәлелсіз сөздер жазылмайды. Заман хатта уақиға уақыт сарынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады. Заман хаттағыдеректік негіздей алғанда ескеретін бір кемшіліктігін көрсетеді:
Уақиғаны болған күйінше жазбай, жазушы өз көңілінің күйіне бояп, реңкін өзгертуге ықтимал екендігі. Олай ету уақиғаның дұрыстығына кемшілік келтіреді. Заман хат шынға жақын болу үшін жазушы өз көңілінің күйіне түспейтін, яғни достыққа да, қастыққа да қарамайтын адам боларға тиіс. Ондай адам табиғаттан тысқары адам болмақ. Адам табиғаттан тысқары бола алмағандықтан, заман хаттары көңіл күйінің әсерінен аман бола алмайды. Сонда да тарихқа беретін деректігінің молдығынан заман хат өте кұнды тарихи деректік сөздер есебіне қосылатынын көрсетеді.
Үшінші, Өмірбаян. Біреудің туғаннан бастап, өлгенге шейінгі өмірін жазу иә айту өмірбаян болады. Өмірбаян жазудағы мақсат белгілі болған адамның өмірі қалай басталып, қандай күйде өткенін көрсету.А.Байтұрсынұлы еңбектерінде жеке тарихи тақырыптармен қатар, сол негізгі тақырып желісіне байланысты тарихнамалық, жалпы методологиялық, оның ішінде қазақ халқы тарихын дәуірлеу, зерттеу принціптері мен әдістерінің өзіндік ерекшелік қырлары, тарих ғылымының қалыптасып даму барысы туралы өзекті мәселелер қозғады.
Өмірбаян дерегін белгілі адам турасындағы сипат тарихи құжаттық мәні бар қағаздардан алатынын білетін адамдардың ауызша айтуынан алады. Жазушы өз білетінін жазады. Өмір дерек ылғи сипатты мағлұматтардан құралған сөз болғандықтан, нағыз рас әңгіме болып шығады.Олай болса, өмірбаян шындыққа жақын тарихи дерек болмақ.
Төртінші, Мінездеме. Адамның, елдің, жұрттың, таптың, ұлттың сырын, мінезін танып көрсету мінездеме болады. Мінездеме өмірбаянның да, заман хатының да, тарихтың да ішіне бөлім есебінде кіреді. Мінездеме заманның, дәуірдің халін де мінездеп көрсетеді. Адамды мінездегенде, өмірбаянның бөлімі болып кіреді. Жұртты, ұлтты, заманды мінездегенде, тарихтың бөлімі болып кіреді Сондай-ақ тарихи зерттеу принциптері мен әдістерінің ішкі байланыстылығы, құжаттар мен тарихнамалық ортақ арна- жалпы методологиялық жүйе арасындағы байланыстылық тарихи деректтерді ғылыми негіздер мен принциптер, зерттеудің ақиқаттығы мен құндылық өлшемі туралы қалыптасқан ғылыми қағидалар мен болжамдарды орынды пайдалану қажеттіліктерін тұжырымдаған.
Бесінші, Тарих. А.Байтұрсынұлы тарихшының дүниетанымына, азаматтық ар ожданына,әділдігіне, ғылыми- зерттеушілік мүмкіншілігіне биік талап қойған. Өйткені, Ахаңның ойынша, тарих халықтікі, халық үшін жазылады. Сонымен бірге А.Байтұрсынұлы тарих пен тарихшыларға қандай деректерді және оларды қалайша пайдалану әдісін көрсете келе зерттеушілердің алдына қойылатын талаптарды жаңа қырынан да көрсеткен
Шежіре жазушылар естіген-білгенін сол қалпында, шикі түрінде тізеді.Ал, тарихшылар міндеті хақында А.Байтұрсынұлы: тарихшылар кұр істегенімен қанағаттанбай, рас, өтірігін тексеріп, расын ғана алады.Тарих пәнін Ахаң былайша жіктейді. Тарих беретін дерегінің түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бүкіл адам баласы дүниеде қандай өмір шеккенін сөйлейтін тарих «Жалпы тарих» деп аталады. Адам баласының мәдениет жүзінде жүрген жолдарын баяндайтын тарих «Мәдениет тарихы» деп аталады. Мәдениеттің түрлі тараулары «Тарих тармақтары» деп аталады. Мәселен, шаруа тарихы, өнер тарихы, дін тарихы, даналық тарихы, ғылым тарихы, әдебиет тарихы, тағысын тағы сондай тарихтар.Одан әрі Ахаң ұлттардың тарихын, жалқы тарихтар — түрік-монғол тарихы, қытай тарихы, жапон тарихы және сондай бөлек-бөлек жұрттардың, ұлттардың тарихы деп бөлген.
Алтыншы, Тарихи әңгіме. Тарих жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, уақиғалар турасында сөйлейтін әуезелер тарихи әңгіме деп аталады. Тарихи әңгімені А.Байтұрсынұлы материалистік ұғым мен идеалистік ұғымды коммунистік идеология өкілдері сияқты бір-бірімен қарама-қайшылықта қарамаған және материалистік көз қарастың марксистік-лениндік бірыңғай үстемдігін қабылдамаған. Ол табиғат заңдылығы мен әлеуметтік қоғам заңдылығының байланыстылығы негізінде адам қауымдастығы үшін әлеуметтік жасампаздықтың реттік сәйкестіктегі екі бірдей теңдігі бар, табиғат орталығындағы адам еңбегінің материалдық байлығы мен рухани қазынасы дейді. Бұл тұрғыда А.Байтұрсынұлының рухани болмысты қаншалықты жоғары бағалағанын білеміз. Осы арнада сәйкестік байланыстылықта табиғат пен қоғамдық тіршілік пайымдалып, халық тағдыры ғылыми тарихи жүйеде талданып, ұлт-азаттық күрес жолының сабақтастығы дәлелденген. Егер сұрыптай айтатын болсақ, А.Байтұрсынұлының методологиялық жүйесіне табиғаттағы, қоғамдық тіршіліктегі прогрестік даму, сәйкестік, салыстырмалы талдау, жүйелі тұжырымдау, ғылыми ақиқаттық принциптері тән. Сол себептен де Ахаң тарихты халықтың тағдыр тарихы және ол халық үшін түсінікті де ақиқат болуы шарт деген А. Байтұрсынұлы мұрасынаның, оның ғылыми -зерттеу бағдарламасынан өзіміздің ұлттық төл тарихымыз арнасындағы ізденістерде басты ұстанар қағидамыз оның марксизім-ленинизім теориясының арқауы болған пролитарлық интернационализм принципі және одан өрбіп, оны нығайта түсетін коммунистік партиялық зерттеу шарттары мен әдістері тұрғысындағы сын талдаулары болмақ
Шыныңда да, Ахаң ескерткенде, өмірдің өзі дәлелдегендей, марксистік-лениндік пролитарлық интернационализм қазақ халқын ұлттық әлеуметтік, рухани желіден ағытып, қарама-қарсы екі тапқа бөлді, оның ең зиялы да жасампаз ұлт жанды бөлігін таптық идеологиямен санасы уланған екінші таптың табанымен таптады, көзін жойды. Ағайынды, бауырды өзара қантөгіске итермелеген пролетарлық интернационализм қазақ халқының ұлт-азаттық күресіне зор жастандық жасады, ұлттық рухани дүниеге кінәттар түсірді, қазақ жастарының санасына мәңгүрттік уын құйды. Сөйтіп, ұлтжандылықты ұлтшылдық деп , ұлттық мемлекеттік тәуелсіздікті сепаратизм деп ұлттық тарихи сананы тәлкекке салды. Ал мұндай принципті басшылықа алғанда ұлттың ғылыми төл тарихымызды жазудың ауылы алыс болмақ. Тарихи шындық орнамаған жерде, оның ішінде ғылыми салада да, тарихи зерттеу принципін де, тарихи-салыстырмалық зерттеу әдісін де қолдануға жол жоқ. Өйткені басшылыққа коммунистік паритиялық принципті ұстанған ортада әлеуметтік өмір желісі де, нақты тарихи оқиғалар да, демектемелік қорлар мен басқа мұрағият мәліметтері де партиялық тұрғыда, партиялық нұсқада, сол идеологиялық негізде жазылуы да, қабылдануы да шарт. Бұл коммунистік партиялық принциптің басшылық рөлі міндетін атқаруы, ғылыми ақиқаттың дәлелденуі, социалистік қоғамның мақсатына еңбек етудің үлгісі дәлелі болмақ. Ал партиялық шеңберге сыймаған, оның мақсатына алшақтығы сезілген қандай да болмасын ой-толғау, ұсыныс, тіпті нақтылығы деректемелік, мұрағияттық материалдар ғылыми айналымға жіберілмеді, шеттетілді. Әрқашан таза партиялық, бірыңғай саясаттанған тапсырмалар орындалып отыр.
А.Байтұрсынұлының рухани мұрасында ұлттық төл тарихымыздың ең күрделі мәселелері, оның ішінде ұлт-азаттық күресінің бастауы, мән-мағынасы, түпкі мақсаты, өрлеу кезеңдері халықтың тарихи арнасында жан-жақты зерделенген, сонымен бірге, қазақ халқының отандық атамекенінің қалыптасуы, осы жер шебінің бұзылмауы үшін жан пида күресі қазақ мемлекеттігінің іргетасының қалануы, құрылымдық нығаю барысы, ішкі және сыртқы саясат өрісі, қазақ қауымының әлеуметтік құрылымы, жер, шаруашылық, рухани болмыс салалары ғылыми негізде ауқымды да терең қаралған. Жоғарыда ықшамдай тұжырымдаған және біз бұл жылы сөз етпеген Ақан еңбектеріне арқау болған тақырыптар, сөз, жоқ ұлттық төл тарихымыздың да күрделі мәселелері.
Ахаңның: «Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін, Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын, Ел бүгіншілік, менікі, ертеңгі үшін»,-деген зор сеніміне, асқақ арманынан, қазақ елінің тәуелсіздігіне бүгінгі ұрпақ біз жетіп отырмыз. Ендеше алдағы мақсат-ұлы бабамыздың асыл мұрасын зерттеуге, зерделеуге жасампаздықпен жұмылу болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет